«Astana Oil Сompany» жшс-нің «2014-ші және 2018-ші жылдар аралығына арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жоспарларын» қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаудың хаттамасы



Дата17.06.2018
өлшемі36 Kb.
#42607
«Astana Oil Сompany» ЖШС-нің «2014-ші және 2018і жылдар аралығына арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жоспарларын» қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаудың

ХАТТАМАСЫ

Құлсары қаласы. Өтетін уақыты: 15-00 сағат. 08 тамыз 2014жыл.

Өтетін орны: Атырау облысы, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласының Өндіріс зонасындағы, «Ғимарат» ЖШС-нің отырыс залы.

Қоғамдық тыңдауды өткізу Атырау газеті (қазақша) №79 (19762) 15 шілде 2014 жыл және Прикаспийская коммуна газеті (орысша)№79 (19700) 15 шілде 2014 жылғы басылымдарында жарияланып, жұртшылықтың мәліметіне жеткізілген.

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:


  1. Қоғамдық тыңдауды ашу.

  2. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен қоғамдық тыңдаудың хатшысын сайлау.

  3. «Astana Oil Сompany» ЖШС-нің «2014-ші және 2018-ші жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарлары» туралы баяндама.

  4. Баяндаманы талқылау, пікірталас.

  5. Қоғамдық тыңдаудың қортындысы бойынша шешім (қаулы) қабылдау. Қоғамдық тыңдауды жабу. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасына қол қою.

Қоғамдық тыңдауды Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі Ізбасов Мақсым мырза ашып, Қоғамдық тыңдаудың төрағасына осы мекеменің Бас директоры Балжігітов Қайыржанды сайлауын, хатшы орнына Хамеденова Райханды ұсынды.

Егерде қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысы жөнінде басқа да ұсыныстар болмаса, төраға мен хатшыны сайлауға дауыс берулеріңізді өтінемін.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Бұдан кейін қоғамдық тыңдаудың төрағасы күн тәртібін бекітуді ұсынды:



  • «Astana Oil Сompany» ЖШС-нің «2014-ші және 2018-ші жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарлары» туралы баяндамашы «Эко Аналитик» ҒӨО ЖШС-нің жобаларды жасау инженері Көптілеуова Гүлсара.

  • Баяндаманы талқылау, пікірталас.

  • Қоғамдық тыңдаудың шешімін қабылдау, хаттамаға қол қою.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Бұдан кейін қоғамдық тыңдаудың төрағасы Балжігітов Қайыржан баяндамашыға сөз сөйлеуге рұқсат берді.

Баяндамашы Көптілеуова Гүлсара ханым «Astana Oil Company» ЖШС-нің «2014-ші және 2018-ші жылдар аралығына арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шара жоспарлары» туралы баяндады.

«Astana Oil Сompany» ЖШС-гі үшін «2014-ші және 2018-ші жылдар аралығына арналған Қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шара жоспарларын «Эко Аналитик» ҒӨО ЖШС-нің мамандары әзірлеген. Бұндай жобаларды жасау үшін «Эко Аналитик» ҒӨО ЖШС-гі Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары Министрлігінің берілген тиісті лицензиясымен жұмыс жасайтыны айтылды.



Баяндамаларды талқылау барысында мынандай сұрақтар қойылды:

  1. «Astana Oil Company» ЖШС-нің бүгінгі жоспары.

  2. «Astana Oil Company» ЖШС-нің ауданға тигізетін көмегі.

  3. Мұнай өндіру кезіндегі жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.

Қоғамдық тыңдаудың қортындысы қабылданды:

  1. «Astana Oil Company» ЖШС-нің «2014-ші және 2018-ші жылдар аралығына арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы жоспарларымен» келісу.

  2. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасына қол қою.

Шешімдер бір ауыздан қабылданды.


Қоғамдық тыңдаудың төрағасы Қ. Балжігітов.
Қоғамдық тыңдаудың хатшысы Р. Хамеденова.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет