Ата –аналар жиналысы №1 хаттама қыркүйек айы 2022 ж


Тыңдалды: Колледждің ішкі тәртібін Сөйледі



бет6/6
Дата19.03.2023
өлшемі90 Kb.
#172852
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Хаттама собрание
лекция, 000Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл анықтамасы, 1-2 сабақ Түзулер арасындағы бұрыш, 7 сынып ашык сабак, г-312 8 наурызға тарбие сагаты, Практика 2, stud.kz-63096, армия, 52f0d745-d22c-4952-b4f5-6324d9c01935
ТыңдалдыКолледждің ішкі тәртібін
Сөйледі: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Дуйсенгалиева
Иә, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі колледж студенттері. Осы қағиданы нақты ұғынған Елбасы да «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтып келеді.
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Тағыда кешкі сағат 21.00 ден кейін ата-анасынсыз 18 жасқа толмаған балалар көшеге шығуға болмайтындығы, көңіл көтеретін орындарға бармау керектігі ата-аналарға ескертілді.
Тыңдалды: Ата-аналар комитетінің бала тәрбиесі туралы баяндамасы
Сөйледі: Ата-аналар кеңесінің төрайымы Сайбалиева Айзада өз сөзінде ия, біз ата-ана өз баламыздың қашанда тәртіпті, инабатты, үлкеннің алдын кеспитін, кішіге ізет көрсету керектігін айтып отырудан жалықпаган халықпыз. Алайда кәзіргі заман талабы, түрлі гаджеттер арқылы ғаламтор арқылы Батыс елдеріне еліктеу көбейіп, кең етек жаюда. Сондықтан ата-ана, педагог болып бірге жұмыс жасауға барлық топ ата-аналары болып сіздерден көмек сұраймыз. Құрметті ұстаз студенттеріңіз білімді, сіздердің ұстаз деген аттарыңызға лайықты сөз әкелмейтіндей шәкірттеріңіз көп болсын дей келе, сіздерге творчествалық табыс тілеймін, біздің балаларымызды тәрбиелеу майданында дендеріңіз сау болып, аман жүріңіздер деген тілекпен сөзін аяқтады.
Шешім
1.ІІ семестрде студенттердің білім деңгейін көтеру
2. Студенттердің білім деңгейін көтеруге ата-ананың тікелей жұмыс жасауын талап ету.
3. Топ жетекшісі студенттердің білім деңгейін көтеруге деген қызушылығын арттыру үшін түрлі танымдық шараларға араластыру



Директордың тәрбие ісі


жөніндегі орынбасары _____________А.Е Дуйсенгалиева
Топ жетекшісі_____________________Г.М.Дегенбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет