Астрахан № 2 орта мектебінің Қазақстан Республикасы халқының
тілдері онкүндігіне байланысты ақпарат
Жоспар бойынша Астрахан №2 орта мектебінде 5– қыркүйекпен 15 -қыркүйек аралығындағы Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған онкүндігі өтіп жатыр. Осыған орай мектепке дейінгі дайындық, бастауыш сынып және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері мен оқушылары белсенді қатысты.
Осының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін бес іс – шара тамашаланды.
9 қыркүйек күні мектепке дейінгі дайындық мұғалімі Кусаинова Г.Қ 0«В» сынып оқушыларымен бірге «Сәлем-сөздің анасы» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырды.. Сабақтың мақсаты: Отанға, ана тіліне деген патриоттық сезімдерін ұялату , бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастыру.Сабақтың барысында оқушылар ұлттық ойындармен қонақтарды қызықтырып, ойнады. Ойын оқушыларға өте ұнады. Ұстаздың мықты дайындығы байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: |