қосылысының құрамы және қасиеттері; ғ) қосылыстарындағы валенттілігі; д) халық
шаруашылығындағы маңызы.
Осы жоспарға сәйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар түзетін
маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздер туралы білім
беріледі. Бұл білім элементтерді оқып-үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.
Екінші кезеңде ӛзара ӛте ұқсас химиялық элементтердің үш тобы – галогендер,
сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге
нақтылы әзірлік жасалады.
Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін
ұштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған
химиялық элементтер арасындағы кӛлбеу, тік және қиғаш байланыстардың мәнін түсінеді.
Периодтық заң және периодтық жүйе ӛтілгеннен кейін элементтерді және олардың
қосылыстарын оқып үйренудің жоспары ӛзгереді.
1. Элементтің периодтық жүйедегі орнын сипаттау: химиялық таңбасы,
салыстырмалы атомдық массасы, рет нӛмірі, периоды, тобы және топшасы.
2. Атомының құрылысы: сызбанұсқа сызу, атом құрылысының электрондық және
графикалық формулаларын жазу. Элемент атомының тотығу дәрежелерін анықтау.
3. Элементтің ашылу тарихы.
4. Элемент түзетін жай затының құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы,
табиғатта кездесуі.
5. Элемент түзетін химиялық қосылыстардың құрамы, түрлері, қасиеттері,
қолданылуы.
6. Элементтің табиғатта таралуы.
Бұл жоспар элементтерді топшалары бойынша оқып үйренгенде қолданылады.
ГАЛОГЕНДЕР ТОПШАСЫН ОҚЫП-ҤЙРЕНУ. Галогендер топшасын оқып
үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден галогендердің табиғи тобы периодтық заң және
периодтық жүйені ӛтер алдында қарастырылып, физикалық және химиялық
қасиеттеріндегі, маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары
және айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының қасиеттері
және тұздары оқушыларға белгілі.
Екінші ерекшелігі – бұл периодтық заңдылық пен заттың құрылысы теорияларының
негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы.
Достарыңызбен бөлісу: