Жұмыс 3. Электролиттік диссоциация теориясы негізінде қышқылдардың, тұздардың және негіздердің химиялық қасиеттері І нұсқа Тізілген заттардың қайсысына барий гидроксидінің ерітіндісі әсер етеді: натрий сульфаты; темір (ІІІ) оксиді; мыс (ІІ) хлориді; азот қышқылы; калий гидроксиді; көміртегі (ІV)
оксиді? Орындалатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
Темір (ІІ) сульфаты арқылы:
ІІ нұсқа Тізілген заттардың қайсысына сұйытылған күкірт қышқылы әсер етеді: Сынап; натрий гидроксиді; мырыш, барий хлориді; алтын, мыс (ІІ) оксиді? Орындалатын реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
Натрий сульфаты, тұз қышқылы және барий гидроксиді өзінің реті бойынша натрий хлоридін қалай алуға болады? Молекулалық және қысқаша сандық теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ нұсқа Тізілген заттардың қайсысына мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі әсер етеді: күміс нитраты; натрий хлориді; темір, фосфор қышқылы; мырыш оксиді; калий гидроксиді? Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
А. Күкірт қышқылының қоспасынан азот қышқылын қалай тазартуға болады?
В. Калий хлоридін калий нитратына қалай айналдырады? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІVнұсқа Тізілген заттардың қайсысына тұз қышқылы әсер етеді: кальций гидроксиді; алюминий, натрий карбонаты, күміс, магний оксиді; сынап? Молекулалық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.