Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: Родниковка орта мектебі _____ Сынып: 9 «Ә»
Мерзімі: 16 .03.2017ж _ Ата-аналар саны: 14
Мұғалім: Боқырова Аяжан Болатбайқызы
Ата-аналар жиналысының тақырыбы:
Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі.
Мақсаты: Ата –аналардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері туралы түсінік беру.
Бағдарламаның аксиологиялық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі, балаға үлгілі ата –ана болуға шақыру.
|
Ресурстары: (материалдары, көздері)
|
Жиналыс барысы:
Жоспар
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері.
Жиналысты «Тыныштық сәтімен» бастау,жоспар жазылған парақша таратамын.С.А.Назарбаева туралы айта отырып, ата –аналарға рухани бай адамдар туралы ой қозғаймын. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздерін түсіну үшін сананың құрылымы және оны тазарту түрлері туралы айтамын және рухани бай адам болу үшін ой ,сөз және іс –әрекет сәйкестігіне тоқталамын.
«Өзін – өзі тану » рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Құндылықтың түрлеріне тоқталамын және сол құндылықтарды салыстырмалы түрде табиғаттың бес элементіне негіздей отырып адамның бойындағы қасиеттерімен салыстырамын. Абсолютті құндылықтың ерекшелігі мен адамның бәріңе де ортақ құндылық екенін, оның бөлінбейтінін жеткізе отырып, құндылық ағашы туралы айтамын. Жалпыадамзаттық құндылықтарды диалог арқылы әр түрлі өмірден алынған жағдаяттар арқылы диалог арқылы талқылаймын.
Ұлдар мен қыздар тәрбиесіндегі ата –ананың рөлі.
Ата – аналардың баламен қарым – қатынасы, бала тәрбиелеу туралы ой бөлісемін.Бала тәрбиесіндегі ана мен әкенің рөлін ата –аналардан сұрау арқылы олардың ойларымен бөлісемін және баланы толғандырған мәселені шешу жолдары туралы кеңес беру. Баламен қандай тақырыпта әңгімелесіп , баланың пікірлері туралы ойларын талқылау және баланың міндеттері мен баланың белгілі бір өзі жасауға лайық істері бар екенін ұғындырып отыру керектігін түсіндіру.
|
Талдау
|
Үйге тапсырма: Жалпыадамзаттық құндылықтар- отбасы тәрбиесінің негізі тақырыбында шығарма жазып келу тапсырылады.
Жиналыстың қорытынды сәті. Ата – аналарға сауалнама беріледі,өзгерістері туралы пікірлерін тыңдау.
Әбдіжаппар Әлқожа «Әке – ана » әнін айту.
|
|
Мұғалім _______________________
Директор ______________________
Достарыңызбен бөлісу: |