жӛнінде алғашқы ұғым беріледі. 2. Металдар мен қышқылдар арасындағы реакциялар
қалай жүреді, оларды қай типке жатқызуға болады? Оқушылардың орынбасу реакциясы
жӛніндегі ұғымы кеңейеді.
Тәжірибелер кезіндегі бақылаулардан: а) қышқылдың құрамына сутегі және
қышқыл қалдығы кіретіні, оның валенттілігі; ә) химиялық қасиеттері және реакция
ӛнімдері жӛнінде сызбанұсқаға сәйкес ұғымдар қалыптасады.
9-сызбанұсқа
Қышқыл + металл
Құрамы
Формуласы
Аталуы
+Me
m
O
n
Анықтамасы
Оқушылар білуге тиісті қышқылдардың аты, формуласы, қышқыл қалдықтарының
валенттіліктері тұздардың номенклатурасы, олардың форму-ласын құру алгоритмі кесте
түрінде жазылады.
Негіздерді үйренуге оқушылар едәуір зор дайындықпен кіріседі. Негіздер жӛнінде
алғашқы ұғым судың активті металдармен реакциясының механизмін талдау арқылы
беріледі:
Н
2
О+Ме Ме(ОН)
n
+Н
2
Натрий, кальций және калий гидроксидтерінің қасиеттерімен таныс-тыратын
оқулықпен жұмыс, зертханалық эксперимент, әңгімелесу ӛткізіледі. Содан соң ерімейтін
негіздің қасиеттерімен танысады. Алынған мәліметтер кесте түрінде жазылады: 1) аты,
формуласы; 2) күйі; 3) түсі; 4) суда ерігіш-тігі; 5) индикаторға әсері; 6) қышқылдармен
әрекеттесуі; 7) қышқылдық ок-сидтермен әрекеттесуі; 8) қыздырудың әсері. Соның
нәтижесінде негіздердің бәріне ортақ қасиеті – қышқылдармен әрекеттесетіні жӛнінде
қорытындыға келеді.
Оқушылар тұздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекет-тестіріп сутек
алғанда танысады. Мұнда да ұғымды анықтаудың белгісі – құрамы. Тұздар металл
атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқу-шылар еритін және ерімейтін, орта
және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар
оксидтерінің сілтілермен әрекеттесуін және бейтараптану реакциясын ӛткенде тұздар
алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды.
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЛАСТАРЫ ЖӚНІНДЕГІ
БІЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. Бұл тақырыптың міндеттері: 1) оксидтердің, негіздердің,
қышқылдардың және тұздардың құрамы жӛніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы
мен аталуының және қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін
түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын
жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану. Содан соң мына
сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады:
- Кальций оксиді мен кӛміртегі (ІV) оксидінің құрамында қандай ұқсастығы мен
айырмашылығы бар?
- Қышқылдар мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
- Негіздер мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
Тұз
Әңгімелесуден кейін оқушылардың ӛздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады.
Заттарды кластарға бӛлу, заттың қай класқа жататынын дәлелдеу (эксперимент есебі),
құрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады,
мысалы:
1. Тӛменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп, кесте түрінде
жазыңдар:
Н
3
РО
4
, Fe, CaSO
4
, KOH, Cu, Ca
3
(PO
3
)
2
, Cu(OH)
2
, Fe
2
O
3
, S, KNO
3
, Al
2
O
3
, Fe(OH)
3
, HNO
3
,
Ca(OH)
2
, SO
2
, NaCl, MgO, P
2
O
5
, O
2
,CuO, Zn(OH)
2
Оксидтер
Негіздер
Қышқылдар
Тұздар
2) кӛрсетілген заттарды атаңдар: CuSO
4
, KOH, SiO
2
3) аталған заттардың формулаларын жазыңдар: темір (ІІІ) хлориді, күкіртті қышқыл, азот
(V) оксиді, алюминий гидроксиді, т.б.
Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық
жұмыс жасалады. Оқушылар кремний (IV) және кӛміртегі (IV) оксидтерінің суға, кальций
гидроксидінің ерітіндісіне, мыс (ІІ) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт
қышқылына қатынасын зерттейді. Соның нәтижесінде: 1) қышқылдық оксидтердің
сілтімен; 2) негіздік оксид-тердің қышқылмен әрекеттесуі жалпы қасиеттері екені, бұл
қасиет оларға анықтама беру үшін пайдаланылатыны жӛнінде қорытынды жасалады. Суға
қатысы туралы тәжірибеден алынатын мәліметтер: 3) кӛміртегі (IV) оксиді және кальций
оксиді суда ериді, бір жағдайда қышқыл, екінші жағдайда сілті түзеді; 4) кремний (IV)
оксиді және мыс (ІІ) оксиді суда ерімейді. Оксидтердің бәрі сумен әрекеттеспейді, бұл
олардың айрықша қасиеттеріне жатады.
Сабақ соңында қосылыстардың бір класынан екінші класына ауысуына арналған
жаттығулар орындалады.
NaOH Н
3
РО
4
Na
2
O
Р
2
О
5
NaNO
3
Na
3
РО
4
Зертханалық жұмыстар жасау және бақылағандарын жинақтау реакция теңдеулерін
жазу арқылы оқушылар айтылған қорытындыларға келеді, нәтижесін мынадай сызбанұсқа
түрінде жазады:
10-сызбанұсқа. Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Сызбанұсқаның әр бӛлігіне сәйкес реакция теңдеулерін жазатын жат-тығулар
орындалады.
Қышқылдар
Еритін
Ерімейтін
Индикаторлар
Металдар
Негіздік оксидтер
Ерімейтін
негіздер
Еритін негіздер
Негіздер туралы оқушылардың алған білімін бір жүйеге келтіру үшін әңгімелесу
ӛткізеді.
Еритін негіздердің (сілтілердің) қасиетте-рін зерттейтін зертханалық тәжірибелер
жасалады: 1) сілтінің индикаторлар-ға әсері; 2) фенолфталеинмен боялған сілтіге
қышқылдың әсері; 3) сілтінің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі.
Ерімейтін негіздердің қасиеттерін мұғалім тәжірибе жасап кӛрсетеді. Құрғақ мыс (ІІ)
гидроксидіне су және фенолфталеин қосқанда түсі ӛзгер-мейді. Күкірт қышқылын
құйғанда ұнтақ еріп кӛгілдір ерітінді түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: