Никанорович Алалыкинның туғанына 120 жыл
Г.Н.Алалыкин Қарағанды қаласының алғашқы дәрігерінің бірі, хирург, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрәгері 1886 жылы дүниеге келген. Ол 1911 жылы Қазан университетін бітіріп, 1911-14 жылдары Петербургте әскери-медициналық академиясының профессоры В.М.Жуковскийдің клиникасында ординатор болады. 1914 жылы майдандағы армия қатарына алынады.
1922-30 жылдары Украинаның Умань қаласындағы ауруханада дәрігер болып істейді. Ал 1930 жылы мамыр айында Қарағандыға керуен келді. Жолаушылар арасында әр түрлі мамандық иелері бар болатын. Солардың ішінде алғашқы дәрігерлер, медициналық құрал-жабдықтар да ала келген екен.
Бұған дейін Қарағанды облысында тек Қарқаралы округінде ғана орта бірер дәрігер болған.
Ақмола округі бойынша N58 бұйрық бойынша Г.Н.Алалыкин Қарағанды кен орнына әлі салынбаған ауруханада бас дәрігер болып жіберілген.
Аурухана үшін концессия басқармасының үйі бөлінеді. Бұған дейін бұл үйдің жартысы шахтаның ат қорасы, жартысы жатақхана болған. Ол кезде шахтадан көмірді шығаратын. Қарағандының алғашқы дәрігерлері өз қызметін осындай жағдайда бастаған еді. Ауруларды амбулаториялық қабылдау бір ғана бөлмеде жүргізілген.
1931 жылы Қарағандыда хирургия, терапия, педиатрия, құлақ, мұрын, тамақ, көз аурулары, акушер-гинекологтың, тері-венерология аурулары, тағы басқалары бойынша мамандырылған дәрігерлік көмек қалыптаса бастады. 1933 жылдың соңында денсаулық сақтау жүйесінің негізгі буындарында ұйымдастыру жұмыстары аяқталды. Аурханалар мен амбулаториялар және басқа емдеу мекемелері қара кірпіштен салынған, немесе, тақтаймен шегеленген үйлерге орналастырылды.
1946 жылы Қарағандыдағы N1 клиникалық ауруханада Г.Алалыкин бөлімше меңгерушісі болып, көптеген хирургтерді әзірлеп тәрбиеледі. Оның басшылығымен қалада шахтерлерге көмек көрсету жөніндегі травмотологиялық пунктер ұйымдастырылды.
1936 жылы Г.Н.Алалыкин Ленин орденімен, медальдармен және БОАК грамотасымен марапатталған. 1943 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сңіірген дәрігері деген атақ берілген. Г.Н. Алалыкин 1960 жылы қайтыс болды. Қазір Қарағанды қаласында Г.Алалыкин есімімен көше аталады.
Әдебиеттер:
Алалыкин Г.Н // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.-97-98 б.
Поспелов Б. Денсаулық күзетінде: Тұңғыш дәрігерлер // Орт.Қазақстан.- 1984.-1 ақпан
1 қыркүйек 1976 – Облыстық жасөспірімдер
кітапханасының құрылғанына 30 жыл
Облыстық жасөспірімдер кітапханасының тарихы 1976 жылы қыркүйек айынан басталады. Ең алғашқыда ол парк басқармасының 2 бөлмесінде орналасып, оның штатында 11 адам жұмыс істеген.
1979 жылы қаңтарда кітапхана Н.Әбдіров даңғылындағы 300 шаршы метрлі үй-жайда орналасқан. Кітапхананың беделі қаланың халықтары әсіресе жастар арасында күрт өскен.
1995 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ержанов көшесіндегі бұрынғы балалар бақшасы үйіне түпкілікті орын тепті. 1979 жылы балаларға қызмет көрсету бөлімі ашылғаннан бері кітапхана қызметін пайдаланушылардың жастық диапазон саны едәуір көбейген.
2001 жылы кітаханаға ақын, жазушы, журналист қоғам қайраткері Жайық Бектұровтың аты берілді. Кітапханадан Жәкеңнің мұражай-кабинеті, оқу залы ашылып, оған бес мыңдай құнды кітаптар қойылған.
Бүгінгі күнде 14704 мың жуық адам кітапхана қызметін пайдаланады, ал кітап қоры 132155 дана басылымдары есептелген, оның ішінде қазақ тілінде 13001 қазақ тілінде, 119154 орыс тілінде, 11 басқа тілдерде. Кітапханашылардың ұйымдастыруымен 1996 жылдан бастап кітапханада «Бота» интеллектуалдық жасөспірімдер орталығы құрылған.
Облыстық жасөспірімдер кітапханасы нарық жағдайына сәйкес өзінің жұмысын жандандырып келеді. Бюджет тапшылығының орнын толтыруға күш салған бұл ұжым «Сорос-Қазақстан» қорына жоба ұсынып, содан едәуір қаржылай көмек алған. Бірінші рет 1997 жылы осы халықаралық Қорға «Алан» деген жоба ұсынылып, грантқа қол жеткізді. Оған көптеген кондырғылар, компьютер, көшіріліп басылатын бұйымдар алынды. Ал 1998 жылы «Түрлі-түсті электронды почта» деген жоба Будапешт қаласында орналасқан Халықаралық Ашық Қоғам институтының кітапханалар байқауына қатысып 7 мың долларлық грантқа ие болды. Сөйтіп, облыстық жасөспірімдер кітапханасы осылайша «Сорос-Қазақстан» Қоры мен Халықаралық Ашық Қоғам институты гранттарын балалардың интеллектуалды дамуына ұтымды пайдаланады. Кітапхананың директоры Г.Бекбалақова әлемдік ұйымдармен байланыс жасауда көп тәжірибе жинақтаған. Сонымен қоса, қойған талаптарын орындауда жұмыстар атқарған.
30 жылдың ішінде кітапхана жасөспірімдермен жұмыс саласында облыстық әдістемелік орталық болып саналады. Осы жылдар ішінде көптеген әдістемелік және библиографиялық құралдар басылып, әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатымен жолсапарлар ұйымдастырады.
Әдебиеттер:
Атамбаева Ж. Жасөспірімдер кітапханасына-20 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 15 қазан
Бұлғақбаева Б. Игі істер ұйтқысы: /Обл. жасөспірімдер кітапханасы жөнінде//Орт.Қазақстан.- 1981.- 22 сәуір
Досаров С. Достықтың жарқын көрінісі: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында өткен Арменияның тәуелсіздік күніне арналған кеш тур./// Орт.Қазақстан.- 1998.- 30 қырк.
Досаров С. Қаныш ағаның аруағына бағыштады: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында «Қ.И.Сәтбаевқа-100 жыл» атты мерекелік кеш тур.// Орт.Қазақстан.- 1999.- 24 сәуір
Жақыпова Г.Жасөспiрiмдер кiтапханасы өткен жол: Қарағанды - Қазақстанның 2001 жылғы кiтапханалар астанасы // Орт.Қазақстан.- 2001.- 3 қараша
Жақыпова Г. Дiн мәселесiне арналған семинар // Орт.Қазақстан.- 2002.- 30 қаңтар
Жүнісов С. Кітапханада өткен кездесу: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында өткен «Орталық Қазақстанның» 60 ж-на арналған кеш жайында// Орт.Қазақстан.- 1991.- 16 қаз.
Қаленова Н. Жаңалық оқырман үшiн // Орт.Қазақстан.- 2002.- 5 қаңтар
Қаленова Н. Кiтапханадағы игi iстер: Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына - 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-10 б.
Қанатова Г. Жастықтың жықпа жалқауын // Орт.Қазақстан.- 2002.- 6 сәуiр
Құрманбаева А. Дәстүрлi музыкаға арналған кеш// Сана.- 2000.-19 қазан (N40).-2 б.
Қауысов Б. «Келісіп пішкен тон келте болмас..: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында «Аймақ өмірінің айнасы» атты тақырыпта өткен кездесу тур.// Орт.Қазақстан.- 1998.- 9 сәуір
Құрманғалиқызы А. Жастар талаптансын десек «Бота»-ға қолдау жасайық: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында «Білгенге маржан» клубының тұсаукесері тур// Орт.Қазақстан.- 1996.- 4 мамыр
Оразбай Е. Ән-сапар арқау болған әсерлі кеш: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында өткен «Алтын бесік ән-орда» атты кітабының тұсаукесері тур.// Орт.Қазақстан.- 1998.- 19 желт.
Оразалиева Г. Жаңа кітапхана: /Обл. жасөспірімдер кітапханасы тур// Орт.Қазақстан.- 1979.- 30 тамыз
Оразалиева Г. Оқырманға апарар жол: /Обл. жасөспірімдер кітапханасы тур.// Орт.Қазақстан.- 1982.- 8 мамыр
Райымбекқызы Ж. Ана тiлiн бiлмейтiн "бiлiмпаздар"// Орт.Қазақстан.- 2002.- 25 қыркүйек.-13 б.
Рүстемова Г. Жасөспiрiмдер проблемалары талқыланды// Орт.Қазақстан.- 2001.-17 наурыз
Тойбекова Ж. Әуезов әлемі: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында М.Әуезовтың 100 ж-на арналған кеш тур.// Орт.Қазақстан.- 1997.- 4 маусым
Тойбекова Ж. Грант алған кітапхана: /Обл. жасөспірімдер кітапханасы тур.// Орт.Қазақстан.- 1999.- 24 наур.
Тойбек Ж. Жазушы Жайық және ақын Базарға ашылған мұражай: өнер саңлақтары// Орт.Қазақстан.- 2005.- 2 сәуір.-13 б.
Тiлеубай Т. Мәдениеттi жастар жеткiзедi: [Обл. жасөспiрiмдер кiтапханасындағы "Бота" интеллектуалды жастар орталығының дөңгелек үстелi]// Сана.- 2000.-4 мамыр (N17).
Тілегенова Р. Қазақша бөлім ашылды: /Обл. жасөспірімдер кітапханасында// Орт.Қазақстан.-1991.-5 қаз.
Тілегенова Р. Өркениет діңгегі: /Обл.жасөспірімдер кітапханасы тур.// Орт.Қазақстан.-1992.-5 маусым
Тілеубай Т. «Бота» керуенінің акциясы: /Қар.обл. жасөспірімдер кітапханасының «Бота» орталығының акциясы тур.// Орт.Қазақстан.- 1999.- 3 сәуір
Тілеубай Т. Кітапханадағы білім тойы: /Обл. жасөспірімдер к-да ашық есіктер күндері тур.// Орт.Қазақстан.- 1999.- 4 қырк.
Сексенұлы С. "Кiтабым - асыл бұйым төрiмдегi" дейтiн жазушы Ж.Бектұровтың аты кiтапханаға берiлдi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 1 қаңтар
Сексенұлы С. Жазушының мұражай кабинетi ашылды // Орт.Қазақстан.- 2001.- 15 желтоқсан
2 қыркүйек 1906 ж. – Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның корр. мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, геолог Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың туғанына 100 жыл
Ақжан Жақсыбайұлы Машанов 1906 жылы 2 қыркүйекте қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нүркен атындағы ауылда дүниеге келген.
Геолог, маркшейдер, геология-минералогия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның корр. мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері А.Ж.Машанов 1939 жылы тау-кен институтын бітіргеннен кейін ССРО ҒА-ның Қазақ филиалында аға ғылыми қызметкер, ҚазПИ де, Кен-металлургия институтында жауапты қызметтер атқарады.
1960 жылдан Қазақ политехникалық институтының маркшейдер кафедрасының меңгерушісі болады. Машанов Қазақстан геомеханиктер мектебінің негізін салушылардың бірі, тау жыныстарының беріктігі жөнінде жаңа теория ұсынды. Геомеханика әдістерін қолдану нәтижесінде Жосалы мыс кенін, Ақбастау мен Құсмұрын мыс-колчеден кендерін ашты. Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеп, бірнеше монография жазды, оның еңбектерін қазақ тілінде алғашқы оқулықтар, ғылыми-фантастикалық кітаптар, геология және тау-кен ісі саласында қазақша терминология сөздігін шығарды.
А.Ж.Машанов қазақ шаңырағындағы ғылыми-фантастика жанрының дамуына елеулі үлес қосты. Оның 1957 жылы жазған "Жер астына саяхат" атты көлемді шығармасы осы жанрдың бастамасы болды. Онан кейін ғалымның "Ғажайып от ошағында" (1978), "Табу" (1982) ғылыми-фантастикалық кітаптары жарық көрді. 1982 жылы жарыққа шыққан "Оттас" атты топтаманың осы аттас повесть-буримесінің алғашқы бөлімін жазды. Машанов ғыл.-фантастикалық шығармаларында ғылыми-танымдық саяхаттар арқылы қазақ жерінің қойнауы мен тарихына болжам жасайды. Ғалымның "Аспан ертегілері", "Ғылыми фантазия әдебиеттің жанры", "Фантазия және шындық", "Ғылым ойдың әдеби жолы", "Аспан баспалдағы", "Ғылыми фантастикалық әдебиеттер туралы" атты ғылыми-танымдық мақалалары қазақ ғылыми фантастикасының қыры мен сырын аша түседі.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған.
Әдебиеттер:
Машанов А. Әл-Фараби, Кеплер, Галилей және ислам ғылымы // Зерде.- 1994.-№3.- 22-24 б.
Машанов А. Әл-Фараби және Абай.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 192 бет.
Машанов А.Ж. Әл-Фараби [870-970] Тарихи деректі кітап. Алматы; «Жазушы»,-1970. – 245 б.
Машанов А.Ж. Ғажайып от ошағында / А.Машанов, Ж.Машанова.- Алматы: Қазақстан, 1978.- 142 б. сур.
Машанов А.Ж. Жер сыры: Алматы.-1948.- 180 б.
Машанов А. Сарыарқа деп неліктен аталған // Коммунизм таңы.-1974.- 3 қазан.
Машанов А. Шындық іздеген заман жетті //Зерде.- 1989.- №9.-1-3 б.
***
Баймуханов М. Адамды өз атымен атайтын халық: Сыр-әсер, ой-толғам, ғибрат.-Қарағанды: ТОО "Арко", 2002.- 93 бет.
Бердібаев Р. Ғұлама мұраты //Жас алаш.-1991.- 13 қараша.
Ләмбекұлы С. Ақжанның арашасы: Ақжан Машановтың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 20, 22 қаңтар.-10 б.
Нүрпейiсова М. Ғұлама: Ақжан Машанидiң туғанына 100 жыл толуы қарсаңында// Қазақ әдебиетi.- 2004.- 1 қазан.-6 б.
Төлеубаев Е. Ақжанның ақ жолы: Ақжан Машанидiң туғанына 100 жыл толуы қарсаңында // Қазақ әдебиетi.- 2003.- 26 желтоқсан.-11 б.
6 қыркүйек 1906 – Жазушы, ғалым,
әдебиеттанушы Сейділ
Талжановтың туғанына 100 жыл
Ғалым, аудармашы, сыншы, тарихшы Сейділ Омарқлы Талжанов 1906 жылы 6 қыркүйекте Нұра бойындағы Қаракемер деген жердегі (қазіргі Ақмешіт шаруашылық қожалығы) Тоқтамыс аралында дүниеге келген. С.Талжановтың әкесі Омар 1921 жылы Колчак қарақшыларының қолынан қаза табады. Осы жылы жас Сейділ Петропавл қаласына барып, тоғыз жылдық орыс мектебіне оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады да. Ташкенттегі Орта Азия университетінің шығыс факультетіне оқуға түседі. 1931 жылы осы факультетті бітіріп ол Алматыға келсе, ағасы Әшім түрмеде екен. Оның артынан екі баласы, хат танымайтын әйелі қалады. Сондықтан да Сейділ ағасының отбасына көмектесу мақсатында әрі қарай өзінің оқуын тоқтата тұрады.
С.О.Талжанов 1934 жылы Алматыдағы Қазақтың пединститутын бітіреді, Қаз ССР оқу министрлігінде, Ауыл шаруашылығы институтында (1934-1937), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (1956-58), Қаза² ССР Ғылым Академиясында (1958-1972) қызмет істеді.
Оның алғашқы әңгімелері 1927 жылы жарияланды. «Ұстаның үйі» (1957), «Сейфулланың Сәкені» (1959), «Адам туралы аңыз» (1965) повестерінде жұмыскер бейнесі мен С.Сейфуллин, Қ.Айнабеков сияқты ағаларымыздың өнегелі өмірін суреттеген. «Өткен күндер сөйлейді» деген жинағы С.Талжановтың туған халқына арналған соңғы лебізі, ақырғы шығармашылық туындысы. Мұнда жазушының туған әдебиетіміз жайлы ой толғаныстары, сын мақалалары, естеліктері мен шежіре әңгімелері енген. Оның «Көркем аударма туралы», «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» монографиясымен қатар мерзімді баспасөз бен ғылыми басылымдардағы мақалаларын, конференциялар мен симпозиумдардағы сөздері мен баяндамалары жеткілікті. Көп жылғы осы бағыттағы еңбегінің нәтижесінде ол 1962 жылы филология ғылымының кандидаты, 1972 жылы филология ғылымының докторы деген ғылыми дәрежеге ие болды. Сонымен қатар ол А.С.Пушкин, М.Горький, В.Г.Белинский, Ф.М.Достоевский кейбір шығармаларын қазақ тіліне С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтың, Б.Майлиннің біраз шығармаларын орыс тіліне аударған.
С.Талжанов ауыл шаруашылық институтында тіл кафедрасында доцент болып қызмет істеп жүргенде 1937 жылы НКВД ұстап әкетеді, сотталады. Кейіннен аман-есен елге оралған соң жұмысын әрі қарай жалғастырады.
Ол өзі туралы естелігінде: «…Сол дәуірдегі нәрлі, өнерлі, қабырғалы қайраткер ағалардың арасында өстім. Еңбекке үдере отырғаныма 15 жыл толды, бұл шағы мерзім екі диссертация жаздым, әлем әдебиетінен, орыс классиктерінен бір қыдыру аударма жасадым, төл әңгімелер, повестер жаздым, өнер, ғылым мәселелері жөнінде Алматы, Мәскеу аудиторияларында баяндамалар жасадым, жастар арасында, мектеп шәкірттері алдында туған әдебиет жайлы әңгімелер айттым. Алпыс алты жасым ішінде құныға, құшырлана, рахаттана еңбек істеген он бес жылыма өкпем жоқ»,-деп жазды
Жазушы, аудармашы, ғалым С.О.Талжанов 1972 жылы желтоқсан айында дүние салды. С.О.Талжановтын озынен кейін қалдырған әдеби мұрасы қазақ әдебиеті тарихынан үлкен орын алады.
Әдебиеттер:
Талжанов С. Адам туралы толғау: әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1965.-176 б.
Талжанов С. Өткен күндер сөйлеседі: Естеліктер мен шежіре әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1979.- 348 б.
Талжанов С. Сейфулланың Сәкені: Повесть.- Алматы: ҒМКӘБ, 1959.-201 б.
Талжанов С. Ұлдай кегі: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1968.-248 б.
Ол туралы
Ахметжанұлы К. Өнегелi өмiр: Сейдiл Талжановтың туғанына 95 жыл толуына орай / К.Ахметжанұлы, Ә.Әкiмбкқызы// Нұра.- Киевка, 2001.-13 қазан
Әкімбекқызы Ә. Арқаның ардақтысы: С.Талжановтың туғанына-90 жыл // Нұра.-1996.- 3 тамыз
Әлiмбекұлы С. Тағдыры тайғақ Талжанов// Қазақ әдебиетi.- 2005.- 11 наурыз.-10 б.
Бектұров Ж. Ғалым-жазушы: С.Талжановтың туғанына-80 жыл // Орт.Қазақстан.- 1986.- 13 қараша
Бектұров Ж. Талжанов С. атында: /Нұра ауд. Захаровка селосының орта мектебіне жазушы С.Талжанов аты берілді// Орт.Қазақстан.- 1989.- 12 мамыр
Бiлгiшбайқызы Ш. "Жылқы" жылы келдi жылыстан// Нұра.- Киевка, 2001.-29 желтоқсан
Кәрібаева Б. Абзал адам, асыл ер еді: С.Таалжановтың туғанына-90 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 10 тамыз
Көбеков С. Үлкен ғалым еске алынды// Нұра.- Киевка, 2001.-3 қараша
Сүлейменова Н. Жазушы, аудармашы, ғалым: С.Талжановтың туғанына-90 жыл // Нұра.- 1996.- 22 маусым
Сыпатаева М. Бiздiң үйдiң қонақтары: Естелiктен үiндi // Орт.Қазақстан.- 2000.- 26, 29 шiлде
Талжанова-Шамшиева З. Сейділ Талжанов есімі берілді // Қазақ әдебиеті.- 1989.- 21 шілде
Хасенов М. Сейіл ағаң қайтып келген күн.Тағдыр: /С.Талжанов туралы// Орт.Қазақстан.- 1989.- 28 маусым
Ыбыраев Б. Сейділ нағашым есіме түссе..: Жазушы С.Талжанов туралы бір үзік сыр // Орт.Қазақстан- 2000.-22 сәуір
10 қыркүйек 1921 – Даңқ орденінің толық
иегері Мүтәш Сүлейменовтың туғанына 85 жыл
Мүтәш Сүлейменов 1921 жылғы 10 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра ауданының Казгородок ауылында шаруа отбасында туған.
Қазақ орта мектебінде оқып, 9 кластық білім алды. 1941 жылдың мамыр айынан Нұра ауданының Чкалов атындағы колхозында есепші болып еңбек жолын бастады.
1942 жылдың 12 қаңтарында армия қатарына шақырылды. 1942 жылдың қазан айынан 49-шы Армиянының 139-шы Рославск Қызыл Тулы дивизиясында, 2-ші Беларусь майданында бағыттаушы және 45-мм зеңбірек орудиесінің командирі болды.
Беларусь соғысында 1944 жылы Мүтәш ағамыз ІІІ дәрежелі Даңқ орденін иеленді.
Кнышин қаласы және оның маңындағы соғыста М.Сүлейменов басқарған орудие расчеты неміс фашистерінің үш пулемет орнын және жиырмаға тарта гитлершілерді жойып жіберіп, біздің жаяу әскерлердің одан әрі жылжуына мүмкіндік жасады. Осы соғыстағы ерлігі үшін сержант М.Сүлейменов ІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Ол Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін 1945 жылғы 29 маусымда І дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1945 жылғы 9 мамырды, Жеңіс күнін М.Сүлейменов Берлин төңірегінде қарсы алды. 1945 жылғы 24 маусымда Москвада Қызыл алаңда болған Ұлы Жеңіс парадына қатысқан.
Әскер қатарынан оралған М.Сүлейменов бейбіт еңбек жолын 1946 жылы Нұра ауданының қазақ орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қызметінен бастап, 1987 жылға дейін үздіксіз еңбек етті.
1968 жылы Қарағанды педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірді.
М.Сүлейменов «Қазақ КСР-і білім беру саласының озық қызметкері», «КСРО ағарту саласының озық қызметкері» деген құрметті атаққа ие болды. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1990 жылғы 7-мамырда КСРО Президенті М.С.Горбачевтің Кремльдегі Ұлы Жеңістің 45 жылдығына арналған қабылдауында болды.
М.Сүлейменов Ұлы Жеңістің 40 жылығына және 50 жылдығына арналған Москвада Қызыл алаңда өткен парадтарға қатысқан.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы. Президент (1991 - Н.Ә. Назарбаев). Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттау туралы Қарағанды облысы бойынша: ҚР Президентiнiң Жарлығы// Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-1 б.
***
Алдашева Р. Сұрапыл соғыста медсанбаттың сарбазы болған..: Жеңiстi жақындатқандар Темiртау.- 2003.- 8 мамыр
Ахметов Д. Ерлiк мәңгi жасайды: Жеңiске-55 жыл // Нұра.- 2000.-29 сәуiр
Ахметов Д. Ерлiк мәңгi жасайды: [М.Сүлейменов туралы] // Орт. Қазақстан.- 2001.-26 қыркүйек. Нұра.- 2001.-6 қазан
Ахметов Д. Ұстаздардың ұстазы: Қалдырған iзiң мәңгiлiк// Орт. Қазақстан.- 2004.- 23 қазан.-13 б.
Әшiмұлы Б. Нұраның бойындағы нұрлы мекен: Мерейтой// Орт. Қазақстан.- 2004.- 13 қараша.-8 б.
Байтұрсын Т. Сексенiнде де сергек мерейтой: [М.Сүлейменов туралы]// Орт. Қазақстан.-2001.-15 қыркүйек
Бiлгiшбайқызы Ш. Еңбектегi әр күнiм - бiр несiбе // Нұра.- 2002.- 2 қараша
Досжанов Қ. Абзал аға: [М.Сүлейменов туралы]// Нұра.- 2001.-25 тамыз
Жанғожин А. Қарағандылықтар Отан үшiн шайқаста: Қазыналы қарашаңырақ // Орт. Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б.
Жанғожин А. Қаhарман қарағандылықтар Қызыл алаңындағы Жеңiс шеруiне қатысады// Орт. Қазақстан.- 2000.-6 мамыр
Жұмағали С. Еңбегi бардың өнбегi бар // Орт. Қазақстан.- 2003.- 4 желтоқсан.-2 б.
Закарин М. Мәскеудегi жеңiс шеруiне қатысатын Мүтәш: ["Даңқ" орденiнiң толық иегерi қарт майдангер, есiмi республикаға аян артиллерист М.Сүлейменовпен әңгiме]// Қазақ елi.- 2005.- 4 мамыр (N17-18).-5б.
Қарағанды ендi әскери қала болады // Орт. Қазақстан.- 2002.- 4 қыркүйек.-11 б.
Қауысов Б. Ұлы Жеңiс шеруi шақырады: Ұлы Жеңiске -60 жыл// Орт.Қазақстан.- 2005.- 7 мамыр.-4 б.
Майдангерлер галереясы // Қарқаралы.- 2000.-6 мамыр
Олжабай С. Құрметтi азаматтарға - құрмет// Орт.Қазақстан.- 2005.- 17 ақпан.-8 б.
Сүлейменов М. Жорық жолдары: Естелiк-эссе.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2001.- 70 бет.
Сүлейменов М // Қаһарман қарағандылықтар. Герои-карагандинцы.- Қарағанды, 2000.- 113-114 б.
Сыздықов Б. Қазақ мектебi - ұлт бесiгi: М.Сүлейменов атындағы мектепке- 75 жыл // Орт. Қазақстан.- 2004.- 10 сауiр.-6 б.
Сыздықов Б.О. Қазақ мектебi - ұлт мақтанышы М.Сүлейменов атындағы мектепке- 75 жыл: Мерейтой// Нұра.- 2004.- 17 сәуiр
Халиолла М. Жалындап жану немесе майдангер-ұстаз Мүтәш Сүлейменовпен сырласу: [Эссе]// Орт. Қазакстан.- 2001.-5 мамыр. Нұра.- 2001.-5 мамыр
4 қазан 1931 – «Қарағанды пролетариаты»
(«Орталық Қазақстан») газетінің шығуына 75 жыл
Сонау отызыншы жылдардың қоңыр күзінде Қарағанды топырағында тұңғыш саны жарық көрген газетке биыл 75 жыл толады. Осыдан 75 жыл бұрын сонау 1931 жылыдың 4 қазанында Арқа топырағында «Қарағанды пролетариаты» газеті дүниеге келген. Оның алғашқы ұйымдастырушы редакторы Х.Садықов болған. Арада үш ай өткен соң газет тізгінін Б.Мәзитов алған.
1934 жылғы 5 шілдеде БК/б/П Қазақстан өлкелік комитеті «Қарағанды пролетариаты» газетінің жайы туралы қаулы шығарды. Сол жылы өлке партия комитетінің ұйғарымымен «Қарағанды пролетариаты» газетіне Сәттар Ерубаев келіп қызмет істеді. Сол жылдары газет жұмысына есімдері бүгінде баршаға танымал жерлестеріміз Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев тәрізді ағаларымыз да үлестерін қосқан.
«Қарағанды пролетариаты» 1938 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Советтік Қарағанды» деген атпен шыға бастады. Бұл кезде Қарағанды кенішіне деген ықылас та ерекше болды. Осы қазыналы өлкеге іс-сапарлармен ақын-жазушылар жиі келіп тұрады. Міне, сол сапарларында қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, С.Мұқанов, ҒМүсірепов үнемі «Советтік Қарағанды» газетінің редакциясында болып, Қарағанды жайындағы жаңа туындыларын алғаш рет осы газетке ұсынған.
Ұлы Отан соғысыны´ сұрапыл жылдарында газет үні ерекше естілді. Газет майдан мен тыл өмірін көрсетіп қана қойған жоқ, ел басына күн туған сол бір сын сағатта редакция қызметкерлерінің бір тобы қаламын қаруға алмастырып, ел қатарлы Отанды жаудан қорғауға қатысты.
«Советтік Қарағанды» 1963 жылдың мамырынан бастап «Орталық Қазақстан» деген атпен шығып келеді. Газеттің жаңа атауы оның атқарар ісінің ауқымын кеңейтіп, алдағы міндетін асқақтата түсті. Ол ендігі жерде тек Қарағанды кенішінің ғана емес, осы Орталық Қазақстан аймағының экономикасы мен мәдениетін дамыту ісіне үн қосты. Қарағанды мен Балқаштың, Жезқазған мен Қаражалдың, Қарағайлы мен Теміртаудың қам-қарекетін қоса толғады. «Орталық Қазақстан» газетінің бетінде Қарағанды көмір кеніші тәрізді Қазақстан Магниткасының, Ертіс-Қарағанды каналы сияқты алып құрылыстардың жылнамасы жасалды.
1981 жылы қазан айында газет жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өту кезеңінде «Орталық Қазақстан» былай деп жазған еді:
«Бұрын «Қарағанды пролетариаты», кешегі «Орталық Қазақстан» орденді облысымыздың ана тілінде оқитын әр тұрғынның түздегі серігі, үйдегі ақылшысы, құрмет тұтар сырласы болып келеді, бола береді де». Сол жылы газет туына Еңбек Қызыл Ту ордені тағылды. Осыдан сәл кейінірек газеттің 15 мыңыншы саны жарық көрді. «Орталық Қазақстан» республика бойынша сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінен кейінге екінші газет деп орынды бағаланды.
Әдебиеттер:
Аймақ өмірінің айнасы: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл /Құраст. А.Жанғожин, Е.Лұқпанов.-Қарағанды, 1997.- 96 б.
Ақсұңқарұлы С. Мадақ жырым - өзiңсiң: Өлең// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Алпысқа келді, оқырман, «Орталығым»! // Орт.Қазақстан.- 1991.- 4 қазан
Алпысұлы С. Айташ ағаның iзi: "Орталық Қазақстанның" ардагерлерi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 25 қыркүйек.-13 б.
Алпысұлы С. Дiнi мықты елдiң еңсесi биiк// Орт.Қазақстан.-2001.-4 қазан
Алпысұлы С. Қасиетті қара шаңырақ // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 қазан
Алпысұлы С. Өзiмiздiң Базеке...Баз аға: "Орталық Қазақстан" газетiне - 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-15 қыркүйек
Аманбаев Қ. Келешектерiң жарқын болсын// Орт.Қазақстан.- 2001.-10 қараша
Асқарлы алпысыншы жылдар (1961-1970): «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 17 қырк.
Ахметұлы Ө. Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы: /Орталық Қазақстанға-60 жыл/// Орт.Қазақстан.- 1991.- 19 қазан
Әбеу Б. Кiм екенiн бiр кездесуде таныдым қаламдас туралы бiр үзiк сыр// Орт.Қазақстан.- 2001.-30 мамыр
Әжин Д. Журналистке құрмет көрсетiлдi// Орт.Қазақстан.- 2002.-13 ақпан
Әкiмбекова Б. Бiз осылай өмiр сүрдiк: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 шiлде
Әшiмұлы Б. Қадiрi бөлек қаламгер: "Орталықтың" 70-ке толған журналистерi// Орт.Қазақстан.- 2000.-8 қаңтар
Байтұрсын Т. Жаны жайсаң Жұмажан: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 9 мамыр
Байтұрсын Т. Сүйем таныс жолдарыңды..: "Орталық Қазақстан" газетiнiң акциясы: Туған ауылға iссапар// Орт.Қазақстан.- 2001.-25 тамыз
Балташұлы Е. Ақиқаттың айбынды үнi немесе "Орталықтағы" бiр корреспонденцияның тарихы// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Балташұлы Е. Алаштың айтқан керегiн, "Орталық Қазақстаным"// Орт.Қазақстан.- 2001.-10 қазан
Балташұлы Е. Би жоқта, құл жүредi жораға// Орт.Қазақстан.- 2001.-11 шiлде
Балташұлы Е. Жамбылдан келген Жұмабек: [Арқа өңiрiнiң фотошежiрешiсi Ж.Иманәлиұлы туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-24 мамыр
Балташұлы Е. Еменнiң иiр бұтағы: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазакстан.- 2001.-7 шiлде
Балташұлы Е. Өзiңдi өзiң сыйласаң..: Қонақкәде// Орт.Қазақстан.- 2001.-20 қазан
Бармұхамбетұлы С. Бата: Жыр арқауы "Орталық"// Орт.Қазақстан.- 2001.-13 қазан
"Басылымдар әлемi" жәрмеңкесi: Баспасөз-2003// Орт.Қазақстан.- 2002.- 21 қыркүйек.-8 б.
Бексейiт С. Ордалы ой мен терең сыр орталығы: Өлең// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Бөкетов Қ. Академик Евней Бөкетов және "Орталық Қазақстан"// Орт.Қазақстан.- 2001.-20 маусым
Дәрібаев Ж. Менің екінші отауым: «Орталық Қазақстан» газетіне 65 жыл толу қарсаңында // Орт.Қазақстан.- 1996.- 9 мамыр
Дәрiбаев Ж. Рухани тәлiмгерiмiз.: "Орталық Қазақстан" сауалнамасы// Орт.Қазақстан.- 2000.-11 қазан
Досмағамбетов С. Мәртебесi биiк басылып: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Ел еңсесін көтерген елуінші жылдар (1951-1960): «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 10 қырк.
Ермекбаев Т. Ұстаз ұлағаты: өткен күнде белгi бар// Азия Транзит.- 2003.-N3.-26-29 б.
Жанатұлы Б. Аймақ өмірінің айнасы: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 қазан
Жанғожин А. Бассейнмен бiрге өскен басылым: 30 жылдар: Орталық Қазақстан газетiне - 70 жыл / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.- 1 мамыр
Жанғожин А. Еңбекпен көтерiлдi ел еңсесi: 50 жылдар: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.-27 маусым
Жанғожин А. Еркiндiкке ұмтылған ел тынысы: 80-жылдар: "Орталық Қазаєстан" газетiне-70 жыл / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.-19 қыркүйек
Жанғожин А. Жасампаз iстер жылнамасы: 60-жылдар: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.-25 шiлде,6 қыркүйек
Жанғожин А. Журналист Қойшы: "Орталықтың" 70-ке толған журналистерi// Орт.Қазақстан.- 2000.-8 қаңтар
Жанғожин А. Қайнаған өмiр ортасында: 70-жылдар: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орталық Қазақстан.- 2001.-29 тамыз
Жанғожин А. Тереңнен қозғайық// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Жанғожин А. Тұңғыш газет осылай шығып едi// Орт.Қазақстан.- 2001.-12 қыркүйек
Жанысбай С. Заң талабы - әдiлеттiлiк// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Жанысбай С. Көпен "Орталыққа" келдi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 13 қараша.-16 б.
Жасампаз жетпісінші жылдар (1971-1980): «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 24 қырк
Жетпiс жыл халықпен бiрге// Орт.Қазақстан.- 2002.- 1 қаңтар
Жұмадiлдин А. Рухани ұстаз болған "Орталық"// Орт.Қазақстан.- 2000.-14 қазан
Жұмыс Қ. Төрешiлдiкке төзбейтiн Жәкең 40 жыл бойы қаламын тастамай келедi// Орт.Қазақстан.- 2001.-12 мамыр
Жүнiсов О. Жүрекке жеткiзiп айтары бар: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.-2001.-4 қазан
Ибраһим Е. Қарағанды қаламгерлері: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 қазан
Ибраһим Е. Қарағанды қаламгерлерi// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Игенберлин Е. "Дос" деп мына жүрегiм жыр төгедi: [С.Алпысұлы туралы өлең]// Орт.Қазақстан.- 2001.-30 мамыр
Игенсартов Ғ. Ұстазым еді бұл газет: /Қар. облыстыі газеті// Орт.Қазақстан.- 1966.- 28 қырк.
Имаш Е. Өндiрiс - өмiр өзегi// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Имаш Е. Тұлғасы таудай Тiлеке»: [Т.Байтұрсын туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-18 қараша
Көсемсөзiмiздiң көсегесi қайтсе көгередi: Бас редактор бағаны// Орт.Қазақстан.-2000.-28 маусым
Қаламгерге құрмет// Орт.Қазақстан.- 2002.- 1 қаңтар
Қарағанды пролетариатынан Орталық Қазақстанға дейiн: Газет редакциясында еңбек еткен қызметкерлер// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Қарағұлов Ә. Қара алтын қаласында: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 қырк.
Қарағұлов Ә. Қара алтын қаласында// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Қауысов Б. Қимылдаса қаламы айыз қанар // Орт.Қазақстан.- 2000.- 22 сәуiр
Қаһарлы қырқыншы жылдар (1941-1950): «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 қырк.
Қойбағаров Х. Аяулы дос, ардақты аға шапағатын көп көрген жанның бiрi едiм: Естелiк// Орт.Қазақстан.- 2001.-14 ақпан
Құрманғалиқызы А. Мәдениеттi қолдау - рухты жаңғыртуға бетбұрыс: "Орталық Қазақстан" дөңгелек столы// Орт.Қазақстан.- 2000.-26 ақпан
Лұқпан Е. Ардагер журналистердiң жұбайларымен жүздесу: Ертең – Баспасөз, телевизия және радио күнi // Орт.Қазақстан.- 2004.- 26 маусым.-3 б.
Лұқпан Е. Елге сыйлы Ескең едi: Қарағанды қаламгерлерi // Орт.Қазақстан.- 2003.- 21 тамыз.-6 б.
Лұқпан Е. Көрген едi-ау, Раха»: [Р.Сағымбекұлы туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-11 қараша
Лұқпан Е. Қарағандыда тұңғыш газет қалай шығып еді: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл //Орт.Қазақстан.- 1996.- 9 мамыр
Лұқпан Е. Оқырман - газет тiрегi: Газет сауалнамасына түскен оқырман хаттарына щолу// Орт.Қазақстан.- 2000.-29 сәуiр
Лұқпан Е. Оқырман хаты - тiрегiмiз// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Лұқпан Е. "Орталық" - Ғабекеңнiң ұшқан ұясы: Ғ.Мұстафиннiң туғанына - 100 жыл //Орт.Қазақстан.- 2002.- 16 қараша.-3-7 б.
Лұқпан Е. "Орталықты" пiр тұтқан: Фототiлшi Ю.М.Хейфиц 80 жаста // Орт.Қазақстан.- 2003.- 1 қаңтар.-10 б.
Лұқпан Е. Өмiрдiң өзi шыңдаған: Қарағанды қаламгерлерi // Орт. Қазақстан.- 2003.- 28 қаңтар.-5 б.
Лұқпан Е. Өзiмiздiң Мәрия: Жақсының жүзi жарқын // Орт.Қазақстан.- 2003.- 6 ақпан.-5 б.
Лұқпан Е. Порт-Артурдан келген хат// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Лұқпан Е. Тәуелсiздiк жылнамасы: Жаңа кiтап // Орт.Қазақстан.- 2003.- 28 маусым.-7 б.
Майбас Т. Ақпарат - газет ажары: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Майбас Т. Еменнiң иiр бұтағы: Орталық Қазақстан газетiне - 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-25 сәуiр
Майбас Т. Журналистер марапатталды // Орт.Қазақстан.- 2002.- 1 қаңтар
Майбас Т. Қарағандыға үлкен тоғызқұмалақ келдi: Оны ұйымдастырып ұйытқы болған облыстық "Орталық Қазақстан" газетi// Орт.Қазақстан.- 2001.-28 қараша
Майбас Т. Тоғызқұмалақтан өткен дүбiрлi жарыс: Оған қатысушылар облыстық "Орталық Қазақстан" газетi дәстүрлi жүлдесiн сарапқа салды // Орт.Қазақстан.- 2002.- 25 желтоқсан.-16 б.
Мақаш Д. Газет ұраны қалай өзгердi?: Осакаров ауданының әкiмi Абдолла Төребековтің де бұған қатысы бар екен// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Мақаш Д. Жақсылық үшiн жаратылған жан белгiлi қаламгер Р.Сүлейменовтi әрiптестерi осылай дейдi: "Орталық Қазақстан" газетiне - 70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-29 қыркүйек
Мақаш Д. Мұғалiм және баспасөз// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Мақаш Д. Рахаңның сиясауыты табылған iссапар есiмнен кетпейдi: [Р.Сағымбекұлы туралы]// Орт.Қазақстан.-2000.-11 қараша
Мұртаза Ш. Айдынды ердiң саясы// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Мұстафа Б. Жаны жайсаң журналист едi: [Журналист М.Сәрсембаев туралы]// Орт.Қазақстан.- 2001.-23 мамыр
Мұстафа Б. Өшкендi жағып, өлгенiмiздi тiрiлткен ер: [Р.Сағымбекұлы туралы]// Орт.Қазақстан.-2000.-11 қараша
Озық технология газетке өң бередi// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Ойранды отызыншы жылдар (1931-1940): «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 27 тамыз
Омарбекұлы М. Менiң "Орталығым"// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Омарбекұлы М. Менiң "Орталығым": "Орт.Қазақстан" - 70 жыл// Қарқаралы.- 2001.-6 қазан
Орманбаев Ж. Халықпен бiрге// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
«Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында//Орт.Қазақстан.- 1997.- 31 желт.
Рүстемова Г. Ұлттық мәдениетi - оның рухы// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Сағынаев О. Кеше және бүгін: Обл. газеттердің 60 ж-на орай // Орт.Қазақстан.- 1991.- 18 шілде
Сағынаев О. Менің өмір мектебім: «Орталық Қазақстан» газетіне-60 жыл // Орт.Қазақстан.- 1990.- 12 қаңтар.
Сәденов Қ. Қаламдастар: Естелiк// Орт.Қазақстан.-2001.-4 қазан
Сәденов Қ. Сырлы сөз «Орталық Қазақстан»-60 жыл // Орт.Қазақстан.- 1991.- 13, 17 шілде
Сексенұлы С. Бейнеттiң де зейнетi бар// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Сексенұлы С. Көкшеден түлеген көктұйғын: Журналист Ермағамбет Лұқпанов - 50 жаста // Орт.Қазақстан.- 2002.- 14 қыркүйек.-6 б.
Сембай М. Ақиқаттың алмас қылышы: Редактор туралы// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Сембай М. Ақпарат айдынындағы 70 жылдық ғұмыр// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Сембай М. Редактордың редакторы: [Р.Сағымбекұлы туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-11 қараша
Серпеліс әкелген сексенінші жылдар (1981-1990): «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 1 қазан
Смағұлов Ғ. Орны бөлек Орекең: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-17 ақпан 6
Смағұлов Ғ. Шабытын шабындықта шыңдалған тiлшi// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Тайтөлеуов Ж. Өзiң едiң ұштаған қаламымды: "Орталық Қазақстан" газетiне жыр шашу// Орт.Қазақстан.- 2001.-13 қазан
Тайшыбай З. Ұстаз есiмi жадымызда// Орт. Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Темiрбаев А. Байсалды да парасатты едi-ау, Оркең: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-18 шiлде
Толғауы көп тоқсаныншы жылдар: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 3 қазан
Халиолла М. Мақсұт ақынның өтiнiшi// Орт.Қазақстан.- 2001.-31 наурыз
Халиолла М. Мұндай да болған «Орталық Қазақстан»-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1996.- 28 қырк.
Халиолла М. Сапарластар: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.-2001.-4 қазан
Фотосурет - газет ажары// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Үсебаев К. Өмiр сабақтары// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Шайқыұлы Т. Қызығы мен шыжығы мол жылдар: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-15 тамыз
Шаймұханов Д. Жазылмай қалған новелла: Зерде / Д.Шаймұханов, А.Темiрбайұлы// Орт.Қазақстан.- 2002.- 16 қараша.-14 б.
Шаймұханов Д. «Орталық Қазақстан»-арқа тарихының шежіресі // Орт.Қазақстан.- 1996.- 22 қазан
Ыдырысов З. Осы ұжымда өсiп-өндiм: "Орталық Қазақстан" газетiне-70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.-18 тамыз
Ысқақ Д. Сағына еске аламын: [Газеттiң орденмен марапатталған хабары жеткен сол бiр түн...]// Орт.Қазақстан.- 2001.-4 қазан
Ысқақ Д. Жарқын бейне: Ғалым-журналист Р.Сағымбековтың 70 жасқа толуы қарсаңындағы шәкiрт сөзi // Орт.Қазақстан.- 2002.- 28 маусым
Ысқақ Д. Шуағы мол сол жылдар: Ғалым-журналист Рамазан Сағымбековтың туғанына - 70 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 9 қараша.-10 б. Қарқаралы.- 2002.- 23, 30 қараша
Достарыңызбен бөлісу: |