АТҚарылған жұмыстар мен жаңа міндеттер



Дата28.01.2018
өлшемі384,59 Kb.
#35493
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Аудан әкімі Н.Ш.Шамұратовтың 2015 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы есебі

Өткен жыл ауданымыз үшін жаңа жетістіктер мен әлеуметтік жаңару жолында алға қарай қадам жасаған жыл болды. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда бірқатар оң өзгерістерге қол жеткіздік. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізілген  жұмыстардың нәтижесінде аудан экономикасы тұрақты дамып, аудан бюджетінің кірістер бөлігі көбейді. Жыл көлемінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамын» насихаттау жұмыстары жүргізіліп, жоспарды іске асыру бойынша тиісті шаралар қолға алынды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылы ауылшаруашылығы өнімін өндіру өткен жылмен салыстырғанда 9,4 %-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция 35,3 %-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 43,2 %-ға, бөлшек сауда 4%-ға, тұрғын үй құрылысы 2,7%-ға өсті. Көлік саласының барлық көрсеткіштерінде  өсу қарқыны сақталды.



Бюджет. 2015 жылға аудан бюджетінің нақтыланған кірістер болжамы                         10 млрд. 375 млн. теңге болса, нақты 10 млрд. 580 млн. теңгеге немесе 102,0 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміздің болжамы 1 млрд. 543 млн. теңге болып, орындалуы 1 млрд. 569,6 млн. теңге немесе 101,7 пайызды құрады.

2016 жылға аудан бюджетінің кірістер болжамы 10 млрд. 535 млн. теңгені  құрады. Оның ішінде, ағымдағы нысаналы трансферттер 2 млрд. 557,1 млн. теңге, нысаналы даму трансферттері 314,4 млн. теңге, субвенция көлемі 5 млрд. 993,7 млн. теңге, өз кірістеріміздің жоспары 1669,7 млн. теңге.

2015 жылы аудан бюджетінің шығындар жоспары 10 млрд. 635 млн. теңге болса, нақты 10 млрд. 545 млн. теңгеге немесе 99,2 пайызға орындалды. Оның ішінде, аудан бюджетінің даму бағдарламаларының көлемі 764,7 млн. теңгені құрады, бұл жалпы бюджет көлемінің 7,1 пайызы.



2016 жылға аудан бюджетінің шығындар жоспары 10 млрд. 495 млн. теңгені құрады. Оның ішінде, даму бағдарламасының көлемі 393,1 млн. теңге болып бекітіліп, жалпы бюджет көлемінің 3,7 пайызын құрап отыр.  

Өнеркәсіп. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылдың 11 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 млрд. 282,4 млн.теңгені құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 8099,4 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді.  

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданда 2010-2014 жылдары 16 жоба толық іске қосылып, 204 жаңа жұмыс орны ашылды.

2015 жылы жеке кәсіпкер Е.Урумбаевтың жалпы құны 11,0 млн.теңге құрайтын «Медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша қызмет көрсету» жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытынды алып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы қаржыландыру мәселесі шешілуде.  

Сонымен қатар, облыс әкімі жанындағы эксперттік комиссия қарауына «Тұран-Қазалы ЖШС-нің жалпы құны 1271,0 млн.теңге құрайтын «10 мың басқа арналған құс фермасының құрылысын салу» жобасының және «Ақарыс» ЖШС-нің «Ешкі және қой өсіру базасында, сүт және ет өндіру» жобаларының құжаттары ұсынылды. Жобалар аясында 45 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.



Кәсіпкерлік. Аудан бойынша 2015 жылдың 11 айында 3963 шағын және орта бизнес субъектісі тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                      109,6 пайызды құрады. Оларда  8592 адам жұмыспен қамтылған.

2015 жылы жеке кәсіпкерлер Ж.Қабақбаевтың «Ай-Арыс» сауда орталығы, К.Бабанаевтың «Бәйтерек» сауда үйі, Р.Қожағұлдың «Әлеуметтік сауда қатары», С.Талқанбаевтың «Тұмар» сауда үйі, Ж.Жұмахметовтың «Нұрай» сауда орталығы, Қ.Әлімбайдың «Көктем» сауда үйі, А.Байсуганованың «Арзан базары» ашылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау бағыты шеңберінде жалпы құны 110,1 млн.теңге құрайтын 5 жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облыстық өкілдігі арқылы субсидиялануда.

1. «Сан-жар.kz» ЖШС-нің жалпы құны 18,5 млн. теңге құрайтын «Оқу орталығын ашу» жобасы;

2. Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы құны 17,9 млн.теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу» жобасы;

3. Жеке кәсіпкер Д.Сарсеналиеваның жалпы құны 30,0 млн.теңге құрайтын «Қонақ үй ғимаратын жөндеу, негізгі құралдар алу» жобасы;

4. Жеке кәсіпкер Қ.Шүнқановтың жалпы құны 30,0 млн.теңге құрайтын «Мейрамхана құрылысын салу» жобасы;

5. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 13,7 млн.теңге құрайтын «Пластикалық онім шығару цехын кеңейту» жобалары аймақтық үйлестіру кеңесінен мақұлданып, субсидиялануда.

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдаудың «банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру бағыты» бойынша 2015 жылы  жалпы құны 93,6 млн.теңгеге «Даму» КДҚ» АҚ тарапынан кепілдік берілді. Ал «Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2015 жылы «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «500 басқа арналған мал бордақылау кешені» жобасын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 17,8 млн.теңге қаржы бөлініп, кешенге электр жарығы мен ауыз су құрылысы салынды.

         Жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну нысаны бойынша 2015 жылы  наурыз айында жарияланған конкурсқа Қазалы ауданынан жас кәсіпкер М.Қаниев «Сувенир бұйымдар жасау (лазерден)» жобасы бойынша қатысып, құны 2,0 млн.теңге өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік грантты ұтып алды.

Облыстың ауылдық жерлеріне қолжетімді және жеңілдетілген несие беру жұмыстары бойынша «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-не аудан бойынша 16 жоба ұсынылып, құны 59,2 млн. теңге құрайтын 10 жобаға оң қорытынды алынды. 9 жоба 49,2 млн. теңге несие қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілді. 28 жаңа жұмыс орны ашылды.

2015 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламаны қабылдау туралы» №168 қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде банктік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 10 пайызға дейін ұлғайтылып, салалық шектеусіз жүзеге асырылатын болады.

2015 жылдың 11 айында аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 168 кәсіпкерге 991,6 млн.теңге несие берілді.

Аудан көлемінде жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкер жастарды қолдау бағытында да жұмыстар атқарылып келеді. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағыты арқылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастағалы жүрген 154 адам оқытылып, арнайы сертификаттар табыс етілді.

Іскерлік байланыстар жобасы бойынша 2015 жылдың сәуір-мамыр айы аралығында Германия еліне 4 апталық іс-тәжірибеден Әйтеке би кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Алмас Адильбаев өтіп келді.

«Кәсіпкерлікті қолдау» бағытында аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға «Бастамаларды қолдау» ЖШС-мен келісімшарт жасалынып, бекітілген іс-шаралар кестесіне сәйкес «Іскер әйелдер», «Жас кәсіпкерлер» форумдары, мамандық таңдауға байланысты мектеп бітірушілермен кездесулер, туризм саласын дамыту, жас кәсіпкерлерге бағдарламаларды түсіндіру бағытында семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Аудан кәсіпкерлері мен кәсіпорындары түрлі деңгейдегі көрме-жәрмеңкелерге қатысып, өнімдері жоғары бағаланып келеді. Атап айтқанда, өңірімізді «Қазалы конфеті» өнімімен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкер Н.Қазбергенов 2015 жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсында «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша Әйтеке би кентінің солтүстік-батыс беткейінен бірінші кезекте12,7 гажердегі учаскені инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 159,7 млн. теңге қаржы бөлінді (автомобиль жолы 109 млн. теңге, сумен жабдықтау 31,1 млн. теңге, электрмен жабдықтау 19,6 млн. теңге).

Қазіргі таңда аудан кәсіпкерлері тарапынан  жалпы құны 379,1 млн.теңгені құрайтын жаңа 11 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде, құны 317,1 млн. теңге болатын 8 жобаның жер учаскелері алынды.

Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсету көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу арқылы бағаны тұрақтандыру бағытында «Сауда-логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда.

2016 жылы кәсіпкерлікті дамыту картасын жасауға аудандық бюджеттен 2,5 млн.теңге қаралды.

Ауылшаруашылығы. 2015 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 7125,9 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 9,4 пайызға өсті. 

 2015 жылы барлығы 17610 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде: дәнді дақылдар 7560 га (42,9% ) (күріш 7360 га, жаздық бидай 190 га, тары 10 га), мал азықтық дақылдар 7745 га (43,9%) (жаңа жоңышқа 2500 га, ескі жоңышқа 4195 га,  сүрлемдік жүгері 1050 га); картоп, көкөніс, бақша 2250 га (12,8%) (картоп 300 га, көкөніс 900 га,                                                                              бақша 1050 га), майлы дақылдар 55 гектар (0,3%) (мақсары 45 га, күнбағыс 10 га).

Егін шаруашылығанда өндірілген өнім көлемі мен гектар түсімінде өткен жылмен салыстырғанда кей дақыл түрлері бойынша біршама өсім бар.

Атап айтқанда, күріш  30 696 тн (2014 жылы 26 143 тн) 117,4 %, жаздық бидай 216 тн (2014 жылы 120 тн) 180 %,  сүрлемдік жүгері 13 954 тн (2014 жылы 8 800тн) 159%, картоп, көкөніс, бақша 22 941 тн (2014 жылы 16 986 тн) 135,1 % артық өндірілді. Күріш егісіне 1931 тонна пайдаланылды. Оның  28 тоннасы І класс, 1448 тоннасы ІІ класс, 483 тоннасы III класс.



Пайдаланған күріш тұқымының 30 тоннасы элита, 590 тоннасы І репродукциялы, 1211 тоннасы ІІ репродукциялы, 100 тоннасы қатардағы тұқым болды.

Күріш дақылының сорттар бойынша көлемі; 478 гектары (6,5%) Маржан, 6782 гектары (92,1%) Янтарь, 100 гектары (1,4%) Каз-Ер-6.

Ауыл шаруашылық дақылдарына 4441 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды, оның ішінде 1533 тонна аммоний сульфаты, 1854 тонна карбамид, 134 тонна аммиак селитрасы, 920 тонна аммофос.

2015 жылы егілген 17610 га ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін 402,9 млн м3 және экологиялық мұқтаждыққа 270,0 млн м3 барлығы 672,9 млн м3 су лимиті бөлініп пайдаланылды.

        Мемлекет тарапынан кепілді бағамен көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстары үшін барлығы 3350 тн дизель отыны бөлініп, таратылды

2015 жылы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы және өз қаржысы есебінен 27 дана әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алды.

Сонымен қатар 2015 жылы Шәкен ауылдық округіне Халықаралық Аралды құтқару Қоры арқылы 1 дана МТЗ-80 тракторы тіркемесімен және 1 дана КС-2,1 шөп шабатын (косилька) алынды.



2016 жылы ауылшаруашылығы құрылымдары тарапынан әзірге 14 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алуға байланысты «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен алдын-ала келісімдер жүргізіліп, сұраныс жасалуда.

2016 жылы барлығы 17 620 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде: дәнді дақылдар 7970 га, мал азықтық дақылдар 7348 га, картоп, көкөніс, бақша 2250 га, майлы дақылдар 52 га.

Ауылшаруашылық саласына 2015 жылы 1116,8 млн. теңге субсидия төленді, оның ішінде егіншілік саласына 353,7 млн теңге, мал шаруашылығына 763,1 млн теңге.



Мал шаруашылығы. 2015 жылдың 11 айында мүйізді ірі қара – 34482 басқа жетіп, (2015 жылы 31957 бас), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 525 басқа өсті(101,6пайыз).

Оның ішінде аналық сиыр –14366 басқа, (2014 жылы 13946 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 420 басқа өскен (103 пайыз).

қой 57136 бас (2014 жылы 52973 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4163 басқа (107,9 пайыз) өскен;

ешкі 38914 бас (2014 жылы 38350 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 564 басқа (101,5 пайыз) азайған;

жылқы 20954 бас (2014 жылы 18479 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2475 басқа (113,4 пайыз) өскен;

түйе 7584 бас (2014 жылы 7514 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 басқа (100,9 пайыз) өскен;

құс 8486 бас (2014 жылы 5168 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3318 басқа (164,2 пайыз) өскен.

Аудан бойынша барлық мал басының 4,8 пайызы ауылшаруашылығы кәсіпорындарының, 27,1 пайызы шаруа қожалықтардың, 68,1 пайызы жеке жұртшылық үлесінде.

Аудан бойынша асыл тұқымды мал үлесі: мүйізді ірі қара  5,0,  жылқы 8, түйе 20,9 пайызды құрайды. Мал басын асылдандырумен «РЗА» АҚ, «Шекер», «Жеңіс», «Аржиков Б», «Атамекен-2», «Аян», «Серимов К» шаруа қожалықтары мен «Байқоңыргаз» ЖШС айналысады.

«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы» шеңберінде «Сыр маржаны» ЖШС 500 басқа арналған мүйізді ірі қара малдарын бордақылау алаңының құрылыс-монтаж және инфрақұрылым (жол салу, электр жарығы, ауызсу) жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда 150 бас мал қабылданып, бордақылануда.

2015 жылдың 11 айында «Сыбаға» бағдарламасымен 20 шаруа қожалығы өз қаржысына 51 бас асыл тұқымды бұқа, «Алтын асық» бағдарламасымен 2 шаруа қожалығы 12,1 млн теңге несиеге  430 бас саулық, 19 бас асыл тұқымды қошқар,  «Құлан» бағдарламасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазалы несие» кредиттік серіктестігі  арқылы 13 шаруа қожалығы 116,8 млн теңгеге 348 бас аналық бие, 58 бас асыл тұқымды айғыр сатып алды.

Құс шаруашылығы өткен жылмен салыстырғанда  жақсы дамыған. «Эко-Даму» бағдарламасы арқылы 7 тұрғын  21,0 млн теңге несиеге 3100 тауық балапаны, 2000 қаз балапаны, 4000 үйрек балапаны және 200 күрке тауық балапанын сатып алып, өсіруде.

