Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар



бет26/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
VІ тақырып. Темір. Металлургия.
Жұмыс 1. Темір және оның қосылыстары
І нұсқа

  1. Темірдің жай заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: оттегі, хлор, күкірт, бром. Түзілген заттарға атау беріңдер

  2. Темір атомының құрылысының схемасын бейнелеңдер. Қосылыстағы темірдің тотығу дәрежесін көрсетіңдер

  3. Екі ерітіндінің біреуінде Fe2+ ионы, екіншісінде – Fe3+ ионы бар екенін қалай дәлелдейсіңдер. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар




  1. 32 г. мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 28 г. темір жаңғағын қосты. Мұнда қанша масса мыс бөлінді?

ІІ нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Fe(NO3)3→ Fe(OH) 3→ Fe2O3→Fe→ FeCl2

  1. +2 тотығу дәрежесіндегі темірдің қосылысы қандай қасиет: тотығу немесе тотықсыздану көрсетеді? Неге?

  2. Темір металын темір (ІІ) гидроксидін қалай алуға болады? Реакция теңдеулерін келтіріңдер

  3. 112 г. темір сұйытылған күкірт қышқылында еріген кезде (қ.ж.) қанша көлем сутегі алуға болады, егер сутегінің шығымының көлемдік үлесі 98% болса ?



ІІІ нұсқа

  1. Темірдің басқа ерітінділерімен қосылу реакция теңдеулерін жазыңдар: А) күкірт қышқылы; Б) мыс (ІІ) сульфаты; В) бромсутекті қышқыл; Г) қорғасын нитраты

  2. Темірдің (ІІ) және (ІІІ) оксидтері және оларға сәйкес гидроксидтері қандай сипатқа ие?

  3. Үш номерленген пробиркаларда: натрий, барий және темір(ІІ) хлоридтерінің ерітінділері берілген қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар

  4. 80% FeCO3 құрамында бар, 50 г. сидерит минералы тұз қышқылымен әрекеттескен кезде бөлінген көміртегі( ІV) оксидінің көлемін табыңдар



ІV нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Fe→ Fe SO4 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3→ F eCl3

  1. Темір (III) тұздарының сулы ерітінділері реакцияның қандай ортасын көрсетеді? Неге?

3.Темір (II) сульфатты арқылы: а)темір (II) хлориді; б)темір (II) нитраты қалай алады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. 7г темірді 18г хлормен әсер етті. Темір (III) хлоридінің қандай массасы түзілді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет