АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»


Теорияның  сарамандыққа  байланыстылығы



Pdf көрінісі
бет54/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

         Теорияның  сарамандыққа  байланыстылығы.  Бұл  –  оқушылардың  ғылым 
негіздерінен  алған  білімін  ӛмірмен,  қоғамдық  құрылыс  сарамандығымен  ұштастыру 
арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. 
      Оқу  пәні  ретінде  химияның  мазмұнына  деректі  материалдар,  жетекші  теориялар  мен 
заңдар, ӛңдірістік материалдар енгізіледі. 
Химия курсының мазмұнын тандағанда жане толықтырғанда білімнің жүйелі  түрде 
орналасуы  ескеріледі.  Оқу  материалының  ішінен  ең  іргелі  білім  мен  біліктері  іріктеп, 
жетекші  идяның  тӛңірігіне  топтастырады,  олардың  ішкі  мәнін  жалпы  заңдылықтарды 
қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.  
      Демек,  теория  мен  деректі  тәжірибелік  білімнің  арақатынасын  тиімді  анықтау-аса 
маңызды  методикалық міндеттердің бірі. 
Ұғымдарды  дамыту  негіздері.  Химия  ғылымының  даму  барысында  теориялық 
деңгейінің кӛтерілуіне байланысты негізгі ұғымдарының  мағынасы кеңейіп,  тереңдейді. 
Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау  
міндет  емес.  Дегенмен,    оқушылардың  әзірлігін,  жас  ерекшелігін  ескеріп,  ұғымның  
мағынасын    біртіндеп  ашып  дамытуға    тура  келеді.  Мәселен,  зат  туралы  ұғым    мына 
сызбанұсқаға  сәкес    дамытылады;    физикалық    дене→  зат→  элементтік  құрамы→ 
элементар бӛлшектер→ иондық құрамы→ материяның бір түрі. 
Сызбанұсқаға  қарағанда    зат  туралы  алғашқы  ұғым  тәжірибе  жүзінде  бірнеше 
физикалық  денелердің  ортақ    белгілерінтабы  арқылы  қалыптасады  (1).  Бұдан  соң  атом 
молекулалық теорияның (2), электрондық  теорияның (3), электролиттік  диссоциациялану 
теориясының (4), жалпы материалистік кӛзқарастың (5) тұрғысынан дамиды. 
Қиыншылықты  бӛлу  негізі.  Бұл  негіз  химия  курсының  мазмұнын  анықтауда  әр  қилы 
шешім  тапты.  Мұндағы  негізгі  мәселе  –  оқушылардың  таным  әрекетінің  мүмкіндігін 
ескеріп,  деректі  материалдардың,  теориялардың  және  химиялық  ұғымдардың  орнын 
тиімді анықтау. 
Қиыншылықты  бӛле  білу  негізі  ұғымдарды  дамытуға  тығыз  байланысты.  Негізгі 
химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстың әр жерінде ӛтіліп дамытылады. 
Политехнизм  негізі.  Бұл  негізді  жүзеге  асыру  үшін  химия  курсының  мазмұнына 
енгізілетін  материалдар:  1)  алдыңғы  қатардағы  химия  ӛндірістерінің  және  негізіне 
химиялық  әрекеттер  жататын  кейбір  ӛндіріс  орындарының  шикізаттары,  ӛнімдері, 
технологиялық  барысы,  қажет  болған  жағдайда  қондырғылары  мен  аппаратары;  2) 
ӛндірістің  жалпы  және  химияға  тән    ғылыми  негіздері;  3)  халық  шаруашылығын  
химияландырудың  негізгі  бағыттары,  басқа  ӛндірістірмен  байланысы,  ауыр 
индустриядағы  алатын  орны;  4)  химия  ӛнеркәсібінің  дамуы,  қазіргі  жайы,  ӛркендеу 
перспективалары;  5)  химия  ӛндірістеріні  экологиялық  мәселелерін  шешудегі  мәні;  6) 
кәсіптік бағдар беретін материалдар. 
Тарихи  негіз.  Бұл  негізді  жүзеге  асыру  дегеніміз  -    химия  ғылымын  дамыту 
бағытында  кӛрсету,  оның  ӛткені,  бүгінгісі  және  болашағы  туралы  оқушыларды  пікір 
қалыптастыру.  Тарихи  негіз  екі  бағытта  жүзеге  асады..  біріншісі  орта  мектептегі  химия 
курсының  мазмұны  мен  құрылысын  анықтағанда  ғылымның  тарихи  даму  логикасын 
ескеру,  екіншісі  –  химия  элементтердің  заттардың,  химия  ғылымының  дамуына  елеулі 
үлес қосқан ғалымдардың ӛмірі мен еңбектерінен мәлімет беру. 
Бірінші  бағыттың  негізінде  теориялық  кӛзқарастардың  орналасу  реті  анықталды. 
Мұнда  оқушыларды  ғылым  тарихындағы  адасулар  мен  қателіктерге  соқтырмай,  тура 
жолмен алып жүру мақсаты кӛзделді. 
Екінші  бағыт  брйынша  оқу  материалының  мазмұнына  кіретіндер:  1)  кең  таралған  және 
толық түрде ӛтілетін элементтердің, мысалы, оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жӛнінде 
мағлұматтар  беру;  2)  атом-молекулалық  ілімінің  негізін  қалаған  М.В.  Ломоносов,  Дж. 


Дальтон  еңбектерімен  қысқаша  таныстыру;  3)  масса  сақталу  заңының    ашылуына 
байланысты  М.В.Ломоносов  және  А.  Лавуазье  тәжірибелерін  сипаттау;  кӛрнекті 
ғалымдардың  ғалымдардың  ғылымға  келу  жолын,  қиыншылықтарды  жеңу  үстіндегі 
табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен кӛрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет