Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар



бет28/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
VІІ тақырып. Органикалық заттар.
Жұмыс 1. Көмірсутектер.
І нұсқа

  1. Қаныққан көмірсутектер деп нені атайды? Олардың кейбіреулерінің молекулалық формулаларын және атауларын көрсетіңдер.

  2. Қаныққан, қанықпаған және ароматты көмірсутектердің генетикалық байланысы немен қорытындылады?

  3. Әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: А) бензолдың сутекпен; Б) этиленнің хлор сутекпен. Осы реакциялар типін көрсетіңдер және алынған затты атаңдар

ІІ нұсқа

  1. Этилен мен промиленнің құрылымдық формуласын жазыңдар. Олардың құрылысында артық не? Оларды көмірсутектердің қай класына жатқызады?

  2. Бензолдың физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?

  3. Реакция теңдеуін құр: А) метанның жануы; Б) этанның термиялық ыдырауы. Тұрмыста адамдар бұл процестің қайсысын кең қолданады? Неге?


ІІІ нұсқа

  1. Этиленнен адамдар көп қолданатын қандай материал алады? Осы материалдың физикалық қасиеті және қолдану облысы қандай?

  2. Табиғи газ құрамына кіретін кейбір көмірсутектердің формуласын жазыңдар. Адамдар табиғи газды қалай қолданады?

  3. Реакция теңдеуін құраңдар: А) бензолдың броммен әрекеттесуін; Б) этиленнің жануын. «а» реакция теңдеуін көрсетіңдер және алынған затты атаңдар

ІV нұсқа

  1. Қаныққан көмірсутектер және олардың галогентудырушыларын қолдану облысы қандай?

  2. Ацетиленнің құрылымдық формуласын жазыңдар: А) оны көмірсутектердің қандай класына жатқызады; Б) оны қалай алуға болады, көрсетіңдер

  3. Реакция теңдеуін құраңдар: А) пропиленнің сутегімен әрекеттесуін; Б) метанның термиялық ыдырауы. Адамдар метанның термиялық ыдырауын қандай мақсатта қолданады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет