Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 4. Реакцияның өкімінің шығымы теорилықпен салыстырғандағы массалық және көлемдік үлестерін анықтау бойынша есептеулер



бет13/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Жұмыс 4. Реакцияның өкімінің шығымы теорилықпен салыстырғандағы массалық және көлемдік үлестерін анықтау бойынша есептеулер

  1. Керекті мөлшерде алынған натрий гидроксидіне 252 г. азот қышқылы бар ерітіндіс әсер етті. Алынған тұздың массасын есептеңдер, егер практикалық шығымы теориямен салыстырғанда 90 % болса

  2. 20 г. аммоний хлориді мен кальций гидроксидінің артық мөлшерін қыздырғанда алынған аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер, егер аммиактың көлемдік үлесінің шығымы 98% болса

  3. 280 г. кальций оксидінен 358 г. кальций гидроксидін алды. Кальций гидроксидінің массалық үлесінің шығымын есептеңдер.

  4. 20 г. аммоний хлориді мен 20 г. кальций оксидінің қоспасын қыздырғанда алынған аммиактың массасы қандай? Массалық үлесінің шығымы 98% құрайды

  5. Аммоний нитратын NH4NO2 қыздырған кезде азот пен су төзімді. Егер азоттың көлемдік үлесінің шығымы 0,89 болғандығы, 6,4 г. аммоний нитритін айырған кезде алуға болатын азоттың (қ.ж.) көлемін есептеңдер.

  6. Көлемі 56 л. (қ.ж.) азотқа артық мөлшерде алынған сутегімен әсер етті. Аммиактың массалық үлесінің шығымы 50 % құрайды. Алынған аммиактың көлемін және массасын есептеңдер.

  7. 107 г. аммоний хлоридін айырған кезде (қ.ж.) 38 л. аммиак алынды. Аммиактың көлемдік үлесінің шығымын есептеңдер.

  8. 200 кг. фосфор қышқылын алу үшін фосфордың қанша массасы қажет? Егер қышқылдың массалық үлесінің шығымы 90 % құрайтын болса

  9. 33г. аммоний сульфаты мен артық мөлшерде алынған кальций гидроксидінің қоспасын қыздыру арқылы қанша көлем (қ.ж.) аммиак алуға болады? Егер көлемдік үлесінің шығымы 85% құраса

  10. 4 л. (қ.ж.) азот (ІV) оксидін алу үшін артық мөлшерде концентрлі азот қышқылымен реакциялауға қанша масса мыс қажет екенін есепте.Егер азот(ІV) оксидінің көлемдік мөлшерінің шығымы 96% құрайтын болса

  11. 30 г. аммоний хлоридін артық мөлшерде кальций гидроксидімен қыздырған кезде алынатын аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер. Аммиактың көлемдік мөлшерінің шығымы 94% құрайтын болса

  12. 40 г. аммоний нитратын айырған алынатын азоттың (І) оксидінің (қ.ж.) көлемін есептеңдер, егер оның көлемдік мөлшерінің шығымы 96% құрайтын болса

  13. 20,2 г. калий нитратына концентрлі күкір қышқылын әрекеттестірген кезде алынатын азот қышқылының массасын есептеңдер, егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,98 болса

  14. 80 г. калий фосфатына концентрлі күкірт қышқылы әрекеттестірген кезде алынатын фосфор қышқылының массасын есептеңдер, егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,96 болса





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет