7 қараша 1876 – Қоғам қайраткері, қазақ халқының
тұңғыш хұқ магистрі Жақып
Ақбаевтың туғанына 130 жыл
Жақып Ақбаев 1876 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Ол Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы, қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш хұқ магистрі.
1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1903-1905 жылдары Омбы сот мекемелерінде қызмет еткен. 1905-1907 жылдардағы бірінші ресейлік революция Ж.Ақбаевтың саяси көзқарасының шыңдалуына үлкен әсер етті. Бұл жылдары Ж.Ақбаев Омбы, Петропавл, Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында демонстрацияларға қатысып, митингілер мен жиналыстарда сөз сөйлейді.
«Степной край» /Омбы/ газетінде отарлау аппаратының озбырлығы мен жүгенсіздік әрекеттерінен, самодержавиенің халыққа жат саясатын әшкерлеген мақалалар жазып, еңбекшілерді патша өкіметінің отаршылық саясаты мен езгісіне қарсы күреске шақырыды.1906-1918 жылдары (ішінара үзілістермен) Семей округтік сотында қызмет істеді. 1906 жылы императорға тіл тигізгені, патша үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізген мемлекеттік қылмысы үшін тұтқындалып, 1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, 1910 жылы патша өкіметіне қарсы күресін тоқтатпағаны үшін Тобыл қаласына жер аударылды. 1917 жылы ақпан бужуазиялық-демократиялық революциясын Якутияда айдауда жүріп қарсы алды. 1917 жылы наурызда саяси қызметі үшін уақытша өкімет тарапынан қуғындалып, тұтқынға алынды. 1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. 1917 жылы 7 шілдеде Колчактың әскери-далалық соты Ж.Ақбаевты әскери-казак диктатурасын құлатып, Кеңес өкіметін қалпына келтіру үшін халықты көтеріліске шақырды деген айыппен өлім жазасына кесті. Кеңес өкіметінің Қалпына келтірілуімен азаттық алған Ақбаев 1919-1927 жылдары Семей губревкомының құрамында заң бөлімін басқарып, Семей облыстық сот мекемелерін ұйымдастыру ісіне белсене қатысты. 1927-1928 жылдары Сырдария округтік адвокаттар коллегиясының мүшесі болды. 1929 жылы жалған айыптармен қуғын-сүргінге ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1934 жылы сырқатының меңдеуіне байланысты түрмеден босатылып, Алматыға келген соң көп ұзамай қайтыс болды. Ж.Ақбаев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке хұқын зерттеп, баспасөз бетінде публицистикалық мақалалар жариялады.
Әдебиеттер:
Ақбаев Жақып // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 608-609 б.
Ақбаев Жақып // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. 4 том.- Алматы, 1988.- 653 б.
Алаштың азаматы: /Ж.Ақбаев туралы/ // Қарқаралы.- 1991.- №1.- 65-73 б.
Арiнұлы А. Қазақ елiне ортақ тұлғалар// Қарқаралы.- 2001.-3 ақпан
Асқар Н. Халқыңды Жақанша сүй, жас қазақ: Ж.Ақбаевтың туғанына 120 ж-на орай // Қарқаралы.- 1997.- 8 ақпан
Әбiлов Қ. Жерлесiмiз туралы бiр үзiк сыр: Қарєаралының 180 жылдығы қарсаңында Қарқаралы.- 2004.- 3 шiлде. Қарқаралы.- 2005.- N1.-51-52 б.
Әзиев Ә. Алаш туралы құнды еңбек: Жаңа кiтап// Орт.Қазақстан.- 2001.-10 қаңтар
Әуелбеков Ә. Жақып мырза кім болған: /Ж.Ақбаев туралы // Қазақ әдебиеті.- 1991.- №31
Байкенжина Л. Қарқаралы шежiресi - тарихи құжаттарда: Қарқаралы қаласының 180 жылдығына /Л.Байкенжина, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2004.- 18 мамыр.-7 б.. Қарқаралы.- 2004.- N2.-56-57 б.
Байкенжина Л. Қарқаралы шежiресi - тарихи құжаттарда: Қарқаралы қаласының 180 жылдығына /Л.Байкенжина, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2004.- 20 мамыр.-7 б.. Қарқаралы.- 2004.- N2.-60-61 б.
Дулатбеков Н. Жақаңа барар жол / Н.Дулатбеков, З.Тайшыбай// Орт.Қазақстан.- 2001.-5 қыркүйек
Ескерткіш тақта орнатылды: /Ж.Ақбаевқа/ // Қарқаралы.- 1998.- 10 қаңтар
Жақыпқызы А. Әкемнiң жұлдызы Ақтоғайда жанды: Тарих// Сана.- 2000.-7, 14 желт (N46, 47).-5 б.
Жақыпова А. Мен әкемді мақтан тұтамын: / Ж.Ақбаев туралы/ // Қазақстан әйелдері.- 1992.- №3.- 12-13 б.
Жақыпова А. Мен әкемді мақтан тұтамын: Естелік // Қарқаралы.- 1991.- №1.- 74-80 б.
Жақып мырза Ақбайұлы: Тарихи тұлғалар // Қарқаралы.- 1991.- №1.- 64 б.
Жанғожин А. Құқықтық мемлекет құру жолында// Орт.Қазақстан.- 2001.-12 қыркүйек
Жанысбай С. Ауыл мектебiнде // Орт.Қазақстан.- 2003.- 4 наурыз.-5 б.
Жарылғап М. Алаштың арқадағы үш арысы: /Ж.Ақбаев туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1998.- 8, 12 б.
Жарылғап М. Димаш ағамен осылай кездескен едiм: Д.Қонаевтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 12 қаңтар
Исабаев Ә. Текті ұлан әз анадан туады: /Ж.Ақбаев туралы/ // Балқантау.-1997.- 1 наурыз
Қасымов Ж. Аргуния апайдың хаттары // Қарқаралы.- 1998.- 19 желт.
Қасымұлы Ж. Ақбайдың Жақыбының ата тегі // Орт.Қазақстан.- 1996.- 12 қараша, 1997.- 5 ақпан
Қасымұлы Ж. Алты алаш арда²таған ақиық азамат: /Ж.Ақбаев туралы/ // Қарқаралы.- 1996.- №11-12.-22-47 б., 1997.- №1-2.- 50-80.
Қасымұлы Ж. «Менің әкем дара тұлғалардың бірі»: /А.Жақыпқызының жазған хаты/ // Орт.Қазақстан.- 1998.- 19 қырк.
Қашқынов Ж. Арыстардың құт мекенi: Ақтоғай ауданының арыстары туралы // Орт.Қазақстан.- 2000.- 17 мамыр
Қашқынов Ж. Шежiрешi: Өлеңдер // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 19 шiлде
Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғалар.- Алматы: Жетi жарғы, Ж/ж.- 36бет
Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi: Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары / Жауапты ред.Ғ.Сапарғалиев.- Алматы: Жетi жарғы, 1996.- 224 бет.
Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлерi саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы / Жауапты ред.Ғ.Сапарғалиев.- Алматы: Атамұра, 1998.- 135тг.
Құл-Мұхаммед М. "Алаш" бағдарламасы: қиянат пен ақиқат.- Алматы: Атамұра, 2000.- 240 бет.: сурет.Машабаев А. Жақып Ақбаев туралы монографияны қарағандылық зерттеушылер жазған // Орт.Қазақстан.- 1997.- 16 желт.
Ләмбекұлы С. Арыстар: Романнан үзiндi// Азия Транзит.- 2000.-N9 (желтоқсан).-35-38 б
Ләмбекұлы С. Арыстар: Романнан үзiндi// Орт.Қазақстан.- 2001.-10, 13 қаңтар
Ләмбекұлы С. Арыстар: Роман.- Астана: Елорда, 2000.- 368 бет
Ләмбекұлы С. Арыстар: Екiншi кiтаптан үзiндi // Орт.Қазақстан.- 2003.- 1, 4, 6, 8 ақпан.-16, 7, 6, 14 б.
Махмут Жарылғап. Алаштың Ақтоғайы /Құраст.:А.Сейдiахметов,Ж.Махмұт.- Қарағанды: Полиграфия, 1998.- 31 бет.
Сексенұлы С. Сот төрелiгi мен жастар алаңы: Тәуелсiздiтiң он жылдығына - 10 игi iс// Орт.Қазақстан.- 2001.-14 қараша
Тайшыбай З. Дүрбелең: /Ақбайдың Жақыбы туралы зерттеу/ // Орт.Қазақстан.- 1994.- 10, 12 қараша
Тайшыбай З. Жақып Ақбаев: «Менің рухым өлмейді» // Орт.Қазақстан.- 1996.- 25, 28 желт.
Темiрбай А. Жақып Ақбаевтың дипломы табылды. Ол бiзге тұп-тура бiр ғасырдан соң жетiп отыр // Егемен Қазақстан.- 2003.- 16 желтоқсан.-6 б.
Тоғжанов Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет.
7 қараша 1931 Қарағандыда алғашқы
радиохабардың эфирге шығуына 75 жыл
Жалпы Қазақстан жерінде радиохабарын тұрақты тыңдау 1928 жылы басталды. Ташкенттен, Омбыдан, Мәскеуден барілген концерттер қабылданып алынып, санаулы жерге ғана таратылған.
1931 жылы мамыр айында республикадағы хабар беретін қуаты 10 киловаттық тұңғыш радиостанция іске кірісті.
Ал Қарағанды облысында алғашқы радио хабар 1931 жылы 7-ші қараша айында эфирге шықты. Қарағандыда радиостанция Үлкен Михайловкадағы бұрын дүкен болған (қазіргі Крылов атындағы көшеде) аласа бір үйге орналастырылған. Онда 1934 жылы Кеңестер Одағының байланыс Халық Комиссариатының нұсқауымен сол кездегі облыс орталығы Петропавловскіден қуаты бір киловаттық М.Конч-Бруевичтің конструкциясымен жасалған «Кіші Коминтерн» атты радио хабарларын тарату станциясы әкелініп монтаждалған екен. Хабар тарататын антенна үшін биіктігі 50 метрден екі ағаш бағана орнатылып, ортасына сым тартылған. Радиохабарлары 1934 жылдың күзінен бастап беріле бастапты. Ол кезде радиостанцияның шақыру сигналы «РВ-46» деп атайтын. Оның тарату аймағы 150-200 шақырымдай ғана болатын.
1941 жылдың басында Кеңес Байланыс министрлігінің аға инженері В.Г.Васильков бастаған топ радио хабарын тарату станциясына реконструкциях жасайды. Оның тарату аймағы ұлғайып, қуаты бес киловатқа арттырылады. 1958 жылы оған екінші рет реконструкция жасалды.
Эфирдегі радиохабардың сапасы арта түсті. Бұл кезде Алматыда ғана радио хабарын тарататын «РВ-90» станциясы болған еді. Ол Қазақстанның ұлан-байтақ аумағын түгел қамти алмады. Сондықтан, 1957 жылы Қарағандыда осы заманғы жетілген радио Орталығын салып, пайдалануға беру жөнінде шешім қабылданды. Қазір тәулігіне 19 сағат жұмыс істейтін қуатты радио Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарын қамти бастады.
1975 жылы радиомачтасының биіктігі 257 метрлік ұзын толқындары сағат 18-ден 01 сағ.30 минутқа дейін жұмыс істейтін станция іске қосылды.
1983 жылдан Қарағандыда тәулігіне 2 сағаттық ультра қысқа толқын диапазонында стереофондық радиохабар таратылады.
Қазір оьлысымызда ондаған радио торабы, 400 мың радио және 500 мыңнан астам телевизия нүктелері бар. Барлық аудандар мен қалаларда жергілікті радио хабары жұмыс істейді.
Әдебиеттер:
Ақсұңқарұлы С. «Қарқарқаралыдан сөйлеп тұрмыз…/Радио күніне арналған/ //Коммунизм таңы. – 1988.- 6 мамыр.
Аманбаев К. Жоғарғы жауапкершілікпен: /Қарағанды облыстық телевизия және радио жұмысы/ //Орт.Қазақстан. – 1973.- 6 мамыр.
Аманбаев Қ. Халыққа қызмет етеді. /Облыстық радио хабарлары мен телевизия/ //Сов. Қарағанды.- 1962.- 6 мамыр.
Аймағамбетов О. Дыбыс инженері. /Михайл Куземин Қарағанды радиосының инженері/ //Орт.Қазақстан.- 1970.- 7 мамыр.
Аймағамбетов О. Ардагер радист. /Радио технигі М.Куземин туралы/ //Орт.Қазақстан.- 1979. 6 мамыр.
Аудан журналистерінің өзекті міндеттері. /Селолық радио күніне арналған баяндама/ //Орт.Қазақстан.- 1987.- 9 мамыр.
Әбдiраш Ә. Аяулы әже // Мысты өңiр.- Жезқазған, 2004.- 5 наурыз.-8 б.
Бақтыбаев Ә. Ауылға теледидар қашан келеді? /Қарағанды-Қарағайлы радио релейлі жүйенің құрлысы жайында/ //Орт.Қазақстан.-1978.- 28 ақпан.
Бейсембек Т. "Дала академиясының" соңғы түлегi: Әншi З.Жұбатованы еске алғанда// Орт.Қазақстан.-2000.-26 шiлде
Бейсенбаев А. Аса маңызды қызмет. /Радио және байланыс қызметкерлерінің күніне арналған мақала/ //Ленин туы.- 1987.- 7 мамыр.
Берлібекова Р. Қағазсыз газет. //Коммунизм таңы.- 1980.- 6 мамыр.
Елібаев Ә. Дәстүрлі мейрам.: Қазақ радио, телевизиясы //Соц.Қазақстан.-1970.- 7 мамыр.
Жанғожин А. Байланысшылар биігі.:Қарағанды-Қарағайлы радиорелейі. //Орт.Қазақстан.-1980.- 30 шілде.
Жанысбай С. «Мақсат – телехабар көлемін ұлғайту». Қарағанды телерадиокомпаниясының 40 ж-ғы қарсаңында: /Телерадиокомпанияның төрағасы С.Ж.Байдалымен сұхбат/ //Орт.Қазакстан.- 1998.- 16 мамыр.
Жанысбаев С. Шахтерлер астанасы. /Байланыс баспалдағы, телефон телеграф, эфирде-Қарағанды/ //Орт.Қазақстан.- 1984. –8 ақпан
Кузовков Ф. Қарағандыдан сөйлеп тұрмыз. //Орт.Қазақстан.- 1984.- 6 мамыр.
Кузовков Ф. Өмірмен тұрақты байланыс: /Радио күніне арналған/ //Орт.Қазақстан.- 1982.- 7 мамыр.
Қауысов Б. Мақам өнерінің майталманы. Қарағанды телевизиясына 40 жыл: /Облыстық телерадиоторабының дикторы Г.С.Рахимова туралы/ //Орт.Қазақстан.- 1998.- 20 мамыр.
Қашқынов Ж. Диктор Мырзабек Қуатбеков. Естелік //Орт.Қазақстан.- 1998.- 10 наурыз.
Құмарұлы Б. Еңбегi ел есiнде// Сарыарқа.-Жезқазған, 2001.-26 желтоқсан
Ләжимов Қ. Жаңа жағдайда жұмыс істейміз.Радио күніне арналған хабар:/Егіндібұлақ ауданы/ //Ленин туы.- 1988.- 7 мамыр.
Лұқпан Е. «Қарағандының Байжанбаевасы» Мерейтой:/Қар. Радиосы мен теледидарында дикторлық қызмет атқарған Е.Тиышмағамбетов туралы/ //Орт.Қазақстан.- 1997.- 27 тамыз.
Лұқпан Е. Қарағандыдан сөйлеп тұрмыз: Облыстық радиоға - 70 жыл// Орт.Қазақстан.-2001.-21 єараша
Миллиондар асуында.:Көшпелі редакция хабарлайды. //Орт.Қазақстан.- 1979.- 30 тамыз.
Оразбай Е. Көтерiлген эфирдiң аспанына: [диктор Ж.Асқарова туралы]// Орт.Қазақстан.-2005.- 17 наурыз.-11 б.
Путиев С. Табыс баянды етіледі. /Облыстың телевизия және радио комитеті жайлы/ //Орт.Қазақстан.- 1979.- 6 мамыр.
Сағынаев О. Диктор болғың келе ме? //Орт.Қазақстан.- 1987.- 10 желтоқсан.
Сағынаев О. Миллиондар аудиториясы. //Орт.Қазақстан.-1978.- 6 мамыр.
Сағынбеков Р. Көсем қанаттандырған! /Радио күніне арналған/. –Орт.Қазақстан.- 1981. –6 мамыр.
Шёкёрiмова Г. Бiзге Ѕлттыє мѕддемiздi єор№айтын радио керек/ Г.Шёкёрiмова, Г.Текенова// Сана.-2000.-7 желтоєсан (N46).-3 б
Шәкіров Т. Байланысшылар еңбек вахтасында./Радио күніне арналған/ //Орт.Қазақстан.- 1982. – 7 мамыр.
ШәкіровТ. Тиімді еңбектеніп, сапалы қызмет көрсетеміз. //Орт.Қазақстан.-1978.-7 мамыр.
Шырынбеков Б. Қағасыз газет. //Коммунизм таңы.- 1976.- 4,6 мамыр.
Үсебаев К. Миллиондар трибунасы. /Қазақ радио телевизиясы туралы/ //Соц.Қазақстан.- 1970.- 7 мамыр
Қараша 1976 – Қарағанды гуманитарлық
колледжінің құрылғанына 30 жыл
Қарағанды гуманитарлық колледжі мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне педагогикалық кадрларды 1976 жылдан бастап дайындап келеді. Колледж түлектері бастауыш сынып, музыка, бейнелеу өнері және сызу мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері қызметін облыс көлемінде ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдерде бала бақшалардың меңгерушісі және әдіскері болып жұмыс істеуде.
ҚазССР халыққа білім беру министрлігіне қарасты 1976 жылы Қарағанды педагогикалық училищесі ашылған. (Бейбітшілік бульвары, 22) 8-жылдық білім негізінде - музыка, бастауыш сынып, бейнелеу өнері сызу пәндерінің мұғалімдерін даярлайды. Училищеде қала мектептерінің музыка, бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімдерінің семинары жұмыс істеді. Педагогикалық училищеде 45 оқу класы, 7 оқу лабораториясы мен шеберханасы болды.
1985 жылға дейін училище 1060 маман даярлап шығарды. 1987-88 оқу жылдарында училищеде 800 оқушы оқыды, 150 оқытушы қызмет істеді.
Колледж 1994 жылдан Қарағанды облысы бойынша колледждердің базалық оқу орны болып бекітілді. 1995 жылы педагогикалық колледж болса, 1997 жылы гуманитарлық колледж болды. Қарағанды гуманитарлық колледжі облыстағы орта кәсіптік оқу орындары ішінде базалық колледж болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы шешімімен ол 1989 жылдан бастап облыстағы училищелер мен колледждердің базалық оқу орны болып бекітілген болатын. Соған байланысты мұнда жалпы білім беру пәндері бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде. Ол жалпы білім беретін пәндер бойынша 12 әдістемелік бірлестікті біріктіріп, жұмыстарын ұйымдастырады. Бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттары «Білім беру туралы» Заңды жүзеге асыруға, білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындауға, алдыңғы қатарлы педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізуге, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған.
Колледждің үрмелі оркестрін құруға оркестрдің бірінші жетекшісі М.А.Покасовтың сіңірген еңбегі ерекше. Республикадағы бірден-бір қыздар оркестрі осы жылдар ішінде мыңнан аса концерт беріп, республикамыздың көптеген қалаларында өнер көрсетіп жүр. 1991 жылы мамыр айында Мәскеуде, 2001 жылы мамыр айында өткен үрмелі музыка фестиваліне қатысты.
Колледждің алғашқы директоры, «ҚазССР оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісінің, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері Леонид Федрович Моргачев.
30 жыл тарихы бар колледж ұжымы алдыңғы қатарлы педагогикалық әдістемелерді енгізуде бастамашы болып келеді.
Әдебиеттер:
Әмiров Е.С. Қарағанды гуманитарлық колледжi: ҚГК дир. Е.С.Әмiровпен әңгiме /Әңгiмелескен Г.Танабаева//Орт.Қазақстан.- 2002.- 7 тамыз.-15 б.
Әмiров Е.С. Қарағанды гуманитарлыє колледжi: ҚГК дир. Е.С.Әмiровпен әңгiме / әңгiмелескен Г.Танабаева//Азия Транзит.-2003.- N7.-28-29 б.
Батурина Р. Әдiстемелiк көмек басты мұратымыз // Орт.Қазақстан.- 2002.- 10 тамыз.-9 б.
Педагогикалық училище //Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 463 б.
