Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 4. Сілтілік және сілтілік жер металдар



бет23/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Жұмыс 4. Сілтілік және сілтілік жер металдар
І нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Са→ CаO→Сa CO3 →Сa (HCO3 )2

  1. Сілтілік металдар бейметалдармен әрекеттескен кезде тотығу және тотықсыздану қасиетін көрсете ме? Жауапты дәлелдейтін екі реакция теңдеуін жазыңдар

  2. 20 г. калий гидроксидіне 25 г. азот қышқылы бар ерітіндіні әсер етті. Қанша масса тұз түзілді?


ІІ нұсқа

  1. Әрекеттесетін реакция теңдеулерін жазыңдар: А) натрийдің күкіртпен; Б) кальцийдің хлормен; В) литийдің сумен

  2. Неге әк суы ауада лайланады, ал калий гидроксидінің тұзы – жоқ? Барий гидроксидінің ерітіндісі ауада көп тұрса лайланады ма? Жауабын сәйкес келетін реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  3. 8% қоспасы бар, 1 кг. әктасты күйдірген кезде қанша масса кальций оксидін алуға болады?



ІІІ нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Na→ NaОН→Na HCO3→ Na2 SO4

  1. Судың кермектілігі деген не және сендерге олардың қандай түрлері белгілі? Оны жойдыратын екі реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. 11,5 г. натрийге 78 г. су әсер етті.Түзілген натрий гидроксидінің массасын есептеңдер



ІVнұсқа

  1. Көрсетілген заттардың қайсысында натрий гидроксиді әсер етеді: тұз қышқылы, магний оксиді, кальций гидроксиді; көміртегі (ІV) оксиді, күкірт қышқылы? Орындалатын реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. Мәрмәр мен су сенде бар болса, онда әк суын қалай дайындайды? Реакция теңдеулерін жазыңдар

  3. 6,9 г. натрий сумен әрекеттескен кезде (қ.ж.) 3 л. сутегі алынды. Газ шығынының көлемдік үлесін есептеңдер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет