Химия
|
Күні 20.02.2016
|
Сабақ №
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу
|
Мақсаты
|
Табиғатта таза заттар кездеспейтіндігін ескере отырып, қоспадағы таза заттың массасын есептеу жодарын үйрету
|
Жұмыс нәтижесі
|
Қоспадағы зат массасын есептеу дағдылары қалыптасады
|
Сілтеме
|
1. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /Ә.Н. Нұрахметов , К.Жексембина, Н.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманова Алматы: «Мектеп» баспасы 2013.
2. Химия. Әдістемелік нұсқау/ К.Жексембина, Ә.Н.Нұрахметов. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2013.
|
Негізгі идеясы
|
Пәнге танымдық қызығушылықтарын арттыру
|
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
|
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: СКТ, танымдық тапсырмалар.
Оқуды және оқыту үшін бағалау: бағдаршам, қол шапалақтау, смайликтер;
АКТ-ны қолдану: электронды оқулық, таныстырылым жасау, зертханалық жұмыс.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс.
|
Ресурстар
|
компьютер, проектор, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы
|
Сабақтың өтілетін уақыты
|
45 минут
|
Сабақ жоспары
|
1. Ұйымдастыру: жағымды психологиялық көңіл-күй орнату. Бейнежазба арқылы сергіту.
2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
3. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
4. Үйге тапсырма
|
Үйге тапсырма
|
Сандық есептер №3 Е.Ж бойынша қосымша тапсырмалар
|
№47 Сабақтың барысы: Химия 9 сынып
Ойлауды Блум
бойынша жіктеу
|
Мақсат
|
Тапсырма түрі.
Түрткілер.
|
Нәтиже
|
Бағалау
|
критерийлер
|
дескриптор
|
Ұпай
|
Жиынтық баға
|
Білу
|
Үй тапсырмасы: Өткен сабақ бойынша білім-біліктерін қайталау
|
«Миға шабуыл»
Үй тапсырмасы бойынша «ыстық орындық»
|
Ыстық орындық сұрақтарына жауап беру арқылы өткен сабақ бойынша білім біліктерін жаңғыртады
|
Білім көлемін зерделеу
|
Қалыптасқан білімдерін толық көрсетеді
|
3
|
|
Қалыптасқан білімдерін көрсетеді
|
2
|
Қалыптасқан білімдерін толық көрсете алмайды
|
1
|
Түсіну
|
Оқулық мәтінін игерту. СКТ әдісі арқылы
|
СКТ әдісі арқылы құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу сандық есебінің алгоритмін құрады
|
Тақырып бойынша СКТ талқылау жүргізеді. Алгоритм құрады, қағаз бетіне түсіреді, постер қорғайды
|
Топтық жұмыстың ұйымдасты
рылуы
|
Топтық жұмыс толық ұйымдастырылды
|
3
|
|
Топтық жұмыс ұйымдастырылды
|
2
|
Топтық жұмыс толық ұйымдастырылмады
|
1
|
Қолдану
|
Алған білімдерін тапсырма орындауда қолдану
|
Деңгейлік есептер
«Тауға көтерілу» стратегиясы:
1-саты:
№11-38. Құрамында 12 % қоспасы бар 2 т әктасты қыздырғанда түзілетін көміртек (IV) оксидінің массасын есептеңдер
2-саты:
№11-49. Төмендегі реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:
C+O2= CO2 +393кДж
Құрамында 20% жанбайтын қоспасы бар 4 кг көмір жанғанда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер.
3-саты:
№11-51. Алюминий мен мыстың массасы 12г қоспасына тұз қышқылымен әсер еткенде 7,4л (қ.ж) сутек бөлінді. Қоспа құрамындағы әр металдың массалық үлесін табыңдар.
|
Ұғымдар мен алынған білімді жаңа жағдайларда қолданады.Деңгейлік есептерді шығару арқылы «Тауға көтерілу» стагетиясын қолдана отырып, мақсатқа жету бағытында жұмыс жасайды. Практикалық дағдысын қалыптастырады.
|
Білімді тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыру
|
Қалыптасқан
|
3
|
|
Толық емес
|
2
|
Қиын
|
1
|
Талдау
|
Білімді жүйелеу
|
Кері есеп құрастыру.
|
Тақырыпқа сай білімдерін жүйелей отырып, кері есептер құрастырады
|
Жағдаяттан шыға білу құзыреті
|
Толық шықты
|
3
|
|
Қиналды
|
2
|
Шаға алмады
|
1
|
Жинақтау
|
Білімді тұжырымдау.
|
Ертегі – шығармашылық ой туындысы. Тақырыпқа сай ертегі жазу
|
Өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
|
Шығармашы лық деңгейі
|
Жоғары қалыптасқан
|
3
|
|
қалыптасқан
|
2
|
төмен
|
1
|
Бағалау
|
Ойын жинақтауға баулу
|
Проблемалық сұрақ.
Бүгінгі есептеу түрлерін өмірде қолдана аламыз ба, болса қандай жағдайларда?
|
Ойларын еркін, нақты білдіре біледі
|
Ой жинақылығы деңгейі
|
Креативті
|
3
|
|
Ойы жүйелі, тың ойлы емес
|
2
|
Жалпыға ортақ ой
|
1
|
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
9-сынып
Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Берілгені:
m (әктас) = 400 г
V (CO2) = 78,4 л
Т/к ω(қоспа)
Жауабы: 0,125 немесе 12,5% .
Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі 1,344 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий карбонатының массалық үлесін есептеңіздер.
Берілгені:
m (қоспа) = 7 г
V (CO2) = 1,344 л
(қ.ж.)
Т/к ω (Na2CO3)
ω (К2CO3)
Шешуі:
Есепті тексеру. Әрбір карбонат күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының көлемін сәйкес теңдеулер бойынша есептеп алып, көмірқышқыл газының жалпы көлемін табамыз:
1) Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2á + H2O
1моль 1моль
Реакция теңдеуі бойынша:
106 г Na2CO3 әрекеттескенде 22,4 л CO2бөлінсе, 4,24 г Na2CO3 әрекеттескенде у 1 л CO2 бөлінеді.
4,24 •22,4
у1 = –––––––––––– = 0,896 л
106
2) K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2á + H2O 1моль 1моль
Реакция теңдеуі бойынша:
138 г К2CO3 әрекеттескенде 22,4 л CO2бөлінсе, 2,76 г К2CO3 әрекеттескенде у 2 л CO2 бөлінеді.
2,76 •22,4
у2 = –––––––––––– = 0,448 л
138
3) у = у 1 + у 2 = 0,896 + 0,448 = 1,344 л Нәтиже есептің шартында берілген газдың көлеміне сәйкес келеді.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 60,57 % ,
ω (К2CO3) - 39,43 %.
ЕСЕПТЕР
1) Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: 36 %.
2) Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы бөлінетінін есептеңіздер.
Жауабы: 22,4 л.
3) Көлемі 67,2 л ( қ.ж.) метан алу үшін жұмсалатын құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 37,1 г.
4) Көлемі 10 л этан мен этиленнің қоспасының құрамындағы этиленнің массалық үлесі 28 % . Бром суындағы бромның массалық үлесі 3,2 % . Этан мен этиленнің қоспасымен әрекеттесу үшін жұмсалатын бром суының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 625 г.
5) Натрий карбонаты мен калий карбонатының 10 г қоспасы суда ерітіліп, оған артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен әсер етілді. Реакция нәтижесінде бөлінген газ натрий пероксидінің ерітіндісі арқылы өткізілді. Нәтижесінде бөлінген оттек көлемі 1,9 л (қ.ж.) сутек газын жағуға жеткілікті болды. Реакция теңдеуін жазып, қоспаның құрамын (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 56,5 % ,
ω (К2CO3) - 43,5 %.
6) Массасы 1,8 г натрий хлориді мен натрий иодидінің қоспасы суда ерітілді. Ерітінді арқылы хлордың артық мөлшері өткізілгеннен кейін, натрий хлоридінің массасы 1,3 граммға тең болды. Бастапқыда алынған қоспа құрамындағы натрий иодидінің массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω (Na І) - 45,6 %.
7) Құрамында фенол мен сірке қышқылы бар қоспаны нейтралдау үшін 20 %-қ 23,4 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,1 г/мл) жұмсалды. Бастапқыда алынған қоспа бром суымен әрекеттескенде массасы 16,55 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын ( г) анықтаңыздар.
Жауабы: фенол 4,7 г, сірке қышқылы 28,6 г.
8) Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің 31,9 г қоспасы сутегімен тотықсыздандырылды. Реакция нәтижесінде массасы 9 г су түзілді. Қоспадағы металдардың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: Сu - 22 %, Fe -78 % .
9) Жабық ыдыста көлемі 1,5 л (қ.ж.) күкіртсутек пен артық мөлшерде алынған оттектен тұратын қоспаны жақты. Реакция өнімі көлемі 49,2 см³ суда ерітіліп, нәтижесінде 1,64 % -қ қышқыл ерітіндісі алынды. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (л) анықтаңыздар.
Жауабы: Н2S - 0,22 л, O2 -1,28 л.
10) Темір мен күкірт ұнтағынан тұратын қоспа қыздырылып,тұз қышқылының ерітіндісінде толық ерітілді. Реакция нәтижесінде (қ.ж.) бөлінген 4,48 л газ қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісі арқылы өткізілгенде массасы 23,9 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: Fe - 11,2 г, S -3,2 г.
11) Массасы 16 г калий хлориді мен натрий хлоридінің қоспасын артық мөлшерде алынған концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдегенде көлемі 5,6 л хлорсутек газы түзілді. Қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: KCІ -7 г, NaCІ - 9 г.
12) Күкірт қышқылы мен азот қышқылының қоспасынан тұратын массасы 630 г ерітіндіге барий хлоридінің артық мөлшерін қосқанда массасы 46,6 г тұнба түзілді.Түзілген тұнбаны бөліп алғаннан кейін қалған қышқыл ерітіндісін нейтралдау үшін 40 % -қ 100 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,4 г/мл) жұмсалды. Бастапқы ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6
Химия
|
Күні 20.02.2016 ж.
|
Сабақ №
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу
|
Мақсаты
|
Табиғатта таза заттар кездеспейтіндігін ескере отырып, қоспадағы таза заттың массасын есептеу жодарын үйрету
|
Жұмыс нәтижесі
|
Қоспадағы зат массасын есептеу дағдылары қалыптасады
|
Сілтеме
|
1. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /Ә.Н. Нұрахметов , К.Жексембина, Н.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманова Алматы: «Мектеп» баспасы 2013.
2. Химия. Әдістемелік нұсқау/ К.Жексембина, Ә.Н.Нұрахметов. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2013.
|
Негізгі идеясы
|
Пәнге танымдық қызығушылықтарын арттыру
|
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
|
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: СКТ, танымдық тапсырмалар.
Оқуды және оқыту үшін бағалау: бағдаршам, қол шапалақтау, смайликтер;
АКТ-ны қолдану: электронды оқулық, таныстырылым жасау, зертханалық жұмыс.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс.
|
Ресурстар
|
компьютер, проектор, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы
|
Сабақ жоспары
|
1. Ұйымдастыру: жағымды психологиялық көңіл-күй орнату. Бейнежазба арқылы сергіту.
2. Сабақ барысы:
3. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
4. Үйге тапсырма
|
Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Берілгені:
m (әктас) = 400 г
V (CO2) = 78,4 л
Т/к ω(қоспа)
Шешуі:
1) Реакция теңдеуін жазып,кальций карбонатының молярлық массасын есептейміз:
CaCO3 = CaO + CO2↑
1моль 1моль
М (СаCO3) = 40 +12+16•3 = 100 г/моль
2) Көмірқышқыл газының зат мөлшері арқылы реакцияға түскен заттың зат мөлшерін табамыз:
V 78,4 л
= ––––– ; (CO2) = ––––––––––––– = 3,5 моль
Vm 22,4 л/моль
(CO2) =(СаCO3) = 3,5 моль 3) Зат мөлшері бойынша кальций карбонатының массасын табамыз: m (CaCO3) = 3,5 моль •100 г/моль = 350 г 4) Әктастың құрамындағы қоспаның массасын анықтаймыз: 400 г – 350 г = 50 г 5) Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін есептейміз:
50 г
ω = –––––– = 0,125 ( немесе 12,5 %)
400 г
Жауабы: 0,125 немесе 12,5% .
Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі 1,344 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий карбонатының массалық үлесін есептеңіздер.
Берілгені:
m (қоспа) = 7 г
V (CO2) = 1,344 л
(қ.ж.)
Т/к ω (Na2CO3)
ω (К2CO3)
Шешуі:
1) Реакция теңдеуін жазып,есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:
Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O 1моль 1моль
K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2↑ + H2O 1моль 1моль
М (Na2CO3) = 23•2+12+16•3 = 106 г/моль М (К2CO3) = 39•2+12+16•3 = 138 г/моль 2) Қоспадағы натрий карбонатының массасын х г деп белгілесек,қоспадағы калий карбонатының массасы (7-х) грамға тең болады. Яғни,
m(Na2CO3) = х г m(К2CO3) = (7- х) г Натрий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемін у л деп белгілесек, ал калий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газ көлемі (1,344 - у) литрге тең болады: V1= у V2 = (1,344 - у) л 3) Реакция теңдеулеріндегі сәйкес заттардың формуласының үстіне белгіленген мәндерді қоямыз: х г у л Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O (1)
(7-х)г (1,344-у)л K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2 ↑+ H2O х у
––––––– = –––––– (1)
106 22,4
(7 - х)
––––––– = ( 1,344 - у) (2)
138
Бірінші теңдеуде у-ті х арқылы өрнектейміз:
22,4•х
у = –––––––– (3)
106
22,4 • х
(1,344 - ––––––––– ) •138 = 22,4 •(7 - х) (4)
106 Теңдеуден х-тің мәнін табамыз: 185,472 - 29,16•х = 156,8 - 22,4•х 6,76•х = 28,672 х = 4,24 m (Na2CO3) = 4,24 г m (К2CO3) = 7 – 4,24 = 2,76 г
6) Карбонаттардың массалық үлестерін формула бойынша есептейміз:
m (Na2CO3 ) 4,24 г
ω (Na2CO3) = –––––––––––– = ––––––––– = 0,6057 ( немесе 60,57 %)
m (қоспа) 7 г
m (К2CO3 ) 2,76 г
ω (К2CO3) = –––––––––––– = ––––––––– = 0, 3943 ( немесе 39,43 %)
m (қоспа) 7 г
Есепті тексеру. Әрбір карбонат күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының көлемін сәйкес теңдеулер бойынша есептеп алып, көмірқышқыл газының жалпы көлемін табамыз:
1) Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2 + H2O
1моль 1моль
Реакция теңдеуі бойынша:
106 г Na2CO3 әрекеттескенде 22,4 л CO2 бөлінсе, 4,24 г Na2CO3 әрекеттескенде у 1 л CO2 бөлінеді.
4,24 •22,4
у1 = –––––––––––– = 0,896 л
106
2) K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2 + H2O 1моль 1моль
Реакция теңдеуі бойынша:
138 г К2CO3 әрекеттескенде 22,4 л CO2 бөлінсе, 2,76 г К2CO3 әрекеттескенде у 2 л CO2 бөлінеді.
2,76 •22,4
у2 = –––––––––––– = 0,448 л
138
3) у = у 1 + у 2 = 0,896 + 0,448 = 1,344 л Нәтиже есептің шартында берілген газдың көлеміне сәйкес келеді.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 60,57 % ,
ω (К2CO3) - 39,43 %.
ЕСЕПТЕР
1) Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: 36 %.
2) Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы бөлінетінін есептеңіздер.
Жауабы: 22,4 л.
3) Көлемі 67,2 л ( қ.ж.) метан алу үшін жұмсалатын құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 37,1 г.
4) Натрий карбонаты мен калий карбонатының 10 г қоспасы суда ерітіліп, оған артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен әсер етілді. Реакция нәтижесінде бөлінген газ натрий пероксидінің ерітіндісі арқылы өткізілді. Нәтижесінде бөлінген оттек көлемі 1,9 л (қ.ж.) сутек газын жағуға жеткілікті болды. Реакция теңдеуін жазып, қоспаның құрамын (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 56,5 % ,
ω (К2CO3) - 43,5 %.
Бекіту:
5) Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің 31,9 г қоспасы сутегімен тотықсыздандырылды. Реакция нәтижесінде массасы 9 г су түзілді. Қоспадағы металдардың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: Сu - 22 %, Fe -78 % .
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: 10) Темір мен күкірт ұнтағынан тұратын қоспа қыздырылып,тұз қышқылының ерітіндісінде толық ерітілді. Реакция нәтижесінде (қ.ж.) бөлінген 4,48 л газ қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісі арқылы өткізілгенде массасы 23,9 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар. Жауабы: Fe - 11,2 г, S -3,2 г.
Достарыңызбен бөлісу: |