Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 3. Кремний және оның қосылыстары



бет17/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Жұмыс 3. Кремний және оның қосылыстары.
І нұсқа

  1. Неге кремнийдің бейметалдық қасиеті көміртегіне қарағанда әлсіз екенін кремнийдің атом құрылысы арқылы түсіндіріңдер

  2. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

SiO2 → Si→ SiO2 →Na SiO3

  1. 5% қоспасы бар, 160 г. магний силициді Mg2Si тұз қышқылыменәрекеттескен кезде түзілетін SiН4 силанның массасы қанша?



ІІ нұсқа

  1. Калий силикаты мен натрий силикатының сулы ерітінділері реакцияның қандай ортасын көрсетеді? Неге?

  2. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaОН→Na2 SiO3 → Н2 SiO3 → SiO2

  1. 10% қоспасы бар, 40 г. кремний (ІV) оксидін көмірмен тотықсыздандырған кезде кремнийдің қанша массасы алынады?



ІІІ нұсқа

  1. Кремний қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Кремний әр түрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формулаларын жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

+НCl
Si→ Mg2Si→Si Н4→ SiO2

  1. 10% қоспасы бар, 50 г. кремний (ІV) оксидін натрий гидроксидімен балқытқан кезде түзілген натрий силикатының массасы қанша?

ІVнұсқа

  1. Кремний (ІV) оксиді қандай оксидтер тобына жатады? Неге? Жауабын реакция теңдеулерімен жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Si→ SiO2 →К2 SiO3→ Н2 SiO3

  1. 5% қоспасы бар, 60 г. кремний магнийімен әрекеттескен кезде алынған Mg2Si магний силицидінің массасы қанша?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет