Ата –аналар жиналысы
№3 хаттама
қаңтар айы 2022 ж
қатысқандар: 17
қатыспағандар: 9
Күн тәртібінде
1. І семестрдің қорытындысы.
2. Отбасы мен колледждің бала тәрбиесіндегі орны
3.Еркін тақырып
Тыңдалды: Ата-аналардың бала тәрбиесі.
Сөйледі: Топ жетекшісі Г.М.Дегенбаева сөз сөйледі:
Студенттердің 4 ай оқып өз білімдерін молайтқандығы туралы, І семестрде озат, жақсы, орташа деген бағаға оқыған студенттердің бағаларымен таныстырды және қандай пәндерден алда келе жатырған ІІ семестрден түзеу керектігін ата –анаға ескертті.
Топтағы 26 студенттің 10 - озат,
10 – жақсы,
6- қанағаттанарлық деген баға алып отырғандары туралы айтты.
Тыңдалды: колледж психологы суицид туралы баяндама:
Сөйледі: колледж психологі Ж.А.Бижанова
Соңғы бес жылда 15-19 жас шамасы арасындағы суицид 7 пайызға өскенін көрсетеді. Ал статистикалық мәліметерге жүгінсек қазіргі таңда 2\3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады екен. Депрессияға ұшыраған адам өзін ешкімге керегі жоқ екенін сезінеді, сонымен қатар оларда жалғыздық сезім пайда болады. Осылардың салдарынан өзінің өмірімен қош айтысуға тура келеді.Тығырықтан шығудың жолын осылай шешеді. Бүгінгі біздің қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары бұл алдымен оның отбасы және оқу орны. Кез-келген жасөспірім де, ересек адам да сәтсіздікке, қиын жағдайларға ұшырап жатады. Бірақ олардың ешқайсысы текке кетпейді. Оған біз төзе білуіміз қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тыныш-сыздығынан туындайды. Қи-налған сәтте адам өз-өзіне деген сенімі болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |