Отбасы мәселесі Елбасымыздың ұдайы назарынан тыс қалған емес. Жыл сайынғы жолдауында отбасы, демографиялық өсім, ана мен бала денсаулығына ерекше мән беріп, тапсырмалар жүктейді. “ Қазақстан – 2050” стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты атты Қаазақстан халқына жолдауында әйел отбасының, мемлекеттің тірегі ретінде келтірілген. Ана мен баланы қорғау әлеуметтің саясаттың құрамдас бөлігі ретінде жарияланды. Мемлекеттің дамуы , халықтың әл ауқатының артуы тікелей отбасыға тәуелді десек, тұрмыс жағдайын жақсартудағы отбасын нығайтудағы басым бағыттардың бірі ана мен балаға әлеметтік қолдау жасау болып табылады. Қазақстан Республикасы жылы ақпанда Ананы қорғау туралы конвенция ратификацияланып еңбек саласында барлық әйелдердің теңдігіне, сондай ақ ана мен баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне одан әрі жәрдемдесу үшін ананы қорғау оның ішінде, жүктілігі мен туу бойынша демалыс ұзақтығы және сақтандырылған табыс мөлшеріне байланысты анаға ақшалай төлем ақы мөлшері белгіленген
«Қазақстан -2030» ұлттық стратегиясы
Елімізде халық денсаулығын сақтау жүйесі мемлекет тарапынан басты назарда ұсталып келеді. Бұл орайда 2030 жылдарға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында, сондай-ақ Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде бірінші кезекте ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында республикадағы демографиялық жағдайларды жақсарту болып табылады. Таяуда мемлекет басшысы Шымкентте өткен республикалық кеңесте ана мен бала денсаулығын сақтау саласында орын алып отырған олқылықтарды сын тұрғысында атап көрсетіп, бұл бағытта медицина қызметкерлерінің алдына жауапты міндеттерді жүктеуі тектен-тек емес
Еліміздегі жаңарулар кезеңі
Қазақстан Республикасында соңғы жылдардағы әлеуметтiк-экономикалық жаңарулар кезеңiнде бала туудың (1995 жылдан бастап бала туу 9%-ға қысқарды), халықтың табиғи өсiмiнiң төмендеуi байқалуда. Әйелдер мен балалар денсаулығының индексi төмендеуде. Ана мен бала өлiмiнiң көрсеткiштерi жоғары деңгейде қалып отыр. Нәресте шетiнеуiнiң ішiнде өлi туу, туғаннан кейiнгi алғашқы тәулiктерде және нәрестелiк кезеңде шетiнеу өсiп отыр. Төмен дене салмағымен, дамудың туа бiткен кемiстiктерiмен туған балалардың пайызы жоғары күйiнде қалуда. Мұның бәрi ана мен нәрестенiң үйлескен патологиясының өсуiн сипаттайды. Республикада бала туу жасындағы әйелдер денсаулығының индексi төмен күйiнде қалуда және бар-жоғы 20%-ды құрайды, Семей полигоны мен Арал өңiрiндегi аймақтарда 10%-ға дейiн жетедi. Әйелдер ауруларының арасында әлеуметтiк маңызды аурулардың үлес салмағы өсiп отыр. Аборттар проблемасы шешiлуi қиын болып қалуда. Балалардың арасындағы сырқаттану өсiп отыр.