Отбасы жағдайын зерттеуiнiң өзiндiк диагностикасы
Нұсқау: Сауалнама сұрағын оқыңыз. Егер сiз онымен келiссеңiз, бұл бланкiдегi нөмiрленген сұрақты дөңгелетiңiз. Егер келiспесеңiз, онда ол нөмiрдi сызып тастаңыз. Ал егер сұрақ қиын болса, онда оның тұсына сұрақ белгiсiн қойыңыз, бiрақ шын ниетiңiзбен жауап беруге тырысыңыз.
Мен жанұямдағы мүшелерiмнiң көбiне маған наразыланатынын бiлемiн.
Мен қандай әрекет жасасам да, бәрiбiр солай болып шықпайтынын сеземiн.
Мен көп нәрсенi iстеуге үлгермеймiн.
Жаняұмдағы келеңсiз жағдайға кейде тек мен ғана кiнәлi боп шығамын.
Мен өзiмдi жиi дәрменсiз сезiнемiн.
Мен үйде жиi ашуланамын.
Мен үйде өзiмдi ебдейсiз және икемсiз сезiнемiн.
Жанұямдағы кейбiр жандар менi парықсыз деп есептейдi.
Мен үйде бiр нәрсе үшiн ылғи алаңдаумен боламын.
Мен жиi өзiме деген жаняұмның сыншылдық көзқарастарын байқаймын.
Үйге бара жатқанда: “Мен жоқта бiрдеңе боп қалды ма?” - деп алаңдаумен боламын.
Үйде мен “әлi бiрсыпыра қыруар жұмыстарды бiтiру керек” деген оймен жүремiн.
Өзiмнiң ылғи артық екендiгiмдi сезiнемiн.
Үйдегi кейбiр жағдайларда мен өзiмдi дәрменсiз сезiнемiн.
Үйде маған ылғи өз-өзiмдi ұстауыма тура келедi.
Егер мен болмасам, менiң жоқтығымды ешкiм аңғармайтын сияқты.
Үйге бара жатып бiр нәрсенi iстеймiн деп ойлаймын, ал бiрақ үйге келiсiмен мүлде басқа iс iстеуге тура келедi.
Отбасымның жағдайын ойлай кетсем, уайымдай бастаймын.
Жанұямдағы кей жандар достары мен таныстарынан мен үшiн ыңғайсызданатын сияқты.
Бiр нәрсенi жақсы iстегiм келгенмен, ылғи да жаман боп шығады.
Жанұямдағы болып жатқан нәрселердiң көбi маған ұнамайды, бiрақ мен оны бiлдiртпеуге тырысамын.
Жауап беру парағы
-
Нөмiрленген сұрақтар
|
Ұпай жиынтығы
|
Шкал
|
ДМ
|
1 4 7 10 13 16 19
|
|
ӨКС
|
5
|
2 5 8 11 14 17 20
|
|
Б
|
5
|
3 6 9 12 15 18 21
|
|
Э-п
|
6
|
Барлығы
|
|
С
|
14
|
Д/м – диагностикалық мағына
ӨКС - өзiңдi кiнәлi сезiнуi.1
Б – беймазалық.2
Э-п- эмоционалды-психологиялық жағдайы және нервтi-психикалық күштену;3
1 Өз-өзiн кiнәлi сезiну – бостан босқа, қарадан-қарап, кез келген нәрсеге /бiр iс-әрекет iске аспаса/ өзiн кiнәлауы.
2 беймаза/ лану/ - мазасыз, тынышсыз, дамылсыз, тынымсыз адамдар.
3 эмоционалды-психологиялық жағдайы және нервтi-психикалық күштену – адамның iшкi жан дүниесiндегi психологиялық күйiнiш-сүйiнiш сезiмi.
Достарыңызбен бөлісу: |