Ата-аналарға кеңес



Дата22.08.2017
өлшемі36,99 Kb.
#24675
Ата-аналарға кеңес
Тіл қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өзара пікір алысады, бірін-бірі түснеді. Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат-мүддесін білдіреді. Бала 4-5 жастан ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. «Есейген соң өзі түзеліп кетеді»,-деп көбінесе ата-аналар ондай ақауға көңіл бөле бермейді.

Дыбыстың айтылуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Логопед-жалпы тіл мүкісі бар балалармен жұмыс жасайды. Маман ретінде ата-аналарға төмендегідей кеңес айтқым келеді. Баланың тілі жаңадан шығып келе жатқанда онымен бір тілде ғана және бала тілімен сөйлесу қажет. Мысалы, ня-ня, пи-пи, бум-бум т.б. сөздерге шектеу қойып, оның дұрыс еместігін түсіндіріп, нан, машина-деп таза айтқызып, баланың ұсақ қол маторикасымен көп жұмыс жасау керек.

Ұсақ қол маторикасы арқылы баланың тілі дамиды. Баламен бірге үйде көбірек сурет салыңыздар, мозаика, пазл, түстерді қолдана отырып, сіздер өз балаларыңызды жан-жақты дамыта аласыздар. Кішігірім әңгіме құру үшін суретпен жұмыс жасап, балаға уақыт бөліп, кітап оқып беріңіз. Кітап оқу арқылы баланың ойы, танымы, логикалық ойлауы дамиды. Үйдегі сәби яғни, 1 жарым жастағы балаға тамақты езіп, немесе шайнап беруге болмайды. Өйткені бала тамақтанғанда оның тіл, жақ-сүйектері қозғалып жұмыс жасауы тиіс. Тістері қатты болу үшін балаларға сүйекті көбірек мүжіту керек, сору процесі даму үшін құрт беріңіз, ол өте пайдалы.


  1. Ұйымдастыру. Ересек даярлық топ балаларын құрылымы мен тілдік дамуындағы анықталған ауытқу дәрежесінің себебін табу мақсатында логопедтік тексеру.

  2. Балалармен жеке (топтық) әңгімелесу.

  3. Диагностикалық сипаттағы арнайы тапсырмалар.

  4. Топ тәрбиешілерімен, ата-аналармен әңгімелесу

  5. Баланы қажет болған жағдайда неврологқа, сурдологқа ақыл-кеңеске жіберу.

  6. Тексеру барысында алынған мағлұматты қорыту, логопедтік қорытынды жасау.

  7. Тілдік қорытынды бойынша анықталған түзету жұмысының бағдарламасын жоспарлау.

ІІ. Жұмыс бағыты.

  • - артикуляциялық, саусақ, тыныс алу жаттығуы;

  • - фонематикалық қабылдауын қалыптастыру;

  • - лексика-грамматикалық жағынан дұрыс қалыптастыру;

  • - байланыстырып сөйлеуді дамыту;

  • - сауат ашу және дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру;

  • - жұмыс динамикасын айқындау мақсатында логопедтік сараптама өткізу.

Топтар арасында іріктеліп алынған тілінде мүкісі бар балалармен қыркүйек айынан бастап диагностика жүреді, ол жерде «Тіл дамыту» картасы ата-аналармен кеңесе отырып толтырылады. Балалармен артикуляциялық және тыныс алу, қол-қимыл жаттғуларын үйреніп, тақпақтар, жаңылтпаштар жаттаймыз. Жүргізілген жұмыстан нәтиже шығару үшін ата-аналар логопедпен бірігіп жұмыс істеп, берген тапсырмаларды үйде қадағалап, баладан сұрап отыруы керек.

Логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі болып табылады.

Отбасының баланың тілін дамытуға түзетулер жасауға қатысуы

Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар. Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек. Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату. Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тиым салынады.

Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек. Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады. Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

Логопед кеңес береді

- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды, ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;

- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;

- балаға күн сайын қысқа және шағын ертегілер оқу;

- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;

- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық қайталау;

- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау. Оның мақсаты- дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істету. Артикуляцияға, дыбыстарды дыбыстауға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;

- балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;

- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қолдану керек;



- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жиі мақтау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет