Ана мен бала денсаулығын сақтау үшін
азаматтарға өзінің репродуктивті құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау
жанұя мен репродукцияны жоспарлау орталықтарын ұйымдастыру
генетикалық кеңестер
бедеулікті емдеу клиникаларын
Аналарды қорғау мекемелері: • біріктірілген перзентхана, әйелдерге кеңес беру жекеленген мекеме, жалпы ауруханалардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдері, көп салалы ауруханада қосалқы аурулары бар жүкті әйелдерге арналған арнайы бөлімшелер (палаталар), адамның репродукция орталығы, медициналық- генетикалық кеңес беру орны, «Неке және жанұя» кеңес беру орны, медициналық бөлімі, дәрігерлік амбулаториясы, санаторлық-курорттық мекемелер. Ана мен балалардың денсаулығын қорғаудағы ұйымдастырушылық құқықтық негіздер • Жанұя және балалар қорғау мәселелерін Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген (27 бап). • Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау» заңында жүкті әйелдердің және аналардың құқығы, балалардың денсаулығын қорғау жөнінде нақты айтылған (12,13 баптар). Перзентхана мен әйелдерге кеңес беру орнының тіркеу құжаттары: * босанған әйелдердің жеке картасы (111/у), *нақты диагнозды тіркеудің статистикалық талоны (025-2/у), *перзентхананың алмасу картасы (113/у), *жүкті әйелдерді, босанатын және бала туған әйелдерді тіркеу журналы (002/у), *жүктілікті тоқтатудың медициналық картасы (003-1/у), * туу тарихы (096/у), *нәрестенің даму тарихы (097/у), *стационардағы туу туралы жазу журналы (010/у), *стационардан шығу статистикалық картасы (066/у), *стационардың төсек қоры және науқастарды қабылдау мен шығаруын есепке алу парағы (007/у), *туу туралы куәлігі (105/у), * өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106/у), * перинатальды өлім себебініңдәрігерлік куәлігі (106-2/у). Отбасын жоспарлау - Отбасын жоспарлау – ұрпақ жалғастыруды, туылатын сәбилердің өмірге келетін уақыты мен санын алдын ала белгілеу.
- Отбасын жоспарлау қажетсіз жүктілікті болдырмауға, жүктілік аралығын реттеуге, қалаған сәбиді күтіп, дүниеге әкелуге, ерлі-зайыптылардың жасына байланысты сәбиді дүниеге әкелу уақытын таңдауға, бақылауға және жанұяға қанша бала қажеттігін анықтауға көмектеседі.
Алғашқы некеге тұратын орта жас әйелдерде 24,2 жастан, ер адамдарда 26,9 жастан басталады. Сонымен некеге тұрған әйелдердін жасы 25-тен басталып 60% құрайды, ал ер адамдарда бұл жас 35% құрайды.
Ең жоғарғы туу коэфициентті 20-24 фертильдік жас тобынан тұрады.
Репродуктивтік денсаулықты қорғау – бұл тек қана әйелдер мен ер адамдардын денсаулығы ғана емес сонымен қатар әр жанұяның яғни ұлттардың сауықтыруына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |