Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 5. ІV тақырып бойынша қорытындылау



бет19/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Жұмыс 5. ІV тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа

  1. Көміртегі (ІV) оксиді мен кремний (ІV) оксидіне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Төменде көрсетілген заттардың қайсысымен көміртегі (ІІ) оксидін көмірқышқыл газының қоспасынан тазартуға болады: фосфор (V) оксиді, әк суы, күкірт қышқылының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі? Болатын реакция теңдеуін жазыңдар

  3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaCO3→ Ca CO3→CO2→ Ca(HCO3)2→CO2

  1. 6% қоспасы бар, 400 г. кальций карбонатын ыдыратқан кезде (қ.ж.) қанша көлем көміртегі (ІV) оксидін алуға болады?



ІІ нұсқа

  1. Кремний және көмірқышқылдарына салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Ерітіндіде тұздар бар: натрий хлориді, калий сульфаты, кальций нитраты және магний сульфаты. Оған калий карбонатын құйды. Ақ тұнба түсті. Бұл тұнба нені көрсетеді? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар

  3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CO2→ Na2 CO3→ Na HCO3 →CO2→ CaCO3

  1. 3% қоспасы бар, 30 г. кремний (ІV) оксидін магниймен тотықсыздандырған кезде қанша масса кремний түзілді?


ІІІ нұсқа

  1. Кристалды кремний мен графитке салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Бір пробиркада натрий карбонатының ерітіндісі, екіншісінде – натрий сульфатының ерітіндісі берілген. Әр пробиркаға барий хлоридінің ерітіндісін қосты. Екі жағдайда да ақ түсті, суда ерімейтін тұнба түзілді. Қай пробиркада натрий карбонатының ерітіндісі бар екенін көрсетіңдер? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CO2→ Сa2 CO3→ Сa (HCO3 )2 → CaCO3→CO2

  1. Артық мөлшердегі азот қышқылы 3% қоспасы бар, 20 г. кремний карбонатымен әрекеттескен кезде (қ.ж.) қанша көлем көміртегі (ІV) оксидін алуға болады?


ІVнұсқа

  1. Көміртегі (ІІ) оксиді мен көміртегі (ІV) оксидіне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер



  1. Үш номерленген пробиркаларда калий сульфаты, натрий силикаты және натрий карбонатының ерітінділері бар. Қандай бір зат арқылы әр пробиркадағы қосылысты анықтауға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

SiO2 →К2 SiO3→ Н2 SiO3 → SiO2 →Si

  1. 5% қоспасы бар, 60 г. кремний жанған кезде қанша масса кремний (ІV) оксиді түзілуі керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет