Астрахан №1 орта мектебі Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу тәсілдері
Дата 10.06.2017 өлшемі 13,09 Kb. #18942
Математика пәнінің мұғалімі Өмірзақ Алмагүл Қаршығақызы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың квадрат теңдеу , келтірілген квадрат теңдеу, биквадрат теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту, алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызуғышылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі “Көтеріңкі көңіл күй”-атты тренинг II. Ой қозғау III. “Графикалық диктант” IV. Кім жылдам? V. Өзіндік жұмыс VI. Қорытындылау (Өзіңді тексер) VII. Үйге тапсырма VIII. Бағалау Берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарыңа бүгінгі сабақта не тілейсің? Берілген қасиеттер: Өмірге риза болу Әділдік Ұқыптылық Ашықтық Кеңпейілділік Шыншылдық Өзбетінділік Өзіне сенімділік Ұжымдық Ақылдылық Қарапайымдылық Сапалылық Бауырмалдық Тіл табысушылық Сыпайылылық Батылдық Төзімділік Тұрақтылық Сабырлық Еңбекқорлық ІІ. Ой қозғау. (Теориялық білімдерін саралау) Өткен тақырыптар бойынша теориялық материалды қайталау үшін әр топ берілген тапсырмаларды орындау керек . Тапсырманың жауабын кластер түрінде көрсету керек. І топ - Толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. ІІ топ - Толымсыз квадрат теудеуді шешу тәсілдері. ІІІ топ - Келтірілген квадрат теңдеу. Виет теоремасы. Әр тапсырма 1 ұпайдан барлығы 9 ұпай дұрыс жауабы бұрыс жауабы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Бір тал кессең, он тал ек. Мақал – мәтелдер айтылады. Оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері, яғни Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құру керек. (Әр теңдеуге 3 ұпай) Қате жоқ – 5 ұпай 1 – 2 қате – 4 ұпай 3 – 4 қате – 3 ұпай Коэффициенттері қосындысы а + в + с
3 балл – өз күшіммен орындадым 2 балл – жолдасымның көмегіне жүгіндім 1 балл – қинала отырып орындадым 0 балл – қолымнан келмейді Өте тамаша! Жарайсың! 15-12 ұпай Тарауды толық меңгеріп, сабаққа сараптама жасай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өзіндік ойы бар оқушы. Тамаша! Алға! 11-8 ұпай Тарауды толық меңгерген. Есеп шығара алатын оқушы. Ойлану керек! Қалма! 7-3 ұпай Әлі де дайындалуды қажет ететін оқушы. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Достарыңызбен бөлісу: