Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 4. Қоспасы бар заттың белгілі массасы немесе көлемі бойынша реакция өнімінің масасын немесе көлемін есептеу



бет18/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Жұмыс 4. Қоспасы бар заттың белгілі массасы немесе көлемі бойынша реакция өнімінің масасын немесе көлемін есептеу

  1. 10% қоспасы бар, 600 г. әктасты термиялық ыдыратқан кезде алынған кальций оксидінің массасы қанша?

  2. 20% қоспасы бар, 200 г. әктасты термиялық ыдыратқан кезде алынған көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін қанша?

  3. 5% қоспасы бар, 50 г. азоттан 8 г. аммиак алды. Аммиактың шығымының массалық үлесін есептеңдер

  4. 6% қоспасы бар, 400 г. әктасты күйдірген кезде түзілген сөндірілмеген әктің массасы қанша?

  5. 8% қоспасы бар, 500 г. әктасты күйдірген кезде түзілген сөндірілмеген әктің массасы мен көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемін (м3) есептеңдер

  6. 10,8 г. сусыз натрий карбонаты артық мөлшерден азот қышқылымен әрекеттескен кезде 2,24л. (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидін алды. Натрий карбонатындағы қоспаның құрамын есепте

  7. 8 % жанбайтын қоспасы бар, 500 г. көмірді жаққан кезде (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидінің қанша көлемі бөлінеді?

  8. 187,5 көмір жанған кезде (қ.ж.) 336 л. көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Көмірдегі көміртектің массалық үлесін есептеңдер

  9. (қ.ж.) 5% қоспасы бар, 0,6 кг. әктасты ыдыратқан кезде алынатын көміртегі (ІV) оксидінің зат мөлшерін (моль) және көлемін (л) анықтаңдар



  1. Кальций гидроксидінің ерітіндісімен 2 м3 ауаны (қ.ж.) өткізген кезде 3 г. кальций карбонаты түзілді. Ауадағы көміртегі (ІV) оксидінің көлемдік үлесін есептеңдер

  2. 3% қоспасы бар, 80 г. барий карбонатын ыдыратқан кезде түзілген барий карбонатын ыдыратқан кезде түзілген барий оксидінің зат мөлшерін (моль) және массасын есепте

  3. 95% кальций карбонаты бар, 60 г. әктасты артық мөлшердегі тұз қышқылымен әрекеттескен кезде алынатын көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі мен зат мөлшері (моль) қанша?

  4. 54 г. әктасты күйдірген кезде 22 г. массасын жоғалтты. Әктастағы кальций карбонатының массалық үлесін есептеңдер. (әктаста кальций карбонатынан басқа ыдырамайтын заттар бар)

  5. 5% қоспасы бар, 60 г. кремний (ІV) оксидін көмірмен тотықсыздандырған кезде қанша масса кремний түзілді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет