Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция
шолу дәрістерінің сабақтары алты бӛліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бӛліктері:
1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасн тексеру; 3) мұғалімнің дәрісі; 4) үйге
тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы. Жазбаша
бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамдық сабақтарының алты
бӛлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу; 2) ӛздігінен істейтін жұмыстарға мұғалім түсінік
беру; 3) оқушылардың тәжірибелер жүргізудің жоспарын, қажетті реактивтер мен
жабықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын әзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау және есеп
жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру және ӛткізу.
Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі және құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы
талаптар белгіленеді:
1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттарын
нақтылы
айқындау;
2. Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай бағдарлама және оқушыларға
сәйкес таңдап, химия ғылымының соңғы
жаңалықтарымен толықтыру;
3. Сабақта ӛтілетін оқу материалын ӛмірмен, ӛндіріспен, қоғамдық құрылыстың
сарамандығымен тығыз ұштастыру және кәсіптік бағдар
беретін деректерді енгізу;
4. Сабақтың
тәрбиелік
әсерін
арттыру.Оқушыларда
ғылыи
кӛзқарас
қалыптасуына қоғамдық ӛз орнын табу, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа адамгершілік
қасиетердің орнығуына жәрдемдеседі;
5. Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру,
ақыл ойын дамыту;
6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
7. Сабақтың әр бӛлігін тиімді ӛткізетін әдістерді таңдап алу, олардың
дидактикалық, мақсаттарғв және оқу материалының мазмұнына сй келетін қамтамасыз
ету;
8. Оқушылардың ӛзігінен істейтін жұмыстарының үлесін артыру. Оқушылардың
жаппай , топтық және жеке істейтін жұмыстрының ара-қанынасын дәл анықтап тиімді
ұйымдастыру;
9. Сабақтың құрылымын дұрыс аңдап, әр бӛліктерінің арасындағы байланысты
негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты
ұтымды пайдалану;
10. Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру,
тапсырмасын барынша ыңғайлату,
жұмысбасттылықты болдырмау;
11. Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
САБАҚТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ. Химия сабақтары
байандаудың хабарлама, кӛрнекті кӛрсету, безедіру әдістерімен ӛткізілгенде, зертханалық
және сарамандық тәжірибелер нақылы нұсқаулар бойынша жасалғанда химия есептер
бірінғай жаттанды тәсілмен шығарылғанда, жаттығулар білімді қайта жаңғырту
мақсатымен жүргізілгенде оқушылардың еліктеу –қайталау таным әрекеті жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: