Ата-ана мен баланың арасындағы қақтығысты алдын алу

Дата23.12.2021
өлшемі3,96 Mb.
#128125
Байланысты:
Ата-ана мен баланың арасындағы қақтығысты алдын алу

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: Ата-ана мен баланың арасындағы қақтығысты алдын алу

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі.

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.

  • ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
  • ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
  • өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
  • бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
  • түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

«Отбасы оқиғалары» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.

Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді. Тыныштық сәті ақырын музыка ойнап тұрады. Көздеріңізді жұмып балалық шақтарыңызды еске аласыздар.

Жағымсыз жазылған парақты кесіп, қоқысқа лақтыру керек

Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет