АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет56/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

Жоспар
1. Химияның алғашқы ұғымдарын екі жүйе бойынша жіктеу:  а) зат ұғымдарының жүйесі;  
ә) химиялық реакция ұғымдары. 
2. Химия пәнімен таныстырғанда пәнаралық байланыстың ролі. 
3. Таза зат және қоспа ұғымдары. 
4. Заттардың қасиеттерімен танысуға арналған зертханалық жұмыс. 
5. Заттың ӛзгерістері, химиялық реакция ұғымына анықтама. 
6.  Атом,  химиялық  элемент,  жай  зат  және  күрделі  зат  ұғымдары  арасындағы  ӛзара 
байланыс, оларды анықтаудағы әдістемелік тәсілдер. 
7. Мольға байланысты ұғымдардың басқа ұғымдармен байланысы. 
8. Алғашқы ұғымдардың қалыптасуындағы атом – молекулалық ілімнің жетекші ролі.  
 
ЗАТТАРДЫҢ  ӚЗГЕРІСТЕРІ  МЕН  ҚҦРЫЛЫСЫ  ТУРАЛЫ  АЛҒАШҚЫ  ҦҒЫМНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ.  Оқушылар  «заттардың  ӛзгерістері»,  «құбылыс»,  «физикалық  және 
химиялық  құбылыс»,  «айналу»  терминдерімен  белгіленетін  жалпы  ұғымдардың  ара 
қатынасын  түсіну  арқылы  химиялық  реакция  ұғымына  келеді.  Мұнда  анықтаусыз 
енгізілетін ұғым - ӛзгеріс арқылы құбылыс туралы түсінік беріледі. Заттардың кез келген 
ӛзгерістері  құбылыс  деп  аталады,  ол  екі  түрлі:  физикалық  құбылыстар  және  химиялық 
құбылыстар. 
Бір  заттардан  екінші  жаңа  заттар  түзілетін  ӛзгерістер  химиялық  құбылыстар 
делінеді, оларды химиялық реакциялар деп атайды. 
Химияның  алғашқы  сабақтарында  физикалық  және  химиялық  құбылыстардың 
эмпирикалық  ұғымдары  қалыптасады.  Ол  үшін  бірнеше  кӛрнекі  кӛрсетілетін  және 
зертханалық  тәжірибелер  жасалады.  Әсіресе,  бір  затпен  жасалатын  әр  түрлі  тәжірибелер 
кӛрнекі нәтиже береді. Мысалы, шақпақ қантты кәрден келіге салып түйгенде ұнтақталып 
пішінін  жояды,  суда  еріткенде  сұйық  күйге  айналып,  түсі  жойылады,  бірақ  дәмі 
сақталады.  Бұл  екеуі  –  физикалық  құбылыстар.  Қанттың  ұнтағын  сынауыққа  салып 
қыздырса  балқиды  және  түсі  ӛзгереді  –  бұл  да  физикалық  құбылыстар.  Одан  әрі  қатты 
қыздырғанда  қант  кӛмірленеді  және  су  буы  бӛлінеді.  Кӛмір  мен  су  –  жаңа  заттар,  бұл 
ӛзгеріс химиялық құбылыстарға жатады. 
Шынының  және  парафиннің  балқуы,  мыс  пластинкасын  шамның  жалынында 
қыздыру,  сутегі  пероксидін  айырудың  зертханалық  тәжірибелерін  оқушылар  ӛздері 
жүргізеді, бақылау барысын кесте түрінде жазып, жаңа заттар түзілгені немесе түзілмегені 
жӛнінде  қорытынды  жасайды,  физикалық  және  химиялық  құбылыстарға  анықтама 
беріледі. 
Бұл тақырыпта химиялық реакциялардың басталуы және жүру жағдайлары, сыртқы 
белгілері,  механизмі,  заттардың  реакция  кезіндегі  масса  қатынастары,  химиялық  теңдеу, 
реакцияның типтері туралы алғашқы ұғымдар жүйесі қалыптасады. 
        Оқушылар  химиялық  реакциялардың  жүргенін  сыртқы  белгілеріне  қарап  біледі, 
оларға жататындар: тұнбаның түзілуі және еруі, газдың түзілуі мен сіңірілуі, түстің пайда 
болуы немесе ӛзгеруі, жылу мен жарықтың бӛлінуі және сіңірілуі. 
        Химиялық  реакциялар  заттардың  кӛзге  кӛрінбейтін  ұсақ  бӛлшектерінің  арасында 
жүреді. Реакцияның механизмі осы бӛлшектердің ӛзгерісін ескеретін атом – молекулалық 
теория тұрғысынан түсіндіріледі және химиялық теңдеулер арқылы ӛрнектеледі. 
Тақырыптың соңында химиялық реакциялардың типтері ӛтіледі. Жіктеудің негізіне 
бастапқы және реакциядан шыққан заттардың саны және құрамы алынады. Жалпы түрде 
алғанда  ұғымдардың  анықтамасы  n  заттан  1  зат  (қосылу  реакциясы),  1  заттан  n  зат 
(айрылу  реакциясы),  2  заттан  2  зат  (орынбасу  реакциясы)  сызбанұсқаларына  сәйкес 
келеді.  Қосылу  реакциясы  туралы  ұғым  қалыптастыру  үшін  күкірт  пен  темірдің 
әрекеттесуі  кӛрсетіліп  талқыланады.  Айрылу  реакциясымен  таныстыру  үшін  судың 


электролизі  еске  түсіріледі,  малахиттың  айрылу  реакциясының  зертханалық  тәжірибесі 
жасалады.  Орынбасу  реакциясын  нақтылау  үшін  темір  мен  тотияйынның  арасындағы 
реакция кӛрсетіледі. 
        Химиялық  құбылыстар  кезінде  оқушылар  реакцияға  кіріскен  бастапқы  заттардың 
және  реакциядан  шыққан  ӛнімдердің  қасиеттерін  тікелей  бақылайды.  Бастапқы  заттар 
жаңа  заттарға  қалай  айналады?  Бұл  таныстыру  әдістемелік  жағынан  екі  түрлі  шешімін 
табады. 
        Біріншісі  –  химия  ғылымының  даму  қисынына  және  эксперименттік  мәліметтерге 
сәйкес алдымен эквивалент ұғымынан атомдық масса ұғымына, содан соң атомның ӛзіне 
кӛшу арқылы жүзеге асырылды: эквиваленттік масса  - атомдық масса – атом. Бұл орта 
мектепке арналған алғашқы оқу құралдарында ғана пайдаланылды. 
 
Екіншісі  –  химияның  тұрақты  оқулықтарында  ұдайы  қолданылып  келеді.  Заттар 
молекулалардан,  молекула  атомдардан  тұрады  дейтін  кӛзқа-расқа  сәйкес:  айрылу 
реакциясы  –  молекула  –  атом  сызбанұсқасы  бойынша  түсіндіріледі.  Мектеп 
сарамандығында  айрылу  реакциясының  мысалы  ретінде  судың  электр  тогы  әсерінен 
айрылу тәжірибесі пайдаланылды. 
Арнайы немесе қолдан жасалған құралда судың электролизі кӛрнекі кӛрсетіледі. Тәжірибе 
кезінде  оқушыларға  алынған  зат  су  және  құралдың  екі  түтігінде  жиналған  газдар  ғана 
кӛрінеді.  Газ  түтіктің  біреуіне  екіншісіне  қарағанда  екі  есе  артық  жиналады.  Тәжірибені 
оқушылардың қатысуымен талқылау арқылы бірнеше қорытынды жасалады. 
1.  Су  кӛзге  кӛрінбейтін  кішкене  бӛлшектерден  –  молекулалардан  тұрады,  әр 
молекуласының құрамына екі атом сутегі және бір атом оттек кіреді. Түсінік нақты болу 
үшін су молекуласының әр түрлі модельдерін және суретін кӛрсетеді. 
2.  Электр  тогының  әсерінен  су  молекулалары  атомдарға  ыдырайды.  Мұны  да 
модельдер  арқылы  немесе  тақтаға  сызып  кӛрсетеді.  Әр  молекуладан  екі  атом  сутегі,  бір 
атом оттегі босап шығады. 
3.  Екі  сутегінің  атомы  бірігіп  молекула  түзеді,  оттегінің  атомы  судың  келесі 
молекуласынан бӛлінген оттек атомымен қосылып молекула құрайды. Соның нәтижесінде 
судың екі молекуласынан бір молекула оттегі және екі молекула сутегі газ күйінде бӛлініп 
шығады, сондықтан оның кӛлемі оттегіне қарағанда екі есе артық болып шығады. Сутегі 
және оттегі молекулаларының түзілуі модельдер арқылы кӛрсетіледі. 
4.  Жалпы қорытынды: химиялық реакциялар кезінде молекулалар бҧзылады, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет