Металдар
Химиялық
реакцияның теңдеуі
Реакция ӛнімі
Сілтілік
металдар,
кальций,
барий
Магний,
алюминий,
мырыш,
темір,
марганец,
хром,
никель, қорғасын
Мыс, күміс,
алтын
Ме + НОН Ме(ОН)
n
+Н
2
Ме + Н
2
О Ме + nО
2-
+ Н
2
Сумен әрекеттеспейді
Н, Ме(ОН)
Н, Ме +nО
2-
Металдардың химиялық қасиеттері дедукциялық тәсілмен ӛтіледі: а) металдардың
бейметалдармен әрекеттесуі; ә) металдардың сумен әрекеттесуі; б) металдардың
қышқылдармен әрекеттесуі; в) металдардың тұздармен әрекеттесуі. Әр қасиетті
нақтылайтын зертханалық және кӛрнекі кӛрсететін (зерттеу әдісімен) тәжірибелер
қойылады; реакцияның жүру жағдайларына назар аударылады.
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ТОПШАЛАРДЫҢ МЕТАЛДАРЫН ОҚЫТУ. Химиялық
элементтерді оқып-үйрену жоспары және жалпы қасиеттері оқушыларға таныс
болғандықтан, негізгі және қосымша топшалардың металдары мәселелі әдіспен және
оқушылардың ӛздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқытылады.
Алғашқы сабақтарда оқушылар сілтілік металдардың негізгі сипаттамаларын еске
түсіріп, активтілігін салыстырады. Бейметалдармен, сумен және қышқылдармен тотығу
реакцияларының теңдеулерін жазады. Сілтілік металдардың ашылу тарихы, табиғаттағы
қосылыстары, алынуы және қолданылуы туралы хабарлама жасайды.
Екінші негізгі топша элементтерінің атом құрылысы бірінші негізгі топшаның
металдарымен салыстырып, қасиеттеріндегі ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
Түзетін жай заттарының, оксидтерінің, гидроксидтерінің және тұздарының химиялық
формулалары жазылып, қасиеттері сипатталады. Берилийдің қосылыстарынан басқалары
нағыз металдың және негіздердің қасиеттерін білдіретіні тәжірибе жүзінде дәлелденеді.
Тотығу-тотықсыздану және алмасу реакцияларының теңдеулері электрондық және
иондық тұрғыдан талқыланады.
Судың кермектілігі кальций және магний катиондарының, сульфат және
гидрокарбонат аниондарының болуымен байланысты. Магний және кальций
гидрокарбонаттары бар судың кермектілігі карбонатты немесе уақытша кермектілік деп
аталады және қыздырғанда жойылады:
Са(НСО
3
)
2
= СаСО
3
+ Н
2
О +СО
2
Бейкарбонатты немесе тұрақты кермектілік суда кальций, магний сульфаттырының және
басқа тұздарының әсерінен болады,қыздырғанда олар жойылмайды. Уақытша және
тұрақты кермектілікті кӛбінесе, химиялық жолмен жояды:
Са(НСО
3
)
2
+ Са(ОН)
2
= СаСО
3
+ Н
2
О
СаSО
4
+ Nа
2
СО
3
= СаСО
3
+ Nа
2
SО
4
Судың кермектілігін білудің және жоюдың тұрмыстағы және ӛнеркәсіптегі маңызы
айтылады. Кермек суда сабын кӛпіршімейді, бу қазандарының түбіне және қабырғасына
қақ тұрады, олардың бүлінуіне әкеліп соқтырады.
Үшінші негізгі топшадан алюминий және оның қосылыстары толық ӛтіледі.
Оқылып ӛткен екі негізгі топшаның металдарымен салыстырғанда айрықша – амфотерлі
қасиеттерінің болатынына, сілтілермен реакциясына назар аударылады:
2Al + 2NaOH + 2Н
2
О=2NaAlO
2
+ 3H
2
Кейінірек, бұл реакция комплек түзу тұрғысынан түсіндіріледі. Нәтижесінде натрийдің
тетрагидроксоалюминаты – Na[Al(ОН)
4
] түзіліп, сутегі бӛлінеді.
Қосымша топшалардың элементтерінен, жаңа бағдарлама бойынша темір
қарастырылады. Темірді мысалға алып, қосымша топшалардағы металдар атомдары
құрылысының ерекшеліктері толығырақ талданады. Бұлардың сыртқы қабаттарындағы
электрон сандары екіден аспайды, жай заттарда металдық кристалл торларын түзеді. ІV
период
d–элементтерінің электрондарымен толу сызбанұсқасы сызылады.
Темір атомында электрондардың орналасу ретіне қарап, оқушылар оның тотығу
дәрежелері жӛнінде жорамал жасайды:
+26 Fe 2ē, 8 ē, 14 ē, 2 ē
Жорамалды ӛздеріне белгілі темірдің тотығу дәрежелерімен салыстырады. Әлсіз
тотықтырғыштармен (мысалы, күкіртпен) +2, ал күшті тотықтырғыштармен (мысалы,
хлормен) +3-ке дейін тотығатыны еске түсіріледі:
Fe +S= Fe S – темір (ІІ) сульфиді
2Fe + 3Cl
2
= 2FeCl
3
– темір (ІІІ) хлориді
Темірдің сутегімен, (қыздыру арқылы) су буымен және ауадағы оттегімен +2 және +3
дәрежелеріне дейін тотығу реакцияларының теңдеулері жазылады. Екі қатар оттекті
қосылыстар түзетіні, +2 тотығу дәрежесінде негіздік, +3 тотығу дәрежесінде амфотерлі
қасиет кӛрсететіні тәжірибелер арқылы нақтыланады:
FeО Fe(ОН)
2
Fe
2
О
3
Fe(ОН)
3
Қара ақ қызыл
қоңыр қоңыр
Негіздік қасиет
амфотерлі қасиет
Fe(ОН)
3
+ NaOH= Na[Fe(ОН)
4
] натрий тетрагидроксоферраты. Бұдан соң темірдің
табиғаттағы қосылыстары, кездесетін жерлері, алынуы және темір қосылыстары мен
құймаларының қолданылуы жӛнінде түсінік беріледі.
Соңында металдар тақырыбы бойынша эксперимент есептері шығарылады.
№ 16 дәріс.
Органикалық заттардың қҧрылысын оқыту әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: