Химия
зертханаларында мольдік концентрациясы кӛрсетілген ерітінділер
пайдаланылады. Сондықтан соңғы бағдарламада мольдік ерітінділермен таныстыру
кӛзделген. Мольдік концентрация (С) ерітіндінің бір литрінде еріген моль ( ) санымен
кӛрсетіледі:
моль/л
V
C
Осы формула бойынша оқушылар еритін заттың массасын есептеп шығарады, мысалы:
калий хлоридінің концентрациясы 0,25 моль 500 мл ерітіндісін әзірлеңдер.
Ш е ш у і. а) калий хлоридінің мольдік массасын табамыз
М(КCl) =39 + 35,5 = 74,5 г/моль
ә) m(КCl) =М =74,5 г/моль 0,25 моль =18,6
б) 1 л 18,6 г, 0,5 л –де екі есе аз 18,6:2=9,3
Ж а у а б ы. 0,25 моль 500 мл ерітінді әзірлеу үшін 9,3 калий хлоридін алу керек.
Ерітінді ұғымы – зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым.
Заттардың кӛпшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Ӛнеркәсіпте, табиғатта және
күнделікті тұрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді білу кӛптеген
заттардың (сілтілер, қышқылдар, оксидтер, тұздар) қасиеттерін терең түсінуге, алмасу
және тотығу-тотықсыздану реакцияларының мәнін айқындауға, химиялық реакциялардың
қайтымдылығы және химиялық тепе-теңдік жӛнінде білімді дамытуға жәрдемдеседі.
ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ОРТА МЕКТЕП КУРСЫНДАҒЫ ОРНЫ
Достарыңызбен бөлісу: