Тыңдалды: Колледждің ішкі ережесі
Сөйледі: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Дуйсенгалиева
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үдеріс. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел басқарамын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршаға аян. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесі. Олай болса бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, колледжге денсаулығы туралы анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, топ жетекшісіне хабарлауға, баламын колледж формамен жіберуге.
Кешкі сағат 21.00 ден кейін ата-анасынсыз 18 жасқа толмаған балалар көшеге шығуға болмайтындығы, көңіл көтеретін орындарға бармау керектігі ата-аналарға ескертілді.
Тыңдалды: Ата-аналар комитетінің есебі
Сөйледі: Ата-аналар кеңесінің төрайымы Рахметтуллина Самал өз сөзінде өткен оқу жылында колледжбен тығыз байланыста болып, белсене араласқан ата-аналарға алғысын білдіріп, жаңа оқу жылына ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау керектігін айтты.
Ата-аналар тарапынан бір ауыздан төмендегі ата-аналарды ұсынды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Сайбалиева Айзада
Мүшелері:
1. Жанғазы Гүлнұр
2. Хами Зәру
3. Файзуллина Ақбалым
4. Рахимова Жадыра
Шешім
1. «Қыз бала – ұлттың ұяты- халықтың шыраиы» баяндамасы тыедалып, қыздарымызға 40 үйден тыйым керектігі қолға алынды
2. Колледждің ішкі ережесін сақтау ата-аналар тарапынан қадағалансын.
3. Ата-аналар кеңесінің құрамы болып төмендегі ата-аналар сайлансын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Сайбалиева Айзада
Мүшелері:
1. Жанғазы Гүлнұр
2. Хами Зәру
3. Файзуллина Ақбалым
4. Рахимова Жадыра
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары _____________А.Е Дуйсенгалиева
Топ жетекшісі_____________________Г.М.Дегенбаева
МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі»
Достарыңызбен бөлісу: |