3) сандық-сапалық мәліметтерді қолданып, химиялық теңдеулерді әр түрлі есептеулер
жасау үшін пайдалану.
Химиялық теңдеудің бірнеше түрі бар:
1. Құрылымдық теңдеу.
2. Иондық теңдеу.
3. Электрондық теңдеу.
4. Құрылымды - электрондық теңдеу.
5. Термохимиялық теңдеулер.
ХИМИЯ ТІЛІ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ОҚУ ТАНЫМЫНЫҢ ҚҦРАЛЫ. Химия тілі тек
заттардың реакцияға түсуін түсіндірудің құралы ғана болып қоймай, ол оқушының
қоршаған дүниені тануына негіз болатын басты құрал. Себебі химия – бүкіл
жаратылыстану ілімдерінің арасында зат пен заттың, зат пен құбылыстың ара қатынасын
ұғындыратын, оларға байланысты заңдылықтар жайында білім беретін бірден-бір пән.
Химияны дұрыс ұғыну үшін, алдымен оқушыда қоршаған дүние, оның заттары
жайында таным қалыптасады. Таным қажеттілік арқылы жүзеге асады, дені сау әр
адамда таным қажеттігі бар. Ӛзінің тіршілік және рухани қажеттігін ӛтеу үшін оқушы
дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол ӛзі қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне
қызығады. Кейіннен бұл нәрсе оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғаушы күші – мотивке
айналуы мүмкін. Таным – адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам ӛзін
қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге кӛшіп отырады. Ол затты, құбылысты
танығаннан кейін, енді таныс емес жақтарын білуге ұмтылады.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен
айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. "Таным ...
практикалық қызмет барысында іске асады ".
Химиялық терминология, номенклатура және символика химияның ӛзіндік ғылыми
тілін құрайды. Ғылыми білім және ғылыми тіл бірлігі, ғылым дамуында оның тілін
жетілдірумен тығыз байланысты.
№ 6 дәріс.
Химияны оқыту әдістері
Достарыңызбен бөлісу: