Дөңгелек үстел барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ата аналарды отырғызу, парақшалар тарату.
2. Қызығушылығын ояту.
Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлап, бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді.Топтарға бөлініп, орындарына жайғасады.
3.Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Сынып жетекшісі:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала, ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға берілген ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
4. Видеоролик.
Көрсетілген видеоролик бойынша ата-аналар ойларын ортаға салады.
Достарыңызбен бөлісу: |