АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет102/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

         1-тапсырма.  Галогендердің  салыстырмалы  сипаттамаларын  мына  үлгі  бойынша 
кесте түрінде жазыңда: 1) электртерістілігінің кемуі бойынша химиялық таңбалары (F, Cl, 
Br,  I);  2)  салыстырмалы  атомдық  массалары;  3)  атом  құрылысының  электрондық  және 
графикалық 
формулалары; 
4) 
атом 
құрылысындағы: 
а) 
ұқсастықтары; 
ә) 
айырмашылықтары;  5)  жай  заттарының  электрондық  формулалары  және  химиялық 
байланыстарының түрі; 6) кристалл торларының түрі; 7) агрегаттық күйі. 
         2-тапсырма. Галогендердің сутекті қосылыстарын сипаттайтын кесте толтырыңдар: 
1) химиялық формуласы; 2) электрондық  формуласы; 3) химиялық байланыстың түрі; 4) 
тұрақтылығы; 5) кристалл торының түрі. Кесте толтыруға қажетті мәліметтерді оқушылар 
оқулықты  ӛздігінен  оқу  арқылы  іздеп  табады.  Әңгімелесу  арқылы  жұмыстың 
қорытындысын шығарғанда химиялық байланыс түзетін электрон бұлттарының пішініне, 
түзілу  сызбанұсқасын  сыздыруға,  байланыстың  сипатына,  фторсутегінен  иодсутегіне 
қарай тұрақтылығының кему себебіне назар аударылады. 
ОТТЕГІ,  АЗОТ  ЖӘНЕ  КӚМІРТЕГІ  ТОПШАЛАРЫН  ОҚЫП  ҤЙРЕНУ.  Оттегі 
топшасы  жаңа  бағдарлама  бойынша  электролиттік  диссоциациялану  тақырыбынан  кейін 
ӛтіледі. Оқу-тәрбиелік мақсаттары: 
1)  периодтық  заң  және  периодтық  жүйе,  химиялық  байланыс,  заттың  құрылысы 
және иондық теория жӛніндегі теориялық білімді баянды ету және қолдана білуге үйрету; 
2) пәнаралық байланысты жүзеге асыру, оттегі және күкірт қосылыстарының табиғаттағы 
және  халық  шаруашылығындағы  маңызын  кӛрсету;  3)  галогендер  топшасының 


элементтерімен  салыстыру  арқылы  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  табу;  4)  химиялық 
қосылыстардң  және  құбылыстардың  мәнін,  себеп-салдарын  байланыстырып,  ішкі 
қайшылықтарын түсіндіру, ғылыми кӛзқарас қалыптастыру. 
         
Азот  топшасы  бойынша  топты,  топшаны  және  жеке  элементті  сипаттау,  ӛтілген 
топшаның  элементтерімен  салыстырып,  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  анықтау 
жӛніндегі  оқушылардың  білімі  мен  білігі  нығаяды.  Периодтық  заң  және  жүйе,  заттың 
құрылысы  және  химиялық  байланыс  туралы  білім  дамиды,  жаңадан  донор-акцепторлы 
байланыс жайында ұғым қалыптасады. 
Аммиак оттегінде жанып, бос күйіндегі азотқа, ал катализатор қатысында азот (ІІ) 
оксидіне  дейін  тотығады.  Азот  (ІІ)  оксиді  ауадағы  оттегімен  азот  (ІV)  оксидіне  дейін 
тотығып,  сумен  әрекеттескенде  азот  қышқылына  айналады.  Азот  қышқылы 
тотықсызданғанда  бұған  керісінше  әрекет  жүзеге  асады.  Азот  қышқылы  тотықтырғыш 
қасиет  кӛрсеткенде  ӛзінен  кейінгі  тотығу  дәрежелеріндегі  алты  ӛнімнің  бәрін  беруі 
мүмкін. Солардың ішінде ең кӛп мӛлшерде түзілетіндері: NO және NO
2

 
Бұл  арада  тотықсыздану  ӛнімдері  металдардың  активтілігіне  және  қышқылдың 
концентрациясына тәуелді екенін айтып, мыналарды атоп ӛткен жӛн: 1) сұйылтылған азот 
қышқылы сілтілік жер металдармен және мырышпен, темірмен әрекеттескенде аммиакқа 
дейін  тотықсызданады;  2)  сұйылтылған  азот  қышқылы  активсіз  ауыр  металдармен 
әрекеттескенде азот (ІІ) оксиді түзіледі; 3) концентрлі азот қышқылы сілтілік және сілтілік 
жер  металдармен  әрекеттескенде  азот  (І)  оксиді  бӛлінеді;  4)  концентрлі  азот  қышқылы 
ауыр  металдармен  азот  (ІV)  оксидін  түзеді;  5)  концентрлі  азот  қышқылы  темір,  хром, 
алюминий,  алтын,  платина,  тантал  металдарына  әсер  етпейді.  Бұл  заңдылықтарды  білу 
азот  қышқылының  металдармен  әрекеттесу  реакцияларының  электрондық  баланс 
теңдеулерін сауатты жазуға жәрдемдеседі.  
         Фосфор  атомының  құрылысы,  түзетін  жай  заттары,  сутегі  және  оттегімен 
қосылыстары, оксиді мен қышқылдары, орта және қышқыл тұздары азотпен салыстырып 
қарастырылады.  Фосфор  қышқылының  сатылап  диссоциациялануына,  соған  сәйкес 
түзетін  тұздарының  ерігіштігіне  және  маңызына  назар  аударылады.  Фосфор  және  азот 
тыңайтқыштарының  құрамы,  қоректік  заттары,  тиімділігі,  қолданылу  тәсілдері  жӛнінде 
ұғым қалыптастырылады. 
 
К  ӛ  м  і  р  т  е  г  і    т  о  п  ш  а  с  ы.  Бұл  топшаның  элементтері:  атом  құрылысының 
электрондық  және  графикалық  формулалары,  тотығу  дәрежелері,  жай  заттарының 
құрылысы,  оксидтерінің  формулалары,  қышқылдарының  формулалары,  сутекті 
қосылыстарының  формулалары  бойынша  талданады.  Осының  алдындағы  топшаның 
элементтерімен  салыстырылады.  Кӛміртегі  түзетін  жай  заттарының  құрылысы  мен 
қасиеттері  модельдер  және  кестелер  арқылы  нақтыланады.  Алмаз  бен  графиттің 
қасиеттеріндегі айырмашылықтардың себептері ашылады. 
         Кӛміртегі  мен  кремний  қосылыстарының  сан  алуандығы,  табиғаттағы  және 
организмдер тіршілігіндегі мәнімен танысады. Бұл элемент атомдарының ӛзара химиялық 
байланыстар түзу ерекшелігін түсінеді, олардың кеңістіктегі бағытталуы туралы кӛзқарас 
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет