ІV тақырып. Көміртегі топшасы. Жұмыс 1. Көміртегі. Көміртегі оксиді І нұсқа Көміртегі атомының қалыпты және қозған күйдегі электрондық конфигурациясын бейнелеңдер. Неге көміртегі атомы үшін 2s22p2→ 2s12p3 схемасы бойынша электронның ауысуы болады?
Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көмірдің мыс (ІІ) оксидімен әрекеттесуін;
Б) көмірдің көміртегі (ІV) оксидімен әрекеттесуін; В) өнеркәсіптік әдіспен әктастан көміртегі (ІV) оксидін алынуын.
5 % азоты бар, 20 л. көміртегі (ІІ) оксидін толық жандыру үшін қанша көлем қажет?
ІІ нұсқа Табиғатта көміртегі қандай жай зат түрінде кездеседі? Физикалық қасиеттерін салыстырыңдар және кристалдық тордың құрылымына байланысты екенін түсіндіріңдер.
Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІV) оксидінің әктас суымен әрекеттесуі; Б) көміртегінің сумен әрекеттесуі; В) көмірдің артық мөлшеріндегі оттегінде жануын
8 % карбонатсыз қоспалары бар, 60 г. мрамордың артық мөлшеріндегі азот қышқылымен әрекеттесуі арқылы алынатын көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі қанша?
ІІІ нұсқа Көміртегі қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Көміртегі атомының әртүрлә тотығу дәрежесінде болатын үш қосылысының формуласын жазыңдар.