ІІІ тақырып. Азот топшасы. Жұмыс 1. Азот. Аммиак. Аммоний тұздары І нұсқа Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың литиймен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аллюминий тұзынан аммиакты алу;
В) аммоний хлоридінің ерітіндісі мен күміс нитратының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
2. Сутегі, хлор және азот арқылы аммоний хлорын қалай алады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Азот молекуласының молекулалық , электрондық және құрылымдық формуласын бейнелеңдер. Азоттың физикалық қасиетін көрсетіңдер
ІІ нұсқа 1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың сутегімен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аммиактың күкірт қышқылымен әрекеттесуі;
В) аммоний сульфатының ерітіндісі мен барий нитратының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
Үш номерленген пробиркаларға күкірт қышқылы, натрний сульфаты және аммоний хлоридінің ерітінділері бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар
Аммоний ионының түзілу схемасын бейнелеңдер. Азот пен сутегі арасындағы химиялық байланыстың түрін, тотығу дәрежесін және аммиактағы мен аммоний ионындағы азоттың валенттілігін көрсетіңдер
ІІІ нұсқа 1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың магниймен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аммиактың оттегінде жануын;
В) аммоний карбонатының ерітіндісі мен азот қышқылының ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
2. Азот, сутегі, күкірт (ІV) оксиді және су арқылы аммоний сульфатын қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар
3. Азот молекуласының түзілуінің схемасын бейнелеңдер. Азот атомдары арасындағы химиялық байланыстың түрін және тотығу дәрежесін көрсетіңдер
ІVнұсқа 1. Реакция теңдеулерін жазыңдар:
А) азоттың оттегімен әрекеттесуі ( элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотығу мен тотықсыздануды көрсетіңдер) ;
Б) аммиактың хлорсутекпен әрекеттесуін;
В) аммоний сульфатының ерітіндісі мен барий гидроксидінің ерітіндісімен әрекеттесуін (молекулалық және иондық түрде)
2. Үш номерленген пробиркаларда кристалдық заттар бар: аммоний хлориді; аммоний сульфаты; натрий хлориді. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Аммиактың молекулалық, эхлектрондық және құрылымдық формулаларын бейнелеңдер. Аммиактың физикалық қасиетін көрсетіңдер.