Жұмыс 3. Электролиз. Металдардың коррозиясы. І нұсқа Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар: А) калий хлоридінің балқымасы;
Б) мырыш бромидінің ерітіндісі.
Коррозия дегеніміз не? Металдардың жемірілуін баяулататын қандай факторлар қолданылады?
ІІ нұсқа 1. Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар:
А) натрий иодидінің ерітіндісі;
Б) мыс хлоридінің ерітіндісі.
2. Қандай жемірілудің түрлерін білесіңдер?
ІІІ нұсқа Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар:
А) калий бромидінің ерітіндісі;
Б) кальций хлоридінің ерітіндісі.
Жемірілуді тездетуге қандай факторлар әсер етеді?
Электролит қатысында қарым-қатынастағы қай металл бұрын бүлінеді: мыс және мырыш; алюминий және темір? Неге?
ІVнұсқа 1. Электролиз кезінде жүретін реакция теңдеулері мен схемасын құраңдар:
А) натрий хлоридінің балқымасы;
Б) темір (ІІ) бромидінің ерітіндісі.
2. Металдың жемірілуіне қарсы күрестің әдістерін тізіңдер
3. Неге мырышпен қапталған бакта сызылған жерлердегі мырыш бүлінеді, ал темір тоттанбайды?