Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 2. Өнеркәсіпте металдар алудың әдістері



бет27/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Жұмыс 2. Өнеркәсіпте металдар алудың әдістері
І нұсқа

  1. Жоспар бойынша шөгеннің өндірілуін жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар. Шөгеннің қолдану облысын атаңдар

  2. 6 г. құрышты сымды оттегінде жандырды. Одан 0,1 г. көміртегі ( ІV) оксиді түзілді. Құрышты көміртегінің масалық үлесі қандай?

ІІ нұсқа



  1. Құрыштың оттекті-конверторлы әдісімен жоспар бойынша өндірудің әдістерін жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар. Құрыштың қолдану облысын атаңдар

  2. 0,4% қоспасы бар, 50 т. алюминий оксидін электролиздеген кезде алюминийдің қанша массасын алуға болады?

ІІІ нұсқа

  1. Жоспар бойынша алюминийді өндірудің технологиясын жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар. Алюминийді қолдану облысын атаңдар

  2. 5 г. көміртегімен темірдің құймасының үлгісін күкірт қышқылының ерітіндісінде артық мөлшерінде ерітті. Реакция аяқталған соң бөлінген сутектің көлемі 1,96 л. құрады. Құймадағы темірдің масалық үлесін есептеңдер.



ІV нұсқа

  1. Құрышты өндіруді мартен әдісімен жоспар бойынша әдісті жазыңдар: А) шикізат; Б) өндіру үшін аппараттың құралдары; В) өндіру кезінде жүретін негізгі химиялық реакциялар.

  2. Шөген құрамында темір карбиді Fe2С сияқты көміртегі бар. Көміртегінің шөгендегі массалық үлесі 3,6%. Шөгендегі темір карбидінің масалық үлесін есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет