Жұмыс 2. Азот қышқылы және оның тұздары І нұсқа Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) кальций оксиді; Б) натрий гидроксиді; В) калий карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Концентрлі азот қышқылы мен мыстың әрекеттесуінің реакция теңдеуін құраңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдержәне электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
N2→ NO→ NO2→Н NO3 ІІ нұсқа Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) кальций гидроксиді; Б) мыс (ІІ) оксиді; В) барий карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Қорғасын нитратын қыздырған кезде айырылу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Үш номерленген пробиркаларда кристалды заттар бар: натрий нитраты; натрий сульфаты және аммоний нитраты. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ нұсқа
1. Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) калий гидроксиді; Б) натрий оксиді; В) натрий карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. концентрлі азот қышқылы мен сынаптың әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
KNO3→H NO3→Cu(NO3)2→ NO2
ІVнұсқа 1.Азот қышқылының ерітіндісімен:
А) барий гидроксиді; Б) магний оксиді; В) кальций карбонаты арасындағы молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Күміс нитратының қыздыру кезіндегі айырылу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
3. Үш номерленген пробиркаларда азот, күкірт және тұз қышқылдары бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.