Аудан бойынша 196 дана сушаруашылығы нысандары есепке алынған. Оның ішінде елді мекендерде үй іргелік және бақшалық жерлерге су беретін 68 канал және 9 бөгет, 77 ішкі шаруашылық каналдары, 29 экологиялық мақсаттағы каналдар бар.  7 канал мен 3 қашыртқы «Казсушар» теңгерімінде, 3 қашыртқы ауылшаруашылығы бөлімі теңгерімінде. Каналдардың 87-де құжаты бар болса, 109-да құжат жоқ.  Осы каналдардың 24-і «Табиғат» МКК теңгеріміне өткерілген.  Алдағы уақытта 44 каналды осы мекемеге өткеру үшін құжаттар дайындалуда.

2015 жылы Майдакөл ауылдық округіндегі «Қара-арық» каналының 13 шақырымына (9,5 млн. теңге) және Аранды ауылдық округіндегі «Жаңа Қарлаң» каналының 33 шақырымына (174 млн. теңге) механикалық тазалау және бойындағы гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құмжиек және Мұратбаев ауылдық округтеріне 1 данадан су көтеретін СНП-500/10 маркалы  насос қондырғысы сатып алынды. Сонымен қатар, 2015 жылы аудандық бюджеттен 12 канал мен 3 қашыртқының жер актілерін жасауға 5,1 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

 2016 жылы 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 кашыртқыларының техникалық паспортын жасату жұмыстарына аудандық бюджеттен 14,9 млн теңге және облыстық бюджеттен Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Сарбұлақ» каналына су тоспасын салуға және 3 км канал қазуға 75,3 млн теңге, Қазалы қаласында «Көне дария» арнасын ретке келтіруге 17,5 млн теңге қаржы қаралды.

Балық шаруашылығы. ҚР-ның 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесі» бекіту туралы Қаулысымен аудан бойынша 7385 га құрайтын 17 көл айдыны енгізілген.

2015 жылы аудан бойынша барлығы 126,3 тонна балық аулау лимиті жоспарланып, осыдан 1 желтоқсанға 83,4 тонна  балық ауланды. Балық аулау лимиті 2016 жылдың ақпан айының 15-не дейін берілгендіктен, қалған лимит көлемі межеленген мерзімге дейін толық орындалатын болады.

Аудан аумағында резервте тұрған  6 көлге 2015 жылдың 30 қараша күні конкурс жарияланып, алайда комиссия құрамы түгел қатыспауына байланысты конкурс өтпеді деп танылып, 2016 жылға қалдырылды. Сонымен қатар, 2016 жылы мерзімі аяқталған 8 балық шаруашылығы су айдыны мен учаскелеріне конкурс жарияланады.   

Ауданда эпизоотиялық ахуал тұрақты сақталып келеді.

2015 жылы бюджеттен бөлінген 89,9 млн. теңге қаржыға 12 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық және 3 түрлі ауру бойынша диагностикалық тексерулер жүргізілсе,  аса жұқпалы ауруларға қарсы 760 400 бас малға профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге қаралған 4,5 млн. теңге қаржының 2300,7 мың теңгесі игеріліп, анықталған 435 бастың (6 бас уақ мал өлген) 429 басы сойылып, 429 бас уақ мал иелеріне өтемақылары төленді.



2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге аудандық бюджеттен 89,9 млн. теңге бөлінді.

Облысқа тән жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге (мүйізді ірі қара өттеуі, уақ малдың бауыр құрты, мүйізді ірі қара пироплазмозы, жылқы гастрофилезі, сақауы, түйе қатпасы) 2015 жылы аудандық бюджеттен 7,7 млн. теңге қаржы қаралып, жыл көлемінде МІҚ тейлериозына 17100 бас малға, МІҚ пироплазмозына 6300 бас малға, жылқы сақауына қарсы 11300 басқа, түйе қатпасына қарсы 4500 бас малға вакцина егіліп, уақ малдың бауыр құртына қарсы 45600 бас мал, жылқы гастрофилезіне қарсы 3200 бас мал дәріленді.



2016 жылға жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге аудандық бюджеттен 7,7 млн. теңге қаралды.

2015 жылы құтыру, лейшманиоз, эхинококкоз т.б. аурулардың жұқтыру көзі болып табылатын қаңғыбас иесіз иттер мен мысықтарды аулап, жоюға аудандық бюджеттен 5,0 млн. теңге қаржы қаралып, 3340 бас ит, 692 бас мысық ауланып, жойылды.  263 адам (оның ішінде - 129 балалар) ит, мысықтардан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Нәтижесінде құтыру ауруының белгілері анықталған жоқ.



Осы жұмыстары жалғастыруға 2016 жылға аудандық бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлінді.

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес 6595 бас мүйізді ірі қара сырғаланып, 32500 бас компьютерлік дерек қор базасына енгізілді.

Бүгінгі күнге Қазалы қаласында ветеринариялық станция, Әйтеке би кенті мен 19 ауылдық округте ветеринариялық пункт жұмыс атқарады. Барлығы  интернет жүйесіне қосылған.

Ауданда  5 елді мекенде мал тоғыту ванналары бар. Өткен жылы кестеге сәйкес көктемгі, күзгі мал тоғыту жұмыстары жүргізіліп, 12300 бас мал 5 % парисар ерітіндісімен және 0,5 %-тік креолин-Х препаратымен шомылдырылды.

2015 жылы аудандық бджеттен 1,7 млн. теңге қаржы бөлініп, 12 ауылдық округтен мал тоғыту ванналарын салу үшін жоба-сметалық құжаттары жасалды.

Облыстық бюджеттен 8,8 млн. теңге қаржы бөлініп, Арықбалық ауылдық округіне мал қорымы салынды.  Сарыкөл және Шакен ауылдық округтерінен типтік жобадағы мал қорымдарын салу жоспарланып, аудандық бюджеттен бөлінген 1,8 млн. теңге қаржыға салынатын мал қорымдарының жоба-сметалық құжаттары дайындалу үстінде.



Жер қатынастары. Аудан территориясы  3 759 мың гектар жерді құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылық жері 234,6 мың гектар, елді- мекен жерлері 63,7 мың гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер 4,5 мың гектар, орман қорының жерлері 1 785,6 гектар, су қорының жерлері 13,0 гектар, мемлекеттік жер қоры 155,4 гектар, басқа мемлекеттің пайдалануындағы жер қоры 101,8 гектар.

Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, 2015 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін  пайдаланбаған 27 жеке және заңды тұлғалардан 49, 0 мың гектар мемлекеттің жер қорына қайтарылды. 62 жеке және заңды тұлғаларға көлемі 12,4 гектар жер учаскесі рәсімделіп берілді.

ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округтер бойынша аукцион, конкурстар арқылы сатуға жататын жер учаскелерінің тізбесі жасақталып, жыл көлемінде 25 рет аукцион өткізілді.

       Сонымен қатар, 2015 жылы жер учаскесін жеке меншікке немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатудан  47 млн. теңге қаржы аудандық бюджетке есептелді.

       Тұрғын үй. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылдың 11 айында  25,6  мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызға орындалды (2718 шаршы метрге өскен).

Өткен жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 5,2 млн. теңге бөлініп, Әйтеке би кенті, Пірімов көшесі №№5, 7 екі қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.



«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы әр маманға 138740 теңгеден 77 маманға барлығы 10,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үй сатып/салып алу үшін 57 маманға 166 млн. теңге әлеуметтік қолдау ұсынылды.

Осы мақсатта 2016 жылы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке  37,3 млн. теңге, тұрғын үй сатып/салып алу үшін әлеуметтік қолдауға 314,9 млн. теңге қаралып отыр.

Электрмен жабдықтау. 2015 жылы кВ «Жаңа-Қазалы» 110/35/10  қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстарының 2-кезеңіне  республикалық бюджеттен 507,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 49,3 млн. теңге барлығы 557,2 млн. теңге қаралды.  «ҚЭТТК» АҚ тарапынан құрылыс жұмыстары маусым айында басталып, Прожекторный мачта 6 дана СК-22 дана орнатылды. ОРУ-35 кВ 2- секциясын монтаждау үшін жері әзірленіп, монтаждау жұмыстары жүргізілді, 1 секциясы іске қосылды.

Басықара елді мекеніндегі электр желілерінің тозуы мен жарық қуатының тұрақсыздығына байланысты, ауылдағы электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан бюджетінен 13,0 млн.  теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.



2016 жылы «Жаңа-Қазалы» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға 398,2 млн. теңге қаралып отыр.

Жылумен қамту. Әйтеке би кентінде орталықтандырылған жылумен барлығы 62 мекеме, 3 бес қабатты, 10 екі қабатты тұрғын үйлер және 153 жеке тұрғындар жылумен қамтамасыз етілген.

         Аудандық бюджеттен  бөлінген 5,2 млн. теңге  қаржыға «Қазалы-Теміржолжылу» ММК-ның бу қазандықтарын газ өнімдеріне бейімдеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары және 7,8 млн. теңге қаржыға «Қазалы-Теміржолжылу» МКК бу қазандықтарын күрделі жөндеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. 

         2013 жылы басталған жалпы  құны 1 млрд. 35 млн.  теңге болатын «Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылумен қамту жүйесін кеңейту» жобасы аяқталды. Қазіргі таңда жерге орналастыру  және сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу жұмыстары аяқталып, пайдаланушы ұйымға өткізу жұмыстары жүргізілуде.  Жоба бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы  18 нысанның қосылуы қаралған. Оның ішінде 12 бюджеттік мекеме, 5 басқа да мекеме және  «Мелиоратор»  мөлтек ауданы бар.

          Газдандыру.  2015 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан «Әйтеке би» автоматтандырылған газ тарату станциясына дейінгі газ құбырының құрылысын салу жұмыстары толығымен орындалды.

Қазіргі  таңда кентішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге 1317 азаматтан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын  сұрау туралы өтініш түскен. Өтініштер бойынша  1224 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен 1113  жоба дайындалып, 290 үйге құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Газдандыру жұмыстарына Хоум Кредит Банкі  арқылы 10 пайыздық несие алу мүмкіндігі қарастырылып, 37 адам осы мүмкіндікті пайдаланған.

Аудандық бюджеттен бөлінген 13,7 млн. теңге қаржыға  Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік-мәдени нысандардың  (барлығы 12 нысан: 5 балабақша, 4 мектеп, 1 музей, 1 мәдени орталық, 1 спорт кешені) бу қазандықтарын газ өнімдеріне бейімдеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Жоба құны 128,9 млн. теңге. Қаржыландыру мәселесін шешу қарастырылуда.



2016 жылы "Ақсуат елді мекенінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан бұрма газ құрылысы" жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен  35,6 млн. теңге қаралып отыр.

Таза ауыз сумен қамту. 2016 жылы «ҚазСуШар» ШЖҚ-ғы РМК-ның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының инвестициялық бағдарламалар есебінен Қ.Пірімов, Ғ.Мұратбаев және Ақтан батыр ауылдарының тұрғын үйлеріне сервистік желі тарту мақсатында 229,9 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу процедуралы жүргізіліп, жұмыстар басталатын болады.

Автомобиль жолдары. Ауданның коммуналдық  меншігінде барлығы402 кмаудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Оның ішінде: 140 км асфальтты, 181 км қиыршық тасты және81 кмтопырақты жолдар. Барлық жолдың 51 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

 Елді мекен ішілік автомобиль жолдарының барлық ұзындығы 349,6 км. Оның ішінде: жақсы жағдайдағы жолдар – 20 (71,6 км) пайызды, қанағаттанарлық жағдайдағы – 6 (21,08 км) пайызды, нашар жағдайдағы 74 (259,9 км) пайызды құрайды.

2015 жылы  автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына  барлығы 1273,6 млн. теңге бөлініп, 74,1 км жолға орташа, күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.  

 Атап айтқанда:

 «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-22 км аралығын қайта жаңғырту жобасының 11 км-не жөндеу жұмыстарын жүргізу  (РБ 200,0 млн. теңге, ОБ- 20,0 млн. теңге);

 «Қожабақы-Аранды» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-12 км аралығын қайта жаңғырту жобасының жобасының 5 км-не жөндеу жұмыстарын жүргізу (ОБ -70,1 млн. теңге);



«Самара-Шымкент- Ақсуат» 0-2 км аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу (ОБ- 86,5 млн. теңге);

 «Абай ауылына кіре беріс» 0-2,3 км аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу  (ОБ-133,5 млн. теңге);

 Жанқожа елді мекенінің 5 көшесін (4,3 км) күрделі жөндеу (ОБ-177,8 млн. теңге);

«Әйтеке би-Қазалы» 0-7 км аралығын орташа жөндеу(ОБ-120,7 млн. теңге);

Қазалы қаласының 14 көшесін (6,3 км) орташа жөндеу (ОБ-45,7 млн. теңге);

«Пірімов ауылына кіре беріс» 0-2 км орташа жөндеу (ОБ-32,3 млн. тенге);

«Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» 30-45 км аралығын орташа жөндеу жұмыстарының 4 км-не жөндеу жұмыстарын жүргізу (ОБ-67,4 млн. теңге);

Әйтеке би кентінің 40 көшесін (19,7 км) орташа жөндеу (ОБ-171,2 млн.теңге);

Әйтеке би кентінің Жанқожа батыр  (1,2 км) көшесін орташа жөндеу (ОБ-34,2 млн. теңге);

Әйтеке би кентінің Қыз Жібек (0,850 км), Ү. Түктібаев (0,630км), Жаңа Қазалы (0,910 км),  көшелерін,Тыныбаев көшесінің бұрылысын орташа жөндеу (АБ-21,3 млн. теңге);

Өркендеу ауылындағы Қ.Балтөреев, Аралық көше көшелерін (1,4 км) орташа жөндеу (АБ- 24,3 млн. теңге);

Бірлік ауылындағы Бірлік көшесін (1,3 км) орташа жөндеу (АБ-13,0 млн. теңге).  

Аудандық бюджеттен бөлінген 55, 6 млн. теңгеге  Ақсуат елді мекенінің Ленин     (640 м), Майдакөл ауылындағы Алға (1,1 км), Пірімов елді мекенінің Ізмағамбетов( 1,2 км) және Басықара ауылындағы Сушылар (1,3 км) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Автомобиль жолдарымен қатар, «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының  20 шақырымындағы темірбетон көпірінің құрылысын  аяқтауға облыстық бюджеттен 62,1 млн. теңге және «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының                             73 шақырымындағы темірбетон көпірінің құрылысын аяқтауға  8,2 млн.теңге бөлініп, екі көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталды.

2015 жылы аудандық бюджеттен 36,1 млн. теңге қаралып,  алдағы уақытта іске асырылуға жоспарланған жобалардың жоба-сметалық құжаттары әзірленіп,  мемлекеттік  сараптамадан өткізілді. Атап айтқанда:

 -«Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» 45-76 км аралығын күрделі жөндеу. Жалпы құны 2037,0 млн. теңге;

 -«Өркендеу ауылына кіре беріс» 5,5 км аралығын күрделі жөндеу. Жалпы құны 352,1 млн. теңге;

 - «Бозкөл-Тасарық автомобиль жолының 0-22 шақырымындағы Қуаңдария өзені арқылы темірбетон көпір құрылысын салу».  Жалпы құны 110,5 млн. теңге;

- «Қожабақы-Бекарыстан би» аудандық маңыздағы автомобиль жолының                          0-24 шақырымындағы темірбетон көпірінің құрылысын салу».                                                                 Жалпы құны 251,1 млн. теңге;

- Әйтеке би кентіне кіре беріс автомобиль жолын (0- 2 км) күрделі жөндеу. Жалпы құны -124,6 млн. теңге.

2016 жылы «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-22 км аралығын қайта жаңғырту жобасын аяқтауға республикалық бюджеттен 191,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 18,5 млн. теңге және «Қожабақы-Аранды» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-12 км аралығын қайта жаңғырту жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 103,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

  Абаттандыру. 2015 жылы Өркендеу елді мекенін абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен бөлінген 104,6 млн. теңгеге ауылдың кіре берісінде бас қақпа орнатылып, Орталық  алаң мен  Жастар алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне сәйкес  аудандық бюджеттен   119,3 млн. теңге бөлініп, 10 ауылдық округке жаңадан «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы орнатылды. Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағын абаттандыруға облыстық бюджеттен 35,5 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы аудандық  бюджеттен бөлінген 17,5 млн. теңгеге Әйтеке би кентінің О.Жанәділов (0,530 км) , Төле би көшелеріне (0,600 км) барлығы 32 дана түнгі жарық шамдары және Әйтеке би кентінің 3 көшесіне тротуар орнатылды.

         Әйтеке би кентін абаттандыру (түнгі жарық шамдар, аялдама және жарнамалық тақтайша орнату) жұмыстарына 15,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда.  4 көшеге 320 дана түнгі жарық шамдары, орталық көшелерге 14 дана аялдама, 30 дана жарнамалық тақтайша орнатылады.

2016 жылы абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 97,9  млн. теңге қаралып отыр. Оның ішінде: Әйтеке би кентін абаттандыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 8,0 млн. теңге,  Жалаңтөс ауылын абаттандыруға 70,6 млн. теңге, "Жалаңтөс батыр" саябағын абаттандыруға 19,3 млн. теңге.

Инвестиция,  құрылыс. Статистикалық есептерге сәйкес 2015 жылдың   11 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  8824,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,3 пайызға артты.

Аудан көлемінде  2014 жылы басталған нысандар аяқталды. Атап айтқанда:

1. Сарбұлақ ауылынан 100 орындық мектеп құрылысы. Жалпы сметалық құны 355,9 млн.теңге. 2015 жылға құрылысын аяқтауға 108,2 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. 2015 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

2. Аранды ауылынан 100 орындық мектеп құрылысы. Жалпы сметалық құны 401,6 млн.теңге. 2015 жылға құрылысын аяқтауға бөлінген 275,2 млн. теңге қаржы толық игеріліп, тамыз айында пайдалануға берілді.

3. Жанқожа батыр елді мекенінен салынған 90 орындық  балабақша құрылысы. Жалпы сметалық құны 239,0 млн.теңге. 2015 жылға құрылысын аяқтауға 97,3 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Нысан пайдалануға берілді.

4. Абай ауылынан 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы. Жалпы сметалық  құны 161,3 млн.теңге. Облыстық бюджеттен 107,3 млн. теңге бөлініп, нысан пайдалануға берілді.

  5. Әйтеке би кентіндегі 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы.  Жалпы құны 333,9 млн. теңге. Облыстық бюджеттен 148,3 млн. теңге бөлінді. Нысан тамыз айында пайдалануға берілді.

 6. Жалаңтөс батыр елді мекеніндегі 90 орындық  балабақша құрылысы. Жалпы сметалық құны 264,2 млн.теңге. Облыстық бюджеттен 50,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге нысанның іргетасы қаланды. Трансформатор қондырғысы орнатылып, бу қазандығының ғимараты салынды. Сыртқы қоршау жұмыстары жүргізілді. Нысан өтпелі. Тапсыру мерзімі 2016 жыл.



2016 жылы облыстық бюджеттен нысан құрылысын аяқтауға                        209,2 млн.теңге бөлінді.

2016 жылға құрылысты жалғастыруға 209,2 млн. теңге бөлінді.

7. Ақтан батыр ауылы «Шеңгелді» учаскесінен 500 бас ірі қара мал бордақылау алаңын сыртқы инженерлік инфрақұрылымы (кірме жолы, электр желісі, ауыз су) құрылысы. Жалпы сметалық құны 71,3 млн. теңге. 2015 жылға 17,8 млн. теңге қаралды. Нысан өтпелі. Тапсыру мерзімі 2016 жыл.



2016 жылға құрылысты жалғастыруға 50,0 млн. теңге бөлінді.

8. "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы шеңберінде Әйтеке би кенті Жаңқожа батыр 3 км учаскесінен салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің инфрақұрылымы құрылысы 2014 жылы басталып, 2015 жылы толық аяқталды. Нысан тамыз айында пайдалануға берілді.

9. Бірлік елді мекеніндегі 11 тұрғын үйге сервистік су құбыры желілерін тартуға аудандық бюджеттен 3,6 млн. теңге  бөлініп, нысан шілде айында пайдалануға берілді.

10. Әйтеке би кентінен тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон құрылысын салуға облыстық бюджеттен 22,9 млн. теңге бөлініп, нысан шілде айында пайдалануға берілді.

11. Жанқожа батыр ауылынан салынған мал қорымының құрылысына облыстық бюджеттен 8,8 млн. теңге қаржы бөлініп, шілде айында нысан пайдалануға берілді.

2015 жылы аудандық бюджеттен 10,2 млн. теңге қаралып, төмендегі құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде:

- Абай, Шәкен елді мекендерінен мал қорымының құрылысы;

-12 елді мекенге мал тоғыту ваннасын салу;

- Қазалы қаласынан және Ақсуат ауылынан жасанды спорт алаңын құрылысын салу;

- Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы.

Облыстық бюджеттен бөлінген 28,0 млн. теңгеге құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде :

-      Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет Үйі құрылысы;

-      Жанқожа батыр ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;

-      Өркендеу ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы;

-      Әйтеке би кентінен мемлекеттік органдар әкімшілік ғимараты құрылысы.

Бүгінгі күнге жоба-сметалық құжаттары дайын жобалар:

1. Темір жол ауруханасы маңынан 6 арендалық тұрғын үй құрылысы  және  жобаны инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау);

2.  Әйтеке би-Басықара автожолы бағытындағы көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (кірме жол құрылысы, электрмен жабдықтау) жұмыстары;

3. «Қол жетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде Әйтеке би кентінен салынатын 8 арендалық тұрғын үй құрылысы. Жоба құны 92,8 млн. теңге;

4. «Қол жетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде Әйтеке би кенті Т.Айбергенов көшесі №5 учаскесінен салынатын арендалық тұрғын үй құрылысы. Жоба құны 164,1 млн. теңге.

Алдағы уақытта қаржы жағдайының шешілуіне қарай  аталған жобалар бойынша құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Сонымен қатар, 2016 жылы Әйтеке би кентінен 300 орындық мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 13,5 млн. теңге,  Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге (кірме жол, электрмен жабдықтау құрылысы) 17,0 млн. теңге бөлінді.

Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік қала құрылысы кадастры  автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылып, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің екі маманы ауданда жұмыс жасап, жүйедегі мәліметтерге нақтылау жүргізуде.

       Ақпараттық жүйедегі деректерді нақтылау және оларды толықтыру жөнінде арнайы жұмысшы топ құрылды. Осы жұмыстарға байланысты аудан көлеміндегі елді мекендерде бұрыннан бар және де жаңадан салынған, жаңғыртылған, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген объектілер, инженерлік инфрақұрылым туралы тиісті мәліметтер жинақталуда.

         Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету бойынша мекемелердегі пандустардың құрылыс нормативтеріне сәйкестігі тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  



Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады. 1181 жаңа жұмыс орны ашылды. Ашылған жаңа жұмыс орындарының 1001-і тұрақты жұмыс болса (ауылшаруашылық саласына - 7, құрылысқа  - 24, кәсіпкерлік саласы бойынша - 769, білім бөліміне - 126, денсаулыққа - 14, басқа салалар бойынша - 61), 160-ы уақытша жұмыс.

Жыл көлемінде өткізілген 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 108 жұмыс беруші қатысып, 882 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде  61 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 21 адам әлеуметтік жұмыс орындарына,  14 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі  басты назарда. Ауданда барлығы 2883  мүмкіндігі шектеулі жан тіркелсе, оның 424-і 16 жасқа дейінгі балалар. 2015 жылы  мүмкіндігі шектеулі  жандардың 29-ы тұрақты жұмысқа орналасып, 19-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 1-і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. 4-і несие алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

2015 жылы 1 отбасының 8 мүшесіне 55,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, 1190 отбасының 4005 баласына 69,3 млн. теңге балалар жәрдемақысы төленді.  366 отбасына 11,0 млн. теңге тұрғын үй көмегі, үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 91  мүгедек балаға 3,3 млн. теңге әлеуметтік көмек  берілді.

  Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін 3540 маманға 28,1 млн. теңге  қатты отынға   әлеуметтік көмек берілді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы 99 азаматқа қосымша тамақтану үшін 10,9 млн. теңге төленді.

         2015 жылы Ұлы Отан Соғысының 9 қатысушысының әрқайсысына коммуналдық шығындар үшін біржолғы әлеуметтік көмекке аудандық бюджеттен 79,3 мың теңгеден, Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне байланысты республикалық және облыстық бюджеттен  әрқайсысына барлығы  329,3 мың теңгеден берілді.

Өткен жылы «Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына сәйкес  «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығына» 42 мүгедек, 24 зейнеткер демалуға жіберілді. 287 мүгедекке 12,2 млн. теңгенің гигиеналық құралдары,  281 мүгедекке протезді – ортопедиялық, жүріп – тұру құралдары,  сурдотехникалық құралдар,    тифлотехникалық құралдар алынып берілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы «Денсаулық» шипажайына 45 мүгедекке, Көкшетау қаласындағы «Жасыл орман» шипажайына 20 мүгедек жолдама берілді.

2015 жылы «Жұмыспен қамту  2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 56,7 млн. теңге қаралып, бірқатар жұмыстар жүргізілді.

    Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында 2015 жылы бюджеттен бөлінген 116,3 млн. теңгеге 4 ауылдық клубка (Бекарыстан би, Қ.Пірімов, Өркендеу, Қожабақы) күрделі жөндеу жүргізіліп,  22 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағытымен «кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» аясында 2015 жылы республикалық бюджеттен 38 адамға 95,0 млн.теңге қаржы несиеге берілді.

    Бағдарламаның үшінші бағыты арқылы «жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»  аясында 2009 – 2015 жылдар аралығында 1325 адам оқу курстарын аяқтап, одан 1077 адам тұрақты  жұмысқа (81,3 пайыз) орналасты. 36 адам әлеуметтік жұмыс орнына,   68 адам жастар практикасына жіберіліп,  89 пайызға орындалды. 144 адам жұмыссыз, оның ішінде: 82 адам белгілі себептермен жұмысқа бармайтындығы туралы қол хат берді және 62 адамды жұмысқа орналастыруға жұмыстар жүргізілуде.

  2014-2015 оқу жылында кәсіби даярлауға қабылданған  100 адамның 93-і оқуын аяқтап, барлығы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2015 жылы 28 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберуге 5,9 млн. теңге қаралып, 26 мекемемен келісім шарт жасалды. 37 адам жастар тәжірибесіне жіберілді. Жалақы мөлшері 1 айға бір адамға 35676 теңге (18 АЕК). 

Аудан орталығынан  10 пайыздық үлеспен салынған 35 тұрғын үйге  20 отбасы,  77 адам (оның ішінде: 2014 жылы 2 отбасы, 8 адам) қоныстандырылды.

    2016 жылы  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақысын субсидиялауға 12,8 млн. теңге бөлінуі жоспарланды. Бір айға орташа жалақы 61000 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 21350 теңге.



Сондай-ақ, 2016 жылға 100 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберуге 22,9  млн. теңге бөлінуі жоспарланды. Жалақы мөлшері  1 айға бір адамға  38178 теңге (18 АЕК).                   

Білім беру. Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2013 жылы 4981 млн. теңге,  2014 жылға 5513 млн. теңге, 2015 жылға 5848,9 млн. теңге қаралса, 2016 жылға 7165,1 млн. теңге қаралып отыр.

2014 – 2015 оқу жылында мектеп бітірген 756 оқушының  466-ы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 61,6.       Орташа балл 82,2 құрап, көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 7,0 баллға жоғары болды. Тестілеу қорытындысымен 12 оқушы «2» алса, 12 оқушы шекті 50-ден төмен балл жинады.

2015-2016 оқу жылына аудандық бюджеттен бөлінген 62,4 млн. теңгеге 2-11 сыныптар үшін 82285 дана кітап алынып, оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылды.

Аудандық бюджеттен 7,8 млн. теңге қаралып, 3 мектепке (№234, 146, 182) автокөлік сатып алынды.

2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымдары бағдарламасына сәйкес  109 мұғалім, оның ішінде 68-і ІІІ деңгей, 13-і ІІ деңгей, 28-і I деңгей бойынша дәріс алды.

2015 жылы аудандық бюджеттен 86,2 млн.теңге бөлініп 1-2 сынып оқушылары  және 78,8 млн.теңге бөлініп тұрмысы төмен отбасы балалары ыстық тамақпен қамтылды.



2016 жылы аудандық бюджеттен тұрмысы төмен отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 106,2 млн.теңге қаралды.

Мектепке дейінгі тәрбие. Аудан бойынша 27 балабақша (19 мемлекеттік, 8 жеке), 32 шағын орталық, барлығы 59 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 3-6 жастағы балалардың 96 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен, 5-6 жастағы 1972 баланың 100 пайызы мектеп алды даярлықпен қамтылған.

2015 жылы «Аида», «Мирас», «Дарын» жеке балабақшалары жекеменшік- мемлекеттік әріптестік негізінде ашылып, жұмыс жасауда. Жанқожа батыр ауылынан  апаттық жағдайдағы №24 «Жауқазын» балабақшасының орнына 90 орынға арналған жаңа балабақша құрылысы салынып, 30 орынға 2 топ қосымша қосылды. Сонымен қатар, Аранды аулындағы №97 мектеп жанынан 20 орынға, Сарыбұлақ ауылындағы №78 мектеп жанынан 20 орынға арналған, барлығы 40 орынға арналған шағын орталықтар ашылды.



2016 жылы Әйтеке би кентіндегі "Балдырған" балабақшасы ғимаратының  шатырын  ауыстыруға аудандық бюджеттен 9,7 млн.теңге, Түктібаев ауылындағы "Жайна" балабақшасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 11,5 млн.теңге қаралды.

Жазғы демалысты ұйымдастыру. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бағытында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл көлемінде тиісті жұмыстар атқарылды.

Аудан бойынша 1-10 сынып аралығында 13266 оқушы болса,   99,2% пайызы жазғы демалыспен қамтылды.  2015 жылдың жаз мезгілінде аудандағы «Шағала» лагеріне 5 ауысымда 714 бала демалып, онда тұрақты түрде 13 үйірме жұмыс жасады.

Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 30 әмбебап жасанды жасыл алаң, 2 стадион, 1 спорт кешені жұмыс жасады. Онда 27 спорт нұсқаушысы спорттық шараларды ұйымдастырады. Жазғы уақытта  түрлі спорттық шаралармен 3000 жуық  бала қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы. Ауданда амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы, оның құрамындағы аудандық емхана, 2 ауылдық емхана, 3 ауылдық аурухана, 17 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік бекет, 15 медициналық бекет және аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері, «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ филиалы «Қазалы темір жол ауруханасы»,  «Ақкербез» ЖШС  тіс емханасы  медициналық қызмет көрсетеді.

2015 жылы аудандағы денсаулық сақтау ұйымдарына республикалық және облыстық бюджеттерден  2 млрд. 923 млн. теңге  (2014 жылға 1 млрд. 783 млн. теңге) қаралып, игерілді. Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында 4,9 млн. теңгеге ананың құрсағындағы нәрестенің жүрек соғысын тыңдайтын аппарат, 253,8 мың теңгеге Бозкөл дәрігерлік амбулаториясына МКМФ-02 микроколориметр аппараты, 844,8 мың теңгеге қалалық құрылымдық бөлімшеге стоматологиялық кресло  және жыныстық жұқпалы ауруларды анықтайтын ИФА «ТЕГАМ» аппараты алынды.

         Жедел жәрдем стансасында 5 бригада аудан халқына жедел медициналық көмек көрсетуде.

Өткен  жылдан бастап ауданаралық жылжымалы медициналық комплекс шалғай елді мекендерде медициналық көмек жүргізіп келеді.

2015 жылдың  11 айында  1669 туылым (2014 ж 1736), 420 өлім тіркелген (2014 ж 400).

Ауданда сәбилер шетінеуінің көрсеткіштерінде төмендеу тенденциясы бар. 2015 жылдың 11 айында сәбилер шетінеуінің көрсеткіші 15–8,9 болды (2014 ж 17–9,8). Сәбилер шетінеуін төмендету мақсатында іс – шаралар жоспары қабылданып, патронаж жұмыстары  күшейтілуде.

2015 жылы жалпы халықтың 44,0%-ын (33419 адам) скринингтік тексерумен қамту жоспарланды.  11 айда 3721 науқас анықталып, 1985 науқас диспансерлік есепке алынды. Профилактикалық флюробайқаудан өтуге тиісті халықтың 90,9 пайызы тексеруден өтті (2014ж 11 айда-81,5).

Мәдениет. Ауданда халық шығармашылығын дамытып, ұлттық өнерімізді насихаттауда халыққа мәдени қызмет көрсететін  мәдениет Үйлері мен клубтар жетерлік. Дегенмен, қазіргі таңда олардың басым бөлігі бүгінгі заман талабына сай келмейді. 4 ауылдық клуб апаттық жағдайдағы нысандар тізіміне енгізілген болса, 2 мәдениет нысаны күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан, аудандағы барлық мәдениет ошақтарын рет-ретімен салу, оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

2015 жылы мәдениет Үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен бөлінген 34,7 млн. теңгеге аудандық мәдениет Орталығына жылжымалы сахна, жарық беру аппаратура, «LED» экран, музыкалық аспаптар алынды. Сонымен қатар, Жалаңтөс батыр клубына музыкалық аппаратура, Бекарыстан би, Қожабақы мәдениет Үйлері мен Өркендеу, Қ.Пірімов ауылдық клубтарына театр креслолары мен сахналық киімдер, Тасарық, Бірлік ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне үстелдер мен орындықтар алынды.

 «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бойынша республикалық және аудандық бюджеттен 112,2 млн. теңге бөлініп, Бекарыстан би, Қожабақы мәдениет Үйлері мен Өркендеу, Қ.Пірімов ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай елді-мекенінен 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2016 жылы республикалық және аудандық бюджеттен 40,1 млн. теңге қаралып, Ақтан батыр ауылдық клубының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

2016 жылы Әйтеке би кенттік клубына, Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйіне музыкалық аппаратура сатып алуға аудандық бюджеттен 3,5 млн.теңгеден, Жанқожа батыр, Қожабақы ауылдық мәдениет Үйлеріне, Өркендеу ауылдық клубына 2 млн. теңгеден, Аранды, Пірімов, Көларық, Сарбұлақ, Шәкен ауылдық клубына  1 млн.теңгеден, барлығы 18 млн. теңге қаралды.

Тарихи-мәдени ескерткіштер. Ауданда 5 республикалық дәрежедегі, 60 жергілікті санаттағы және 24 алдын-ала есепке алынған, барлығы   89 ескерткіш бар. 87 ескерткішке қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары жасалды.

2015 жылы «Жеңіс» саябағындағы аудандық мәдениет Орталығының алаңына КСРО халық әртісі Р.Бағлановаға бюст орнатылды.



2016 жылы аудандық бюджеттен аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экспонат (табиғат залын безендіруге киік, қасқыр, түлкі, бүркіт, қабан, қырғауыл және кесірткенің қатырылған тұлыптарын (муляж)) жасау жұмыстарына 2,6 млн.теңге бөлінді.

Спорт. 2015 жылы тұрақты түрде спортпен шұғылданушылардың саны 19084 адамға жетіп, 24 пайызды құрады.

Өткен жылы спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау мен облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге 15,4 млн. теңге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге 5,7 млн. теңге, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға 88,2 млн. теңге бөлініп, 280 спорттық жарыс өткізілді.  

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында Қазалы қаласы, Әйтеке би кентіне, және ауылдық округтерде мұз айдындары жасалды. Қысқы спорттық құрал– жабдықтар алынып, шаңғыдан және қысқы эстафеталық аудандық жарыстар өткізілді.

Аудан бойынша шахмат, қол добы, батпан көтеру және қол күрес федерациялары ашылып, өз жұмыстарын бастады.

Жыл бойы жетістіктер көрсеткіші бойынша аудан 1 Азия чемпионы, 1 Азия чемпионатының қола жүлдегері, 4 спорт шебері нормативін орындады. Халықаралық республикалық, облыстық жарыстарға қатысқан аудан спортшылары 37 алтын, 47 күміс пен 49 қола медальға қол жеткізді.

2016 жылы спорт саласына аудандық бюджеттен  137,6 млн. теңге, Жалаңтөс бахадүр атындағы стадионның ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 22,1 млн. теңге бөлінді.

Жастар саясаты. Аудан халқының 20716-ы немесе 27,2 пайызы жастар. Аудан жастарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуы мен оларға патриотизм мен парасаттылық нормалары негізінде тәрбие беру, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімшесі, жастар Парламенті депутаттары, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасауда.  

2015 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен 9,5 млн. теңге, 2016 жылға 10,7 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ауданда  жастар саясатын жүзеге асыру, оларға әлеуметтік қолдау көрсету, патриоттық тәрбие беру бағытында жыл көлемінде 150 шара өткізілді.

Аудан бойынша жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Жас кәсіпкер», «Жас кәсіпкерлер мүмкіндігі», «Шағын бизнестегі бухгалтерлік есеп»  тақырыбында лекциялар, дөңгелек үстелдер, жас кәсіпкерлер форумдары өткізілді. 2014 жылы тіркелген жас кәсіпкерлер саны 401 болса, 2015 жыл бұл көрсеткіш 37 жасқа көбейіп, қазіргі таңда 438 жас кәсіпкерді құрап отыр.

 «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауданда «Жасыл ел» жасағына 100 жас тіркеліп, аудан орталығында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Әйтеке би кентінде қоғамдық негізде 5 аула клубтары («Жалын», «Сұлутам», «Мелиратор», «Жеңіс», «Сәтбаев») жұмыстарын жүргізуде. Әр топта 30 баладан 150 жас спорттың 5 түрімен (футбол, баскетбол, волейбол, шахмат) шұғылдануда.

         Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс. Аудан бойынша есепке алынған 18 қоғамдық бірлестіктің 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары жұмыс атқарады. 2015 жылы үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға  аудандық бюджеттен  16,1 млн. теңге бөлінді.

Түрлі бағытта мәдени көпшілік іс-шаралар, байқаулар, сайыстар, акциялар өткізілді.

2016 жылы бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 7,2 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Діни бірлестіктермен жұмыс. Ауданда  діни ахуал тұрақты. Мешіт имамдарының басым бөлігі діни арнаулы оқу орындарын оқыған.

2015 жыл көлемінде түрлі бағытта 100-ден астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде, 3 конференция, 2 форум, 12 спорттық шара, 5 діни білімді жетілдіру мақсатында байқау, 74 кездесу жиындары және бірнеше адрестік профилактика ұйымдастырылды. Сонымен бірге, мешіт намазхандары арасында спорттың қашықтыққа жүгіру, футбол, қол күрес, қазақша күрес, веложарыс секілді жарыстар ұйымдастырылды. 

 2016 жылы діни ақпараттық шаралар өткен жылға қарағанда қарқын алады деп күтілуде. Себебі, 2016 жылдан бастап аудандық ішкі саясат бөліміне діни ахуалмен жұмыс жасайтын арнайы бір штат бірлігі қарастырылды. Сонымен қатар, «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 2016 жылға 3,0 млн. теңге қаралып отыр. 

Қоғамдық тәртіп. Аудан бойынша 2015 жылы 724 қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128 қылмысқа көбейіп отыр. Ауыр және аса ауыр санатындағы қылмыстар 43-тен 36-ға (16,7 пайызға) төмендесе, онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар 551-ден 625-ке (13,4 пайызға) жоғарылаған.

Оның ішінде алаяқтық қылмысы 35,1 пайызға, тонау қылмысы 11,8 пайызға, зорлау 28,6 пайызға төмендегенмен, ұрлық деректері 14,3 пайызға, еcірткі қылмысы 280,0 пайызға, бұзақылық қылмысы 50,8 пайызға, қасақана ауыр дене жарақатын салу 350,0 пайызға өсім алып отыр.

Жыл көлемінде заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын орындарға жадынамалар ілініп, мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық жұмыстарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары, ерікті жасақшылар мен сақшы сарбаздар тартылды. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, орын алған құқық бұзушылықты анықтауда патрульдік-бекеттік нарядтар жұмыс атқарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жауаптылығын арттыру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Комиссияның отырысы тоқсан сайын өткізіліп, онда мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалып отыр.

2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның орындалуы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы», «Жергілікті атқарушы органдардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жағдайы туралы», «Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мәселелері туралы», «Аудан бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөніндегі атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы» және «Ауданның қаржы саласында жемқорлықты болдырмау, мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар және оның алдын-алу шаралары туралы», «Үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижелері туралы» мәселелер қаралып, жыл бойы қабылданған шаралардан қорытынды шығарылып, шешімдер қабылданды.

Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары «Нұр Отан» партиясының белсене қатысуымен жүзеге асырылуда. «Нұр Отан» партиясының  аудандық филиалы, аудандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып,  ауыл тұрғындармен кездесулер және қоғамдық қабылдаулар өткізілді. 

Қазалы ауданы әкімімен әр айдың сәрсенбісінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдауы өткізіп, аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныс-тілектерін тыңдап, тиісті мекеме басшыларына заң аясында шешу жолдарын қарау тапсырылса, әр айдың бірінші онкүндігінде аудандық құқық қорғау органдарының басшыларымен аудан әкімі қабылдау өткізіп, тиісті салалары бойынша заңдылықтың сақталуы, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қылмыстың алдын алу мәселелері бірлесе талқыланып отыр.

Тұрғын үй учаскелері үшін жер телімдерін бөлуде және жерге орналастыру кезінде жемқорлыққа жол бермеу басты назарда ұсталып, бұл бағытта жұмыс жасайтын қызметкерлердің жұмысы бақылауға алынды. Бұл шаралар өз кезегінде есепке алу кезінде және кезектілік принциптерінің сақталуына  кепілдік береді. Сондай-ақ, жер телімдерін бөлу және тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған азаматтардың тізілімі аудан әкімдігінің веб-сайтында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отыр.

2015 жылы жемқорлық тұрғыдағы заң бұзушылық жасағаны үшін 7 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. 2 лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның біреуіне қатысты айыптау үкімі қабылданса, 1 қызметкерге қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздермен қысқартылды.

Жалпы, жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың көбі мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу салдарынан орын алып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу саласындағы процестерді бақылау күшейтіліп, бұл саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға қосымша шаралар қабылданатын болады.

Кадр туралы. Аудандағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны бүгінгі күнге 193 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде: «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны – 1, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны - 192. Бос лауазымдар саны 21 (10,8%).

Жыл көлемінде түрлі себептермен ауданның жергілікті атқарушы органдарында 23 мемлекеттік қызметші немесе жалпы штат санының 11,9 пайызы жұмыстан босаған. Оның ішінде, басқа мемлекеттік органдарға ауысуына байланысты – 4 қызметші, өз тілегі бойынша – 13, денсаулығына байланысты – 1, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты – 5 қызметші жұмыстан босатылды.

2015 жылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілген конкурстар нәтижесімен 21 азамат мемлекеттік қызметке орналасса, кадр резервінен  5 үміткер мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1457 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережесіне» сәйкес 2015 жылы Қызылорда облыстық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығынан жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған 22 қызметкер қайта даярлау курсынан өтсе, 43 қызметкер біліктілігін арттыру курсына қатыстырылды.



Өткен жылы жұмыс барысында жіберген кемшіліктері және лауазымдық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін 24 мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданылды.

Жалпы алғанда атқарылған жұмыстардың барлығы Елбасы Жолдауларынан бастау алатын міндеттер мен мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың нәтижелері. Еліміз әлемнің дамыған отыз елінің қатарынан көріну үшін ауызбірлікте еңбек етуіміз қажет. Сондықтан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында  жұмыстар жүргізіле беретін болады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет