үй тапсырмаларын жүйелі уақытында орындап, мұғаліммен кері байланыста болу міндетіңіз;
Егер үй тапсырмасын бірден орындай алмасаңыз, көңіліңіз түспесін. Білім алу кезінде
ол қалыпты нәрсе. Сондықтан шыдамды болыңыз. Оқулықтан оқыңыз, сыныптағы тапсырманы қайталап қарап, еске түсіріңіз. Тапсырманы өзіңіз орындаңыз. Біреуден, не ғаламтордан дайын жауаптарды көшіруге дағдыланбаған жөн. Өзіңіз ізденіп, өз күшіңізбен орындалған тапсырма біліміңізді бекітеді, кеңейтеді, ұмытылмайды.
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі. БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындау барысында да
адалдық принципін сақтаңыз.
Үй тапсырмасын сағаттап орындаған кезде арасында 15 минут үзіліс жасап тұрыңыз.
Орныңыздан тұрып, ары-бері жүріңіз. Дене және көз жаттығуын жасаңыз.
Бос уақытынызды құр өткізбей, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге тырысыңыз.
Ең бастысы, өз күшіңізге сеніп, осы кеңестерді іске асыруға тырысыңыз. Сонда