Жұмыс 5. Алюминий және оның қосылыстары І нұсқа Алюминийдің келесі заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: хлормен сұйытылған күкірт қышқылы; хром (ІІІ) оксидімен; мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісімен.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al(OH)3→ AlCl3→ Al(OH)3→ Al2O3 Қандай сыртқы белгісі арқылы алюминийден жасалған бұйымдарды басқа материалдардан жасалған бұйымдардан айыра алады?
ІІ нұсқа Химиялық реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
Fe2O3+ Al → Al(OH)3 +NaOH→
Al2(SO4)3+BaCl2→ Al+ O2→
Осылардың ішінен тотығу-тотықсыздану реакциясын, сонымен қатар тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al(NO3)3→ Al(OH)3 ; Al2O3→ Al2(SO4)3; Al→ AlCl3 Алюминийдің қолдану облысын жазыңдар және қолдануға негізделген қасиетін көрсетіңдер.
ІІІ нұсқа Алюминий хлоридін алудың төрт жолының реакция теңдеулерін жазыңдар.
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al→ Al2O3→ Al2(SO4)3→ Al(OH)3 Неге алюминийлі ыдыс қайнаған суда бүлінбейді және атмосфералық жемірілуге ұшырамайды?