АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет98/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

         ОҚУШЫЛАРДЫ  ПЕРИОДТЫҚ  ЗАҢДЫ  ОҚЫП-ҤЙРЕНУГЕ  ӘЗІРЛЕУ.  Алғашқы 
сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзе-ге асқаны, элементтерді 
металдар  және  бейметалдар  деп  жіктеудің  жеткілік-сіздігі,  олардың  арасында  айқын 
шекара жоғын кӛрсететін амфотерлі элементтер бар екені жӛнінде түсінік беріледі. 
         Металдар  мен  бейметалдардың  химиялық  қасиеттерін  талқылағанда  генетикалық 
байланыс сызбанұсқасы еске түсіріліп, реакция теңдеулері жазылады: 
                    1                        2                     3 
а) кальций     кальций    кальций     кальций 
                          оксиді         гидроксиді    хлориді 
                 1                              2                   3 
ә) күкірт     күкірт(IV)     күкіртті    кальций  
                       оксиді               қышқыл      сульфиті 
Оксидтер  мен  гидроксидтердің  сипаты  талданады.  Талдау  кезінде  нағыз  металдар 
түзетін  қосылыстардың  негіздік,  нағыз  бейметалдар  түзетін  қосылыстардың  қышқылдық 
сипаты барына назар аударылады. 
ПЕРИОДТЫҚ  ЗАҢДЫ  ОҚУДЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.  Периодтық  заңды  қорытып 
шығару  үшін  атомдық  массалары  1-ден  40-қа  дейінгі  химиялық  элементтердің 
карточкаларымен  ӛздігінен  жұмыс  ұйымдастырылады.  Элементтерді  атомдық 
массаларынның  ӛсуі  бойынша  қасиеттері  ұқсас  элементтер  бірінің  астына  екіншісі 
келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі. 
Карточкалармен  жұмыс  істегенде  оқушылар  литийден  неонға,  натрийден  аргонға 
дейінгі  элементтердің  атомдық  массаларының  артуына  қарай:  а)  оттегі  бойынша 
валенттіліктерінің  ӛсуін;  ә)  сутегі  бойынша  валенттіліктерінің  кемуін;  б)  жай  заттар 
қасиеттерінің  ӛзгеруін;  в)  оксидтері  сипатының  ӛзгеруін;  г)  гидроксидтері  сипатының 
ӛзгеруін салыстырады. 
         АТОМ ҚҦРЫЛЫСЫН ОҚЫТУ. Атом термині «атомос» - грек тілінің сӛзі, қазақшаға 
аударғанда «бӛлшектенбейді» деген ұғымды білдіреді. 
         Атомның бӛлшектенетіні туралы алғашқы эксперименттік мәліметтер ХІХ-ғасырдың 
соңында  алынды.  Оларға  жататындар:  катод  сәулелерінің,  рентген  сәулелерінің  және 
радиоактивтіліктің  ашылуы.  Бұларды  зерттеу  атомның  бейтарап,  оң  және  теріс 
зарядталған бӛлшектерден тұратынын кӛрсетеді. Осыған орай оқушыларға альфа бӛлшек, 
протон,  нейтрон,  электрон,  позитрон  туралы  түсінік  беріледі.  Олардың  массалары, 
зарядтары толық және қысқа белгілеулері кесте түрінде жазылады. 
         Атомның құрылысы күрделі екені анықталған соң оның құрамына кіретін бӛлшектер 
қалай орналасқан деген сұрақ туады. 
ПЕРИОДТЫҚ  ЗАҢДЫ  АТОМ  ҚҦРЫЛЫСЫ  ТҦРҒЫСЫНАН  ТҤСІНДІРУ. 
Периодтық  жүйе  –  периодтық  заңның  графикалық  бейнесі,  ол  жеті  период,  сегіз  топтан 
тұрады. Периодтар үлкен және кіші, топтар негізгі және қосымша топшаларға жіктеледі. 
Элементтер қасиеттерінің периодты түрде ӛзгеруінің себебін түсіну үшін оқушылар ядро 
заряды  мен  сыртқы  энергетикалық  деңгейдегі  электрон  саны  арасындағы  тәуелділікті 
кӛрсететін диаграмма сызады. Кӛлбеу бағытта ядро зарядының ӛсуі, тік бағытта электрон 
саны  кӛрсетіледі.  Сонда  екінші  және  үшінші  период  элементтерінде  сыртқы  деңгейдегі 
электрон саны бірден сегізге дейін ӛсетіні байқалады. 
         ХИМИЯЛЫҚ 
БАЙЛАНЫС  ЖӘНЕ  ЗАТТЫҢ  ҚҦРЫЛЫМЫ  ТЕОРИЯЛАРЫ 
ТҦРҒЫСЫНАН  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ПЕРИОДТЫҚ  ЗАҢ  ТУРАЛЫ  БІЛІМІН  ҚОРЫТУ
Периодтық  заң  химиялық  элементтердің,  олардан  түзілетін  жай  және  күрделі  заттар 
қасиеттерінің  ӛзгеру  заңдылықтарын  түсіндіреді.  Әдетте,  атом  құрылысы,  молекула 


құрылысы,  заттың  құрылысы  ұғымдарының  арасына  айқын  шек  қойылмай  жалпылама 
айтылатындықтан, бұл саладағы оқушылардың білімі кӛмескі болып келеді. 
Атом химиялық бӛлінбейтін бӛлшек, ол химиялық реакциялар кезінде сақталатыны 
жӛніндегі  түсінік  химияның  алғашқы  тақырыбында  қалып-тасады.  Осыдан  оқушыда 
химиялық әрекеттесуде атом ӛзгермейді деген ұғым тумауы керек. Атом ӛзгереді, бірақ ол 
ӛзгеріс атомның ядросын қамты-майды, электрондар арқылы жүзеге асады. Электрондар 
атомдарды  бірікті-ретін  химиялық  байланыстар  түзеді,  соның  нәтижесінде  молекула 
немесе мо-лекуласыз құрылысты қосылыстар түзіледі. 
Химиялық байланыстарды түзуге атомдардың қай электрондары қаты-сады? Мұны 
молекулалық орбиталдар және валенттік байланыс теориялары түсіндіреді. Молекулалық 
орбиталдар теориясы бойынша химиялық байла-ныстарды түзуге атомның энергетикалық 
деңгейлеріндегі  барлық  электрон-дар  қатысады,  атомдық  орбиталдардан  молекулалық 
орбиталдар пайда бола-ды. Бұл теория мектеп курсында қарастырылмайды. Орта мектепте 
оқылатын валенттік байланыс теориясы химиялық байланыстарды түзуге атомның сыртқы 
деңгейлерінде орналасқан валенттік электрондары ғана қатысады деп есептейді. Байланыс 
түзген атомның қасиеттері бос күйіндегі атомнан басқа-ша болып келеді, ӛйткені элктрон 
бұлттарының пішіні, кеңістікте орналасуы, тығыздығы, т.б. ӛзгереді. 
№ 14 дәріс. Ерітінділер және электролиттік диссоциация негіздерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет