ӘӨЖ 548. 11-24
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫН ТИІМДІЛІГІ
БЕЙСЕНБАЕВА А.А.
Мақалада ағылшын тілін үйретуде ойын пайдаланудың ерекшіліктері қарастырылған. Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Кілт сөздер: ойын, элементтер, фонетика, лексика, орфография, грамматика, психология, лингвистика.
Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Оқудың алғашқы кезеңінде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін. Мұғаліммен бірге оқушы да ойынның шартын меңгеруі тиіс. Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс – әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойын – ол балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс –әрекеті; қызықтыра отырып үйрету; әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі; баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мақсаттар қойып пайдалану керек: алфавитті және лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойын түрлерін қолдану арқылы жаңа тақырыпты жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданамын: алфавитті дұрыс меңгерту, дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру, лексиканы меңгерту, грамматикалық құрылымдарды меңгерту, оқушының ойын дамыту, дұрыс айту, жазу оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының ағылшын тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге, оның тілін білуге қызығады.
Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері танымдық мақсатты көздей отырып оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларында заттың түріне қызығушылық басым болады. Жасөспірім оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық мәнде ұйымдастыру пайдалы. Жоғары сынып оқушыларына ойын түрлері шығармашылық мәнде, мақсатты жүргізіледі.Мұғалім сабақта ойын түрлерін пайдаланғанда адамның психологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударуы тиіс.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіреді, ол кәсіби бағытты нақты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені ол оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті шығармашыл, белсенді оқушыларды да тәрбиелеуге септігін тигізеді. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады: оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады; қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады; оқушы белсенділігі артады; материалды меңгеруге түрткі болады.
Қорыта келгенде, оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Оқушылардың өздері оқып жүрген пәндерге қызығушылықтары төмендейді. Оқушылардың әр уақытта жаңадан білім алуға ынтасын арттыру жолында ойын түрлері бұл жағдайларды болдырмайды. Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай - ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысында жеке оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады. Ойын – балаларды жан - жақты тәрбиелеудің, жеке ерекшелігін зерттеудің құралы. Ойын – баланың сезім мектебі, баланың өмірін ұйымдастырудың белсенді түрі.
ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан мемлекеті №3 2007ж 59 бет
Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж 21 бет
Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обучения иностранного языка в средней школе» Москва 1998г 162 бет
Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж 6 бет
Шетел тілін оқыту әдістемесі №4 2008ж 27 бет
Мектептегі шет тілі №3 2006ж 44 бет
Иностранные языки в школе Москва 2000г 79 бет
Т.А.Китайгорская «Методические основы интенсивного обучения иностранным языком» Москва 1986г 78 бет
БЕЙСЕНБАЕВА А.А. ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ИГРОВЫХ ЭЛЕМЕНТОВ НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА.
В статье рассматриваются особенности использования игровых элементов при обучении английскому языку. Игра – это метод, поднимающий настроение человека, не смотря на возрастные особенности. Игра - это метод, способствующий развитию таких качеств, как терпение, аккуратность, творчество, деловитость, расширяет мировозрение.
Ключевые слова: игра, элементы, фонетика, лексика, орфография, грамматика, психология, лингвистика.
BEISENBAYEVA A.A. THE EFFECTIVENESS OF THE USAGE OF GAME ELEMENTS IN TEACHING ENGLISH.
This article deals with the peculiarity of usage of game elements in teaching English. Games increase the people’ s mood . Games develop such abilities as tolerant, creativity, accuracy, efficiency.
Key-words: game, elements, phonetics, orphography, grammatics, psychology, liquistics.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫН ТИІМДІЛІГІ
БЕЙСЕНБАЕВА А.А. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының “Шетел тілдері” кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Оқу ісінің Үздігі.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫН ТИІМДІЛІГІ
БЕЙСЕНБАЕВА А.А. Старший преподаватель кафедры инностранных языков Южно-Казахстанского государственного педагогического института, Отличник Образования РК.
BEISENBAYEVA A.A. THE EFFECTIVENESS OF THE USAGE OF GAME ELEMENTS IN TEACHING ENGLISH.
Senior teacher of the department of foreign languages of the South-Kazakhstan state pedagogical Institute.
Достарыңызбен бөлісу: |