Жұмыс 2. Металдардың химиялық қасиеттері.
І нұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) натрийдің күкіртпен; Б) темірдің күкірт қышқылының ерітіндісімен; В) алюминийдің броммен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) мыс және темір (ІІ) сульфатының ерітіндісімен; Б) мырыш пен сынап (ІІ) нитратымен; В) магний мен қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
ІІ нұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) мыстың оттегімен; Б) темірдің хлормен; В) барийдің сумен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) мыс және күміс сульфатының ерітіндісімен; Б) темір
мен сынап (ІІ) нитратымен; В) қорғасын мен хром (ІІ) хлоридінің ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
ІІІ нұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) алюминидің иодпен; Б) мыстың күкіртпен; В) натрийдің сумен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) темірдің мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісімен; Б) күміс және кальций бромидінің ерітіндісі; В) алюминий және қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
ІVнұсқа
Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) магнийдің тұз қышқылымен ; Б) мырыштың оттегімен; В) кальцийдің хлормен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.
Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) магний және сынап (ІІ) нитратының ерітіндісімен; Б) мыс және хлор(ІІ) хлоридінің ерітіндісі; В) мырыш пен темір (ІІ) сульфа тының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |