Ұйымдастыру
Басы
Үй тапсырмасын сұрау
Ортасы
Жаңа сабақ
Соңы
Үйге тапсырма
Рефлексия
3минут
Бағалау.
|
Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.Сынып 4 топқа бөлініп отырады.
Кім жылдам? Тест жұмысы 1-топ 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? а) 5 ә) 9 б) 8
2. Заттың атын білдіретін сөз табы? а) сын есім ә) сан есім б) зат есім
3. Жалқы есімді көрсет? а) Көкшетау, Жандос, Айғаным.
ә) Айсұлу, Өзен, Ертіс б) Балқаш, Айгөлек, Ағаш.
4. Туынды зат есімдер қалай жасалады? а) жұрнақ арқылы ә) сызықша арқылы б) түбір тұлғада
5. Заттың түрін,түсін білдіріп тұрған қатарды тап.
а) биік үй, ә) сұр бұлт, б) сараң адам
2-топ
Зат есімнің сұрақтары?
а) кімді? нені? ә) кім? не? б) кімге? неге?
2. Дерексіз зат есімді көрсет?
а) мектеп, ағаш ә) қалам,қағаз б) ақыл, қуаныш
3. Күрделі зат есімдерді табыңдар? а) Өнеркәсіп, ата-ана, озат оқушы. ә) Сарысу, Гүлсары, Күйші. б) Балқаш, Кітап, Оқушы.
4. Сын есімнің сұрақтары?
а) қалай?қайда?, ә) қай, неге?, б) қандай? қай?
5. Қышқыл қымыз, сын есімнің қай түріне жатады?.
а)заттың дәмі , ә) заттың түрі, б) заттың сапасы.
3-топ
1.Зат есім нешеге бөлінеді? а) 3 ә) 5 б) 2
2. Деректі зат есімді көрсет?
а) сезім, адамгершілік ә) қалам,қағаз б) ақыл, қуаныш
3. Күрделі зат есімдерді табыңдар? а) Өнеркәсіп, ата-ана, озат оқушы.ә) Сарысу, Гүлсары, Күйші.б) Балқаш, Кітап, Оқушы.
4. Сын есімді тап?
а) оқушы,сәби, ә) тар, зерек, б) жазды, оқыды.
5. Қандай? Қай? сұрақтары тән қатарды көрсет.
а) зат есім , ә) сын есім, б) етістік.
4-топ. Төменде берілген сын есімдер мен зат есімдерді қатыстырып сөз тіркесін жаса: Сын есімдер: домалақ, жасыл, тұнық, көкала, кішкене,ақ, сары, қызыл, көңілді, қызықты.
Зат есімдер: тастар, шөп, бұлақ, көбелек, балалар, адам,
кітап, гүлдер.
Негізгі сын есім – ешбір қосымшасыз, түбір күйінде қолданылады.
Мысалы: қара, көк, таза, жақсы,терең,т.б
Туынды сын есім –жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер.
Мысалы: көшпелі, кешкі, өнерлі, білімді,т.б.
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар
1. лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б.
2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сыз т. б.
3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б.
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б.
5. -шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б.
6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шен т. б.
7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей
8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз.
9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, қадмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т. б.
Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
1. -ғак,, -гек, -қак, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қак, тай-ғақ, үрк-ек т. б.
2. -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к т. б.
3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш т. б.
4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір т. б.
5. -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шак т. б.
6. -ыққы, -іқкі, -ңқы, -қкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы т. б.
7. -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, кұра-нды, түй-інді, т. б.
8. -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айнал-малы, жылжы-малы, ауыс-палы, көш-пелі т. б.
9. -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды т. б.
10. -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб-еген, қаб-аған т. б.
11. -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы т. б.
12. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма т. б.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
|
жаз
|
тас
|
сын
|
ұйқы
|
бәле
|
әсем
|
сүз
|
ал
|
жем
|
аш
|
сүрін
|
тау
|
-лы,
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
-ты,
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-сіз
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-ғы
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-шыл
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-қор
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
+
|
|
|
|
-паз
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
-ық
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
-ғыр
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
-шек:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
-еген:
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
132-жаттығу (ауызша)
Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратып айту.
133-жаттығу (тақтамен жұмыс)
Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек жазу.
134 – жаттығу
Көп нүктенің орнына берілген сын есім жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлем құрап жазыңдар
137 – жаттығу
Туынды сын есім жасаңдар
1-топ Көп нүктенің орнына төмендегі жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасаңдар:
Жұқ, көтер, тербел, бас, жылт, кіші, ұрыс,от, көйлек, тұса, жала, тас, тұз, жаз, күз,шоқпар.
Жұрнақтар: -палы, -іңкі, -мелі, -палы, -ыңқы, -рек, -ғыш, -дай, -гі, -ғы, -қақ, -шең, -тай, -мыс, -қор, -ды, -ді.
2-топ
Туынды сын есімдердің жұрнағын бір бөлек, түбірін бір бөлек жаз:
Көргіш. Айлакер. Жалпақ. Мүйізсіз. Күлкішіл. Ұзынша. Кішкентай. Ашулы. Ұстамды. Тершең. Ақшыл. Сұрғылт. Балалы.
3-топ «Ішке-сыртқа» стратегиясы.
Берілген сөздерден негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерді тауып «ішке» бөліміне жаз , қатыссызын «сыртқа» бөліміне жазыңдар.
Қалың, тұп-тұнық, сары ала, бозаң, әдемі, жіңішке, қоңырқай, малшы, ән, адам, биік-биік, сүйкімді, қонымды, аққу, белбеу, өткір көзді, аққұба, ақылды, әдепті, ақ сақалды, жирен қасқа
Сабақты бекіту
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма: 136- жаттығу.
|
кесте
кесте
семантикалық карта
|