Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 5. 1 тақырып бойынша қорытынды



бет6/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Жұмыс 5. 1 тақырып бойынша қорытынды.
І нұсқа


  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) калий хлориді Б) күкірт қышқылы
В) кальций гидроксиді Г) мыс (ІІ) нитраты Д) алюминий сульфаты
2. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар:
А) натрий хлориді мен күміс нитраты Б) азот қышқылы мен кальций гидроксиді
В) тұз қышқылы мен калий карбонаты
3. Бұл қатардағы қай затқа тұз қышқылы әсер етеді: кальций оксиді; мыс (ІІ) гидроксиді; натрий нитраты? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар
4. 32 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 21 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда қанша масса мыс бөлінді?


ІІ нұсқа

  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) натрий гидроксиді Б) азот қышқылы
В) калий карбонаты Г) темір (ІІ) нитраты

  1. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық қысқаша теңдеулерін жазыңдар:

А) калий гидроксиді мен мыс (ІІ) нитраты Б) тұз қышқылы мен барий гидроксиді
В) натрий сульфаты мен барий нитраты
3. Берілген заттардың қайсысына кальций гидроксидінің ерітіндісі әсер етеді: мыс (ІІ) сульфаты; барий хлориді; сынап, калий фосфаты; көміртегі (ІV) оксиді? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар
4. 5 г. магний оксидін 40 г. азот қышқылының ерітіндісімен өңдеді, қанша масса тұз түзілді?


ІІІ нұсқа

  1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

2. Ерітінділердің қосылуы арқылы жүретін реакция теңдеуінің молекулалық және иондық қысқаша теңдеулерін жазыңдар:
А) темір (ІІІ) хлориді мен натрий гидроксиді Б) күкірт қышқылы мен литий гидроксиді
В) азот қышқылы мен натрий карбонаты
3. Берілген заттардың қайсысына сұйытылған күкірт қышқылы әсер етеді: алюминий, натрий нитраты; алтын, калий гидроксиді; барий нитраты? Орындалатын реакция теңдеулерінің молекулалық және реакция теңдеулерін жазыңдар
4. 6,5 г. мырышты 20 г. күкірт қышқылының ерітіндісіне салды. Бөлінген сутегінің массасын есепте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет