Өндірісте алюминийді неге қолданады? Алюминотермиялық деген не және оны қайда қолданады?
140 г. кальций оксидінен 182 г. кальций гидроксидін алды, кальций гидроксидінің шығымының массалық үлесін есептеңдер.
ІІ нұсқа 1.Алюминий оксиді қандай оксидтер тобына жатады? Оның қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар.
2.Натрий хлоридінің балқымасының электролизінің схемасын құраңдар.
3.Келесі айналым орындалатын реакция теңдеулкрін жазыңдар ;
Кальций →кальций оксиді→кальций гидроксиді→кальций карбонаты→кальций гидрокарбонаты→кальций хлориді.
4.Жеңіл әрі мықты кальций металы авиациялық өндірісте және көлікшығарудың басқа облысында неге қолданылмайды?
5. 5% қоспасы бар, 80г натрий карбонаты әк суымен әрекеттескен кезде қанша масса кальций карбонаты алынады?
III нұсқа 1.Алюминий гидроксидінің химиялық қасиетін сипаттайтын рекция теңдеуін жазыңдар.
2.Калий иодидінің балқымасының электролизінің схемасын құраңдар.
3.Келесі айналым орындалатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Кальций хлориді→кальций карбонаты→кальций гидрокарбонаты→кальций карбонаты→кальций нитраты→кальций карбонаты.
4.20% қоспасы бар, 500г. әктасты күйдірген кезде қанша масса кальций оксидін алуға болады?
ІVнұсқа Кальций оксиді оксидтерінің қай тобына жатады? Оның қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар
Мыс (ІІ) бромидінің ерітіндісінің электролизінің схемасын құраңдар.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
алюминий оксиді→алюминий сульфаты
алюминий
алюминий хлориді→ алюминий гидроксиді
Алюминий табиғатта қандай қосылыс құрамында кездеседі?
Сөндірілген әкке 3,15 г. таза азот қышқылын әсер етті. Егер шығымының массалық үлесі 0,98 болса, кальций нитратының қанша массасы алынады?