Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 4. Реакция теңдеулері бойынша есептеулер, егер әсер етуші заттың біреуі артық мөлшерде берілсе



бет5/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Жұмыс 4. Реакция теңдеулері бойынша есептеулер, егер әсер етуші заттың біреуі артық мөлшерде берілсе

  1. 260 г. барий нитраты мен 220 г. калий сульфаты ерітінділерін қосқан кезде түзілген тұнбаның массасын есептеңдер?

  2. 42,6 г. алюминий нитраты бар ерітіндіге 16 г. натрий гидроксиді бар ерітіндіні құйды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.

  3. 53 г. натрий карбонаты бар ерітіндіге 400 г. массалық үлесі 200%-тік азот қышқылының ерітіндісін қосқанда қанша көлем газ бөлінеді?

  4. 20 г. магний оксиді 94,5 г. азот қышқылы бар ерітіндісімен әрекеттескен кезде магний нитратының қандай массасы алынатынын есептеңдер.

  5. 40 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндісіне 12 г. темір опилкаларын (жаңғақтарын) қосты. Реакция аяқталған соң мыс (ІІ) сульфаты ерітіндіде қалады ма? Есептеңдер.

  6. 15 г. 5%-тік барий хлориді ерітіндісімен 10 г. 8%-тік натрий сульфатының ерітіндісін араластырған кезде түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар

  7. 400 г. 5%-тік темір (ІІІ) сульфатының ерітіндісіне 200 г. 3%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның массасын есепте.

  8. 16 г. мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне 12 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда мыстың қанша массасы бөлінеді?

  9. 200 г. 20%-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне 3 моль мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісін қосқан кездегі бөлінген газдың көлемі қандай?

  10. 150 г. 30%-тік тұз қышқылына 0,5 моль тұзы бар натрий карбонатының ерітіндісін қосқан кездегі бөлінген газдың көлемі қандай?

  11. 40 г. 10 30%-тік күкірт қышқылының ерітіндісіне 2,61 г. барий нитратын қосты. Түзілген тұнбаның массасын тап.



  1. 10 г. магний оксидін 40 г. азот қышқылының ерітіндісімен өңдеді. Мұнда қанша масса тұз түзілді?

  2. 200 г. 7% күкірт қышқылының ерітіндісін 2 моль тұзы бар барий хлориді ерітіндісін әрекеттестірген кезде түзілген барий сульфатының ерітіндісін табыңдар.

  3. 16,2 мырыш оксидін 30 г. азот қышқылы бар ерітіндімен әрекеттестірген кезде түзілген мырыш нитратының массасын табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет