Сызбанұсқадан барлық басқа ұғымдардың атом ұғымына байланысты, мысалға
алынған атомдардың, элементтердің және олардың жай заттарының таңбалары, аталуы,
кейбір сандық кӛрсеткіштерінің бірдей екені кӛрініп тұр.
Мұны болдырмау үшін мұғалім әр жағдайдағы химиялық таңбаның мағынасын
жете түсініп, оқушыларға жеткізе білуі керек. Химиялық символдың мағынасындағы
сапалық және сандық сипаттамаларын келтірілген кестеден айқын кӛре аламыз.
10-кесте.
Химиялық таңбаның сандық мәндері
Шындық деңгейі
Ұғымдар деңгейі
Белгісі
1. Бір түрдің
барлық атомы
Химиялық элемент. Мысалы:
күкірт,
темір
S, Fe
2. 6.02 10
23
Атом
Атомның молі
Күкірт
темір
S
Fe
3.
Бір атом
Күкірт
Темір
S
Fe
«Химиялық элемент» деңгейінде символ (S, Fe) жалпы ұғымды белгілейді, оның
мағынасы бір түрге жататын барлық атомдарды қамтиды. «Атомдардың молі» деңгейінде
ұғымның кӛлемі кішірейіп, Авогадро санына 6.02 10
23
тең атомдарды таңбалайды. Жеке
атом деңгейінде нақтылы ұғымды белгілеп жалқы есімге айналады. Үш жағдайда да
химиялық символ шынайы кездесетін атомдарды белгілейді.
Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру осы кездегі үстем әдістемелік
кӛзқарастың тұрғысынан қарастырылды. Бұл кӛзқарас бойынша ең басты тірек ұғым – зат,
қалғандары (заттың қасиеттері, заттың құрамы, заттың құрылысы, заттың химиялық
реакциясы) оған қарағанда туынды ұғымдар болып табылады.
№ 5 дәріс.
Химиялық тіл – химияны оқытудағы таным қҧралы
Достарыңызбен бөлісу: