мұғалім сабақ түсіндіргеннен кейін ғана сұрақ қою;
сабақ түсіндірген кезде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады (тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды;
сабақ барысында ата-аналар араласпағаны жөн;
сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Үй тапсырмасына көмек:
балаңызды бөлмей тыңдаңыз, жаттауға, есте сақтауға берілген тапсырманы айтып шықсын;
жазуға берілген мәтінді асықпай бірге оқыңыз;
оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз;
өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз;
балаға баға емес білімнің маңыздылығын, не үшін қажеттігін түсіндіріңіз.
балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.
үй тапсырмаларын уақытында орындап, мұғаліммен кері байланыста болуын қадағалаңыз;
баланың бос уақытын құр өткізбей, оны мазмұнды әрі пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.