17-18 желтоқсан 1986 Қарағандыда студенттердің
«Желтоқсан» оқиғасына қатынасқанына 20 жыл
Желтоқсан оқиғасы Алматыдан басталып, ол Қазақстанның көптеген аймақтарын, соның ішінде Қарағандыны шарпыды. Оқиға барысынан құлағдар болған қарағандылықтар оны сырттай қызықтаушы, бақылаушы болып қана қалмай, оған үн қосты. Студенттер мен жұмысшы-жастар алматылық құрбыларына жасалып жатқан зобалаңды білсе де, өз жеке басын күйттеп, пендншілік танытпады, тәуекелге бел буып, әлденеше мәрте орап алатындығына қарамастан жалындаған жастарымыз қаймықпай, сол кездегі сыңаржақ саясатқа наразылығын білдірді.
16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда ұйымдық, мәселе қаралды. Пленум Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары міндетінен босатты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары болып бұған дейін Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші секретары болып істеген Г.Колбин сайланды.
Облыстардың жөні бір бөлек, республика компартиясының бірінші басшылығына халықтың арасында алдын-ала үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізбей, бірден сырттан әкелінген көлденең көк атты тағайындалар деп бір де бір қазақстандық ойлаған емес еді. Г.Колбиннің жасырын және халықты қорлайтындай түрде тағайындалуы ел ішінде толқу тудырып, жүрек түбінде жатқан запыран, ашу мен ыза жастар қозғалысы болып желтоқсанда бұрқ етті.
Сол кездегі астана - Алматыда басталған жастар толқуының жаңғырығы республикамыздың бар аймағына, соның ішінде Қарағандыға да жетті. (Е.Лұқпанов «Желтоқсан жаңғырығы» Болашақ Баспа, 2001 ж.)
Бұл күнде сақталған сол 1986 жылдың 19 желтоқсанындағы Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің құпия анықтамасы төмендегі жайлардан мағлұмат береді. Алматыдағы жастар толқуы туралы хабардың елге тарамауын қаншалықты қадағалап, тиісті шараларды қолға алғанымен (Алматымен телефон, телеграф байланысы үзілді, жолдарға күзет қойылды, поездар барар жеріне жете алмай қаңтарылып тұрды, самолеттердің ұшуына тиым салынды, қалаға сырттан автокөліктің келуі мен шығуына кедергі қойылды) сымсыз телефон бұрын-соңды болмаған оқиғаның өріс алып, кар құрсанып, мұз жастанған өрім жастардың тоталитарлық билік пен үлтты кемсітушілікке қасқая қарсы шыққан жанкештілігі туралы хабарды жамиғатқа жария етіп жіберген. Осы себептен Алматыда жастар толқуы 17-18 желтоқсан күндері болса, Қарағандыда 19-20 желтоқсан күндері өтті. Қарағанды облыстық партия комитеті шұғыл түрде оперативті топтар құрып, жастар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу шараларын қауырт қолға алды. Олар жоғары оқу орындарында, студент және жұмысшы жастар жатақханасында болды. Соған қарамастан жастардың топттасуына кедергі қоя алмады. Жоғары оқу орындары студенттері арасында байланыс орнап, жастар 19 желтоқсан күні сағат кешкі 20.00-де өздерінің Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің V пленумының шешімімен келіспейтіңдіктерін білдіру үшін қаланың Гагарин атындағы алаңыңда жиналатын болды.
Олардың арасында кейін билік орындары мың құбылтқандай нашақорлар да, маскүнемдер де болған жоқ. Жастардың көкейіндегі: «Қазақстанға бірінші басшы неге сырттан әкелінеді, қазақ елін неге қазақ басқармайды» деген сауалға ешкім жауап бере алмады. Жауабын бермейін деген жоқ, жергілікті шенеуніктердің өзі де орталықтың сыңаржақ саясатын қалың елге қайтып түсіндірудің ретін білмей тосылды. Сол күні кешкілік алаңға жиналған жастарды ішкі істер органдарының қызметкерлері күш жұмсап таратуға мәжбүр болды. Жастардың көбі құтылғанымен бір тобы ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардан түсінік алынды. Оларды «анығын айтып, кешірім сұрамасаңдар оқудан шығарамыз, комсомолдан қуамыз, жалпы жиналысқа саламыз, елдегі ата-аналарыңа хабарлаймыз» деп қорқытты. Бүгінде сол жастардың тиісті органдардың күштеп жаздырған түсініктемелерінің бәрі болмаса да біршамасы тиісті орындарда сақтаулы
19 желтоқсан күні кешкілік қуғын көрген жастар бастарын сауғалап, төнер қауіптен тосылып, бұғып қалмады. Ертеңінде 20 желтоқсан күні таңғы сағат 8-9-дан бастап кешегі алаңға жастар тағы да шоғырланды. Бұл сенбі күні болатын. Бұл уақытта Алматыдағы жастар толқуы күшпен басылып, ереуілшілерге қарсы тек милиция күші ғана емес, ішкі әскер, арнайы топтар да жұмылдырылған. Осы әсер етті ме жергілікті жердегілер бұл күні жастармен диалог жасауды қажет деп таппады. Қолға түскен қазақ жастарын топырлатып ұстап, машинаға тиеп, ішкі істер органдарына жеткізді. Олардан қатал түрде тергеу алынды.
Кейін осы оқиғаға қатысуына байланысты Қарағанды университетінен 12, политехникалық институттан 6, мединституттан 28, кооператив институтынан 3, сондай-ақ пединституттан да бірнеше студент оқудан шығарылды. Мәдени-ағарту училищесінен 9, есеп-кредит техникумынан 2 оқушы оқудан кетуге мәжбүр болды. Жоғары оқу орындарындағы қызмет атқарушы 59 адамға қатаң сөгіс берілді. Еңбек ұжымдарында желтоқсан оқиғасына қатысы бар дегендер жалпы жиналыстарға салынып, қатаң сынға алынды. Студенттер мен жұмысшы жастардың ата-аналары да жазасыз қалмады. Олар жас ұрпақты коммунистік рухта тәрбиелеуде кемшілік жібергендері үшін қатаң жазаланды. Партияда барлар қатаң сөгіс алды, тіпті кейбірінің қызметі төмендетілді. Бірнеше адамға сот болып, оның барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елге сабақ болу үшін баршаға жария етілді.
Бір сөзбен айтқанда, желтоқсан оқиғасына қатысы бар деп танылған еш адам жазасыз қалмады. Бірақ та бұл барша еліміз тәрізді Қарағанды жастарын да жасыта алмады. Олар ортақ мүдде, ел болашағы үшін күресте өздерінің барша әріптестерімен ниеттес екендігін өз істерімен, әрекеттерімен таныта білді.
Әдебиеттер:
Аманбай қажы тегi А. Желтоқсанға арнау: Өлеңдер//Азия Транзит.- 2001.-N12.-48 б.
Арғынбаев Қ. Туған жер: [Өлеңдер]// Азия Транзит.-2002.-N3.-51 б.
Асқаров Қ. Рухым, арым - Желтоқсан: Өлең// Азия Транзит.- 2001.-N12.-6 б.
Ахметов І. Жала мен жара немесе М.Абақанов жайлы ақиқат// Орт.Қазаєстан.- 2001.-10,24 ақпан
Әбiшев Ә. Айтпай кеттi демеңдер: Естелiк// Орт.Қазақстан.- 2000.-17-31 мамыр, 3-14 маусым
Балташұлы Е. Қазақ жастарының ғаламат ерлiгi немесе Желтоқсан көтерiлiсiнiң тарихи мәнi: Тәуелсiздiк жылнамасы-1996// Орт.Қазақстан.- 2001-25 шiлде
Бекмаханұлы И. Желтоқсан жаңғырығы ұмытылмайды: Театр// Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-25 мамыр
Бекмаханұлы И. Дәуiр шындығын бейнелеген қойылым: Театр// Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-25 көкек
Бекмаханұлы И. Мұз үстiнде жанған от: Желтоқсан оқиғасының құрбаны, батыр қыз Л.Асанованың рухына//Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.- 15 желтоқсан
Бердалина Т. Әлемге әйгiлi - 1986: мұзда жанған алау// Сыр мен сымбат.- 2004.- N12.-4-5 б.
Дастанбеков І. Желтоқсан құрбандары //Сарыарқа.- Жезқазған, 2003.- 12 желтоқсан
Жанботаев Д. Ерлiктi дәрiптеген қойылым: Театр//Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.- 15 желтоқсан
Жанғожин А. Ақиқатқа айналған арман: Тәуелсiздiк жылнамасы-1991// Орт.Қазақстан.- 2001.-28 ақпан
Жанғожин А. Желтоқсан жаңғырығы: Қазыналы қарашаңырақ/ А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.-2004.- 27 қаңтар.-4 б.
Жүнiсұлы О. "Жүрегiмде жазылмас жара қалды": Желтоқсан жаңғырығы// Орт.Қазақстан.- 2004.- 16 желтоқсан.-11 б.
Кежекұлы Ж. Рух бар жерде халық бар: Жебе сөз// Сана.- Қарағанды, 2000.-14 желт (N47).-3 б.
Көшенов Б. Тектiлiк тiршiлiктiң бәрiне тән: ӨӨлеңдер// Орт.Қазақстан.- 2001.-7 шiлде
Қабылдаұлы С. Желтоқсан дауысы: [Өлеңдер]// Орт.Қазақстан.- 2000.-16 желт.
Лұқпанов Е. Желтоқсан жаңғырығы: Қарағанды 19-20.Х11.1986 ж.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2001.- 36 бет.
Мұғалiмжанұлы С. "Ақмола оқиғасына" қатысқан ардақты аға// Азия Транзит.- 2002.-N3.-50 б.
Мұщанов М. Заң бұзушылардан зардап шеккен Мейрам Абақановты ақтап алу парызым едi //Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.- 10 қазан. Орт.Қазақстан.- 2002.- 14 тамыз.-11 б.
"Ол күндердi еске алудың өзi қиын" - дейдi қанды оқиғаның ортасында болғандар// Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.- 15 желтоқсан
Омарбекұлы М. Мың өлiп, мың тiрiлген халықпыз...немесе Тәуелсiздiгiмiздiң 10 жылдығы қарсаңындағы сөз// Орт.Қазақстан.- 2000.- 16 желтоқсан
Омарбекұлы М. Көресiң бе сен менi, мен - қазақтың баласы // Орт.Қазақстан.- 2003.- 11 желтоқсан-5 б.
Омарбекұлы М. Қазақ рухы// Қарқаралы.- 2004.- 14 желтоқсан
Сағынтай С. Ұлтымның ұлы ұраны: Желтоқсан оқиғасына-15 жыл// Балқаш өңiрi.- 2001-14 желтоқсан
Смағұл С. Желтоқсан жаңғырығы //Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.- 19 желтоқсан
Смағұлов Ғ. Әрiптесiмiздiң жаңа еңбегi: [Е.Лұқпановтың "Желтоқсан жаңғырығы" кiтабы туралы] // Орт.Қазақстан.- 2002.-17 сәуiр
Темiрұлы М. Қуан қазақ азаттық алғаныңа": Азап пен Азаттық жайындағы толғаулар // Азия Транзит.- 2002.- N12.-22-25 б.
Тiлеубай Т. Қазақтың қаhарман қызы: [Желтоқсан оқиғасының құрбаны, батыр қыз Л.Асанованың рухына]// Сана.-2000.-14 желт. (N47).-1 б.
Тiлеубай Т. Іыран-жырды» дабылы "Саржайлауда" єа№ылды..// Сана.- Іара№анды, 2000.-29 желт. (N48).-3 б.
ТiлеукеЅлы А. Желтоєсан// Іарєаралы.- 2001.- 20 єа»тар
µлтын сѕйген Ѕландар: 1986 жыл№ы Желтоєсан оєи№асыны» (19-20) Іара№андыда№ы єаралы iздер// Азия Транзит.- 2000.-N9 (желт.).-4-7 б.
Үсiкке ұрынған үш тал гүл. Қайда жүр екен, хабарласса ғой шiркiн-ай.: Желтоқсан оқиғасына-14 жыл//Азия Транзит.- 2000.-N9 (желт.).-8 б
Халиолла М. Желтоқсаншылар аманаты елiм деген ерге сын: 17 желтоқсан-Демократиялық жаңару күнi// Орт.Қазақстан.- 2000.-16 желт..
Шаханов М. Сертке берiк Серiкхан: [Қар. обл. прокуроры, аға заң кеңесшiсi С.Жақыпов туралы]//Орт.Қазақстан.- 2000.-16 желт.
Шындығымның шылдырлаған шынжыры.: [Желтоқсан оқиғасы туралы]// Сана.- 2000.-14 желт. (N47).-3 б.
Ырысбайұлы Д. 1986 жыл. Желтоқсан: Өлең// Сана.- 2000.-14 желт. (N47).-1 б.
Iзтiлеуов Д. Азаттық үшiн алысқан едi, есiл ер: Жанайдар Сәдуақасов өмiрiнен // Орт.Қазақстан.- 2000.- 31 мамыр
Достарыңызбен бөлісу